Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет336/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   596
Желілік теориясы
Желілік теориясын талдаушылар (Mizruchi, 2005; Wasserman and Faust, 1994; 
Wellman and Berkowitz, [1988] 1997; Harrison White, 1992) өздерін Рональд 
Берт «атомистік» және «нормативті» әлеуметтік ағымдар деп атаған бағыт тар-
дан ерекшелеу үшін бар күштерін салды (Burt, 1982; Granovetter, 1985). Ато -
мистикалық әлеуметтік бағыттар өзге акторлардан гөрі оғаш шешім қабылдай-
тын акторларға назар аударады. Жалпылай алғанда, олар акторлардың «жеке 
атрибуттарына» көңіл бөледі (Wellman, 1983). Атомистикалық ағым акторлар 
арасындағы қарым-қатынасты ескермегені және тым микроскоптығы үшін те-
ріске шығарылды. Барри Уэллман атап өткендей, «жеке дәлелдерді есептеу – 
бұл психологтерге жүктелетін жұмыс» (1983:163). Бұл, әрине, қалай болғанда 
да, мотивтерді терең қарастыратын бірқатар әлеуметтану теорияла рынан бас 
тарту болып саналады.
Желілік теорияшылардың көзқарасына сәйкес, нормативтік бағыттар-
да акторларға қатысты нормалар және құндылықтар интернализацияланып, 
әлеу меттену мәдениеті мен үдерісіне басты назар аударылады. Нормативтік 
бағытта адамдарды біріктіретін нәрсе – жалпы идеялардың жиынтығы. Желі-
лік теорияшылар мұндай ойды жоққа шығарады және қоғам мүшелерін өзара 
байланыстың объективті құрылымына шоғырландыру керек (Mizruchi,1994). 
Уэллман өз ойын былай тұжырымдайды:
«Желілік теориясын талдаушылар жеке адамдар мен ұжымның өздерін 
қалай ұстау керектігі туралы ережелердің заңдылықтарын емес, олардың 
мінез-құлықта рының заңдылығын зерттегісі келеді. Сол себепті де же-
лі лік теорияшылар әлеуметтік мінез-құлықтың нормативті түсінігінен 
алшақ болуға тырысады. Олар әлеуметтік процесті жеке акторлардың 


458
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
және интернализацияланған нор 
малардың жеке анықтауыштарының 
жиын тығы сияқты қарастыратын кез келген түсініктемені құрылымдық 
сипаттан тыс деп жоққа шығарады».
(Wellman, 1983:162)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет