696
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Фуко
The Birth of the Clinic («Емханалардың пайда болуы») еңбегінде меди-
циналық дискурс пен оның негізгі құрамдас бөліктеріне ерекше назар аудара
отырып, құрылымдық әдісті қолдануды жалғастырады. Осы еңбегіндеы былай
деп жазады: «Адамдар өз ойларын емес, осы ойларды максималды түрде сипат-
тайтын сезімдері туралы айтады. Олар өздерінің ойларын жүйелейтін пікір-
лерді қалыптастырады, кейін осылайша жаңа дискурстарға қол жеткізе алады
және оларды өзгерту мүмкіндіктерін ашады» (1975:xiv).
«Ессіздік пен өркениетте» медицина гуманитарлық ғылымның маңызды
бастамашысы болды және бұл
– «Емханалардың пайда болуы» еңбегінде кө-
терілген басты тақырыптардың бірі. Фуконың айтуынша, «Адам туралы ғы-
лым... медицинаға негізделген» [1975:36]. ХІХ ғасырға дейін медицина клас-
сикалық ғылым болды, бірақ осы ғасырдан бастап медицина ауруды емдеумен
айналысты, себебі сол кезде үлкен қауымдастықтар арасында эпидемия тарап,
дертке шалдыққандар саны күрт өсті. Медицина салауатты адамдар үшін (про-
филактикалық қамқорлық секілді) кеңейтіліп, сау және науқас, қалыпты және
патологиялық күйді айқындайтын нормативтік позицияны қабылдады. Ол
адамзатқа қатысты осы қалыпты-патологиялық позицияны ұстанатын гума-
нитарлық ғылымдардың қалыптасуының алғышарты болды.
Дегенмен медицинада емханалық құрылым болмады. Тек емханалар ашы-
лып, науқастар төсекте жатып қаралғаннан кейін дами бастады. Мұнда Фуко
негізгі терминді, «көзқарасты»
(gaze) пайдаланады, бұл жағдайда «көзқарас
бір мезгілде білім де, пікір ретінде де қарастырылды» (1975:81). Басқаша айт-
қанда, дәрігерлердің білімі оқыған кітаптарынан емес, өзі көрген жағдайлар-
дың негізінде қалыптаса бастады. Структуралист ретінде Фуко көзге көрін-
бейтін «тілсіз сөз» (1975:68) тілін көрді және ол «тілдің» терең құрылымына
қызығушылық танытты. Науқастарды (немесе бақилықтарды) көру және ұс-
тау (әсіресе мәйіт денесін ашу) мүмкіндіктері маңызды білім көзі болды. Фуко
мәйіт денесін ашу туралы былай жазған: «Өлім шырағы түн түнегін түреді»
(1975:146). Фуко анатомиялық-клиникалық көзқарасты батыс медицинасына
тән «үлкен жетістік» деп санады. Осылайша білімнің эволюциясы болмады, бі-
рақ эпистемиологиялық өзгерістер болды. Дәрігерлер бірдей ойын ойнаудан бас
тартты. Бұл – әртүрлі ережелермен ерекшеленетін ойын. Осы ойында адамдар
(пациенттер) ғылыми білім мен тәжірибенің объектісі болды (субъект ретінде
аурудың орнына). Ал оның структуралистік бағыты тұрғысынан алғанда, ауру
дерттерді топтастырудың, зерттеу нысанының сипаты мен атаулары өзгерді
(Foucault, 1975:54).
Фуко үшін дәрі-дәрмек гуманитарлық ғылымдардың қайта дамуының ал-
ғышарты болып есептелді. «Адам оң білімнің объектісі болып қалыптасуына
ықпал ететін медицинаның гуманитарлық ғылымдар арасында маңыздылы-
ғы тек әдіснамалық емес, сонымен қатар онтологиялық деңгейде мағынаға ие
болуы тиіс» (Фуко, 1975:197). Фуко: «Өлім ескі қасіретті аспанды қалдырып,
адамның лирикалық ядросы болды: оның көрінбейтін ақиқаты, көрінетін құ-
пиясы» (1975:172). Шын мәнінде, Фуко үшін анағұрлым кең өлшем – оның өз
білімінің субъектісі және объектісі ретіндегі индивид, ал медицинадағы өзге-
ріс – тәжірибенің іргелі құрылымдарындағы осы өзгерістерге көрнекі дәлел-
дердің бірі».
Достарыңызбен бөлісу: