464
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
бәсекелестер барынша аз жұмыс мөлшерін талап ететін басшы үшін қызмет
ете алады. Әлсіз билік желілерінде қызметтен шығарылудың түрлі жолдары
бар. Қызметті алға жылжыту үшін жиырма бәсекелес және тек екі ғана бас-
тық бар деп есептейік. Бұл бастықтың шығарылуынан гөрі, бәсекелестердің
шығары луына көбірек қауіп төндіреді. Демек, теория бойынша, шығарылу
қаупі аз ла уазымдардың (бастықтар) шығарылу қаупі жоғары (бәсекелестер)
лауазым дарға қарағанда жұмыста қалу мүмкіндігі пропорционалды түрде
жоғары болады.
Желілік өңдеу мен айырбас теориясының ең үлкен артықшылығының бірі –
агенттікке деген кең мағынадағы көзқарас. Желілік өңдеу әдетте агенттікті тө-
мендетеді және осы құрылымның құрамын сипаттауға көңіл бөледі. Айырбас
теориясының рационалды өз мүддесіне бағытталған агенттік моделі бар, бірақ
бұл модель келіссөздерде өз ұстанымдарын жақсарту, құрылымды өзгерту үшін
агенттердің қабілетін ескермейді. Лейк (1992) желілік айырбас теориясын ак-
торлардың «желілік байланыстарды стратегиялық амал-айламен басқаруды»
зерттеу үшін қолданды. Бұл қызметте бәсекелестер секілді төмен билікті ұс-
та нымдар өз жағдайларын жоғарылату мақсатында алға жылжудың басқа көз-
дерін іздеуі мүмкін, алайда «жоғары билікті акторлар тәуелділерді өздерінен
оқшаулағанды дұрыс көреді» (Leik, 1992:316).
Желілік айырбас теориясының тағы бір екі мағыналы сипаттамасын атап
өткен жөн: бұл – оның зертханалық тәжірибелерге бейімдігі. Көптеген теория-
лар зертханалық жағдайларда тәжірибелер арқылы сынақтан өтеді. Әрине, ба-
қы ланатын жағдайда теорияларды тестілеу өте тиімді әрі әлеуметтануда сирек
кездесетін жағдай, бұл үлкен кедергі болып та саналады. Дегенмен сәйкес ке-
летін сипаттамаларды бөліп көрсету үшін зертханалық жағдайлар тым жасан-
ды болды. Егер субъектілерге айырбас тиімділігі туралы білуге рұқсат берілсе,
зертханаларда тіпті теориялардың болжамдары алып таста лады, себебі оған
нормативтік пікірлер араласады (Molm, 2001:264).
Бұл – тәжірибе нәтижелері зертханадан тыс әлеуметтік өзара әрекеттесу-
лерге қолдану кезінде тиянақты түсіндірілуі керек екенін білдіреді. Зертхана-
ның қолдан жасалған жағдайлары жасанды теорияға ықпал етуі мүмкін. Уил-
лер (1999:289) атап өткендей, «зертханалық парадигма ненің зерттеліп, ненің
зерттелмейтінін реттеген кезде теорияның дамуы біржақты болып келеді, ал
зерттеу зертханадан тыс мағынасы жоқ немесе дабыра маңыз дылыққа ие мәсе-
лелерге жұмылдырылады». Мысалы, Уиллердің тал даулары әлсіз билікті желі-
лерге деген қарқынды кызығушылыққа негізделеді: «Ешкім бұл саладағы әлсіз
билік желілерін зерттемеген. Сол себепті де олардың эмпирикалық мағынасы,
тіпті эмпирикалық тіршілігі беймағлұм» (Willer, 1999:290).
Достарыңызбен бөлісу: