Алеуметтану тероиясы indb


I бөлім • Классикалық әлеуметтану теориясы Коммунизм



Pdf көрінісі
бет77/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   596
78
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Коммунизм
Маркс қол диірмен – феодализм қоғамын, ал бу диірмен капитализм қоғамын 
алып келетіні жайлы дәйексөзіндегідей, «өндіріс режиміндегі өзгерістердің бо-
латыны сөзсіз» деп жиі жазды. Егер кімде-кім Маркстің теорияларын қабылда-
маудың негізін таба алмаса, онда Маркстің тарихи материализмін кейбір бол-
жанған үрдістерді анықтауға ұмтылу және осы үрдістерді саяси әрекеттердің не-
ғұрлым тиімді нүктелерін табу үшін қолдану деп түсіндіру керек. Маркс өзінің 
теорияларын Class Struggles in France («Франциядағы таптық күрестер») ([1850] 
1964) және The Eighteenth Brumaire of Louis Bonaparte («Луи Бонапарттың он се-
гізінші брюмері») ([1869] 1963) деп аталатын нақты саяси және эко номикалық 
зерттеулерінде қолданды. Тарихи материализмнің шындықтары оның тарихи 
болжамдарының күмәнсіз болуына байланысты емес, бірақ мате риалдық мұқ-
таждықтарымызды қанағаттандыруға баса назар аудару – тиімді саяси араласу-
дың мүмкіндіктерін ашудың ең жақсы жолы.
Егер Маркстің материалистік көзқарасының мақсаты – саяси әрекеттің ең 
тиімді мүмкіндіктерін болжау болса, кейіннен қандай өзгерістер келесі ең ма-
ңызды кезеңге әкелетіні туралы көзқарасын баяндады. Маркс капитализмнің 
өндірістік күшін дамытқанын, өзі коммунизм деп атаған жаңа өндіріс режиміне 
енуге дайын болғаны деп ойлады.
Оның талдауларының көбі осы жаңа экономикалық формаға алып келетін 
қазіргі кездегі жанжалдарға тоқталды.
Болашақ коммунистік қоғамның өзі үшін қаншалықты маңыздылығына 
қа рамастан, ол осы дүниенің қандай болатынын бейнелеуге таңғаларлық аз 
уақыт жұмсады. Ол «болашақ тағамдар рецептін» жазудан бас тартты (Marx,
T. Ball, 1991:139). Маркс жазған дәуір революция және қоғамның жаңа форма-
лары – коммунизм, социализм, анархия және басқа да қазіргі кезде ұмытылып 
кеткен көптеген формалар туралы әңгімелерге толы болды. Харизматикалық 
саяси көшбасшылар тарихи кезеңде пайда болды және тыңдаушыларды өз сөз-
дерімен еліктіре білді. Алайда Маркс келешектің утопиялық көріністерін бейне-
леуге қарсы болды. Маркс үшін ең маңызды міндет – қазіргі заманғы капиталис-
тік қоғамды сыни талдау. Ол мұндай сын-пікір капитализмді әшкере леуге және 
жаңа социалистік әлемнің пайда болуына жағдай жасауға көмек тесетініне сенді. 
Капитализмді жеңгеннен кейін комму нистік қоғамды құрудың уақыты келеді. 
Жалпы алғанда, Маркс коммунизм саны аз капиталистердің мүдделеріне бағыт-
талған реификацияланған эко но микадан тыс не өндірілетіні туралы шешім қа-
былдауды және оның орнына көпшіліктің қажеттіліктерін ескеретін әлеуметтік 
шешім қабылдау міндетін жүзеге асырады деп сенді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет