Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет398/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   596
Өмір-әлемін отарлау. Біз 8-тараудың «Сыни теория» бөлімінде Хабермас-
тың неомарксистік теориясы туралы бұрынғы идеяларын талқыладық. Хабер-
мастың бұл тәсілі, тым болмағанда ішінара неомарксистік тәсіл деп санауға


566
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
болады. Ол айтарлықтай дамыды және оны аталған немесе басқа бір қандай 
да бір теориялық категорияның шеңберінде қорыту қиындай түсті. Хабер-
мастың көзқарасын ішінара неомарксистік бағыт ретінде қарастыруға болады 
(McBride, 2000), бірақ ол айтарлықтай кеңеюде және оны аталған немесе басқа 
да теориялық категорияларға сыйдыру қиындай түсуде. Ол соңғы уақытта бел-
ді әлеуметтанушы теорияшылардың, соның ішінде Джордж Герберт Мид, Тол-
котт Парсонс, Альфред Шюц және Эмиль Дюркгеймнің идеяларын талқылап 
жүргендіктен, теориялық шеңбері кеңейіп, әлдеқайда түрлендірілді. Хабер-
мастың инновациялық теорияларының бағытын қандай да бір категорияға қо-
судың қиын дығына қарамастан, біз «Агенттік-құрылымдық интеграциялану» 
тақырыбы аясындағы «Өмір-әлемін отарлау» туралы идеясын талқыға сала-
мыз. Хабермас (1991:251) «парадигмаларды байланыстырумен» айналысаты-
нын түсіндіреді; яғни, ол әрекет теориясы мен жүйелер теориясынан алынған 
идеяларды біріктіріп, агенттік-құрылымға қатысты өзіндік әдісін қалыптасты-
рады. Агенттікті Хабермас өмір-әлемі туралы ойлаған шақта назарға алады. Ең 
алдымен, құрылым, біз көріп отырғандай, өмір-әлемнің «отарлаушы» күші – 
әлеуметтік жүйе туралы Хабермастың идеяларында қарастырылған. Хабермас 
«өмір-әлем», «жүйе» және «отарлау» деп нені айтады? Бұл бөлімде біз аталған 
құбылыстарды және олардың өзара қатынастарын, сондай-ақ Хабермастың ең 
соңғы теориялық зерттеулеріндегі аса маңызды идеяларын қарастырамыз.
Бұл тұжырымдарға көшпес бұрын, Хабермас басты назарды, әлі де ком-
муникативті іс-әрекетке аударып отырғанын нақты айтып өту қажет. Ер-
кін және ашық коммуникация оның теориясының негізгі желісі, сондай-ақ 
оның саяси мақсаты болып көрінеді. Ол Вебердің идеалды типтерімен көбі-
несе ұқсас келетін әдістемелік функцияны атқарады, Хабермасқа моделден 
ауытқуды талдауға мүмкіндік береді: «Шектелмеген және бұрмаланбаған 
дискурстың құрастырылуы заманауи қоғамның дамуына байланысты едәуір 
анықталмаған үрдістерді айқын белгілеп, көрсету үшін фон ретінде қызмет 
ете алады» (Habermas, 1987a:107). Шынында, өмір-әлемін отарлауда бәрінен 
де бұл процестің еркін коммуникацияға теріс әсер етуі қызықтырады.
Хабермас веберлік рационалдандыру процесіне қатысты, әсіресе өмір- 
әлемі мен жүйенің дифференциалды рационалдандыру мәселесіне және 
біріншісінің екіншісін отарлауына осы айырмашылықтың әсер етуіне қы-
зығушылық танытады (for a somewhat counter view, see Bartos, 1996). Ве-
бер қолданған терминде жүйе формалды рационалдық сала, ал өмір-әлемі 
болса, субстанциялық рационалдықтың орны болып саналады. Сәйкесінше, 
өмір-әлемін отарлау деген Вебердің заманауи әлемде формалды рационал-
дық – субстанциялық рационалдықты жеңіп шығып, үстемдік ете бастай-
тыны туралы тезисінің қайталануын білдіреді. Осылайша, Хабермастың 
теориясы кейбір жаңа қызық бағыттарды айқындағанмен, өзінің теориялық 
түп тамырларын, әсіресе маркс истік және веберлік бағдардағы теориялық 
тамырларын сақтайды.
Өмір-әлемі. Бұл ұғым жалпы феноменологиялық әлеуметтанудан және 
дәлірек айтсақ, Альфред Шюцтың теориясынан (Bowring, 1996) шығады. 
Алайда Хабермас Джордж Герберт Мидтің идеялары да өмір-әлемін түсі-
нуге көмектесетін идеялар деген түсінік береді. Хабермастың көзқарасы 
бойынша, өмір-әлемі іштен шыққан көзқарасты білдіреді (ал жүйе болса, 


567
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
байқайтынымыздай, сыртқы көзқарасты білдіреді): «Қоғам әрекет етуші 
субъектінің позициясымен түсіндіріледі» (1987а:117). Басқаша айтқанда, 
тек бір ғана қоғам бар; өмір-әлемі мен жүйе – бұл оны зерттеудің тек әртүр-
лі әдістері ғана.
Хабермас өмір-әлемі мен коммуникативті іс-әрекетті «толықтырушы» 
ұғымдар деп санайды. Нақтырақ айтсақ, коммуникативті іс-әрекетті өмір- 
әлемінің шеңберінде болып жатқан әлдебір құбылыс секілді қарастыруға 
болады:
«Былайша айтқанда, өмір-әлемі сөйлеуші мен тыңдаушы бетпе-бет 
кездесетін, олар өздерінің айтқан сөздері әлемге сәйкес келетініне қа-
тысты өзара қажеттіліктерін айқындайтын... және олар осындай дәл-
дікке деген сұраныстарын саралап, нығайта алатын, сонымен қатар 
өзде рінің келіспеушіліктерін шешіп, келісімге келе алатын трансцен-
дентті орын».
(Habermas, 1987a:126)
Өмір-әлемі – коммуникативті іс-әрекет арқылы «түсіністікке жету про-
цес терінің контексті қалыптастырушы фоны» (Habermas, 1987a:204). Ол 
байланыс өзара тіл табысуы және өзара түсіністік туралы айтылмайтын жо-
рамалдардың кең ауқымын қамтиды.
Хабермас өмір-әлемінің рационалдығын қарастырады, бұл біріншіден, 
өмір-әлеміндегі рационалды коммуникацияның дамуын білдіреді. Оның 
ойынша, өмір-әлемі қаншалықты рационалды болса, өзара әрекеттесудің 
«рационалды өзара түсіністікпен» реттелу ықтималдығы да соншалықты 
жоғары болады. Осындай түсінік немесе келісімге жетудің рационалды тәсі-
лі, ақыр аяғында, нақты дәлелге негізделеді.
Хабермас өмір-әлемінің рационалдығы оның әртүрлі элементтерінің бір-
тіндеп дифференциациялануын білдіреді деп санайды. Өмір-әлемі мәдениет, 
қоғам және тұлғадан (Парсонстың ықпалы мен оның әрекет ету жүйесіне 
назар аударыңыздар) тұрады. Әрбір элемент интерпретация модельдерімен 
немесе мәдениет және оның әрекетке әсері туралы, әлеуметтік қатынастар-
дың тиісті үлгілері (қоғам туралы), адамдар қандай (тұлғалар туралы) және 
олар өздерін қалай ұстағаны жөн деген ой-пікірлермен байланысты. Комму-
никативті әрекетке қатысу және түсіністікке қол жеткізу, аталған позиция-
лардың әрбірінің көзқарасы бойынша, мәдениетті нығайту, қоғам интегра-
циясы мен тұлғаның қалыптасуы арқылы өмір-әлемінің ұдайы жаңғыруына 
жағдай жасайды. Бұл компоненттер көне қоғамда тығыз шиеленіскен болса, 
өмір-әлемінің рационалдануы «мәдениет, қоғам және тұлға арасындағы өсіп 
келе жатқан дифференциацияны» танытады (Habermas, 1987а:288).
Жүйе. Өмір-әлемі әрекет етуші субъектілердің қоғамға қатысты көзқарасын 
көрсетсе, жүйе қоғамды «біреудің сырттай бақылау позициясын» қарас-
тыратын сыртқы көзқарасты білдіреді (Habermas, 1987a:117). Жүйелерді 
талдай келе, біз әрекеттердің өзара байланысына, сондай-ақ әрекеттердің 
функциялық мәні мен олардың жүйені сақтаудағы рөліне көңіл аударамыз. 
Өмір-әлемінің аса маңызды компоненттерінің әрқайсысы (мәдениет, қоғам,


568
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
тұлға) соған сәйкес жүйе элементтеріне ие. Мәдениет ұдайы өндіріс, әлеумет-
тік интеграция және тұлғалық қалыптасу жүйе деңгейінде жүзеге асырылады.
Жүйенің түп тамыры өмір-әлемінде, бірақ ақыр соңында, ол өзінің жеке 
құрылымдық сипаттамаларын, соның ішінде мынадай құрылымдарды жа-
сақтап шығарады: отбасы, сот құрылымы, мемлекет, экономика және тағы 
басқалары. Өзінің дамуына қарай бұл құрылымдар өмір-әлемінен алыстай 
береді. Өмір-әлемі секілді рационалдандыру жүйелік деңгейде бірте-бірте 
болатын дифференциация мен үлкен қиындықты тудырады. Аталған құры-
лымдар әлдеқайда толық қанды құрылымдарға айналады. Олардың билігі 
артқан сайын өмір-әлемін басқару қабілеті жоғарылай бастайды. Олардың 
консенсусқа қол жеткізу процесімен байланысы төмен және өмірде бұл 
процестің пайда болуын шектейді. Басқаша айтқанда, мұндай рационалды 
құрылымдар коммуникация және түсіністік қабілетін арттырудың орнына, 
бұл процестерді сырттай бақылау арқылы қауіп төндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет