Алеуметтану тероиясы indb


Материалдық және материалдық емес әлеуметтік фактілер



Pdf көрінісі
бет85/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   596
Материалдық және материалдық емес әлеуметтік фактілер
Дюркгейм әлеуметтік фактілердің материалдық және материалдық емес екі
түрін анықтады. Архитектураның стильдері, технологияның формалары және 
заңдық кодтары сияқты маңызды материалдық әлеуметтік фактілер түсі нуге 
оңай, себебі олар тікелей бақыланады. Әрине, заңдар – жеке адамдарға тән емес 
және олар үшін мәжбүрлеу. Ең бастысы, бұл материалдық әлеуметтік фак ті-
лер индивидтерге жат және оларды мәжбүрлейтін моральдық күштердің ана-
ғұрлым ауқымды және қуаттырақ аумағын қамтиды. Бұл – материалдық емес 
әлеуметтік фактілер.


91
3-тарау

Эмиль Дюркгейм
Дюркгейм зерттеулерінің басым бөлігі және оның әлеуметтануының өзегі – 
материалдық емес әлеуметтік фактілерді зерттеу. Дюркгейм: «Әлеуметтік са-
наның барлығы бірдей экстернализациялы және материалды бола алмайды», – 
дейді ([1897] 1951:315). Әлеуметтанушылар қазір қандай нормалар мен құнды-
лықтарды немесе, жалпы алғанда, мәдениетті Дюркгеймнің тұс пал дағанындай, 
материалдық емес әлеуметтік фактілер деп атайды (Аlexander, 1988). Бірақ бұл 
идея түйткіл тудырады: нормалар мен құндылықтар сияқты материалдық емес 
әлеуметтік фактілер акторға қалай қатысты болуы мүмкін? Олар акторлардың 
ойларынан басқа қайдан табылуы мүмкін? Егер олар акторлардың санасында 
болса, олар сыртқы ма, әлде ішкі ме?
Дюркгейм материалдық емес әлеуметтік фактілердің белгілі бір дәрежеде 
адамдар санасында қалыптасқанын мойындады. Дегенмен адамдар өздерінің 
өзара әрекеттесуі күрделі жолдармен іске аса бастағанда, олар «өздерінің бар-
лық заңдарына бағынатын болады» деп санайды (Durkheim, [1912] 1965:471). 
Жеке тұлғалар материалдық емес әлеуметтік фактілерге арналған негіз ретін-
де қажет, бірақ нысаны мен мазмұны жеке адамдардың өзара күрделі әрекет - 
тесуі арқылы анықталады. Демек, Дюркгейм осы еңбекте, біріншіден, «әлеу-
меттік заттар тек адам арқылы жүзеге асырылады; олар – адам қызметінің нә-
тижесі» ([1895] 1982:17) және, екіншіден, «қоғам тек индивидтердің жиынты-
ғын өлшеуден тұрмайды» ([1895], 1982:103) деп дәйектейді.
Қоғам тек адамнан құралғанына қарамастан және ешқандай материалдық 
«рухани» зат жоқ болса да, оны адамдардың өзара әрекеттесуі арқылы ғана тү-
сінуге болады. Өзара қарым-қатынастар, тіпті материалдық емес болса да, шын-
дық деңгейіндегі мәнге ие. Бұл байланысқан реализм деп аталды (Alpert, 1939).
Дюркгейм әлеуметтік фактілерді материалдық тұрғыдан бөлек көрді (Lukes, 
1972:9–10). Әлеуметтанушы әдетте өз жұмысының негізгі бағыты болып та-
былатын материалдық емес әлеуметтік фактілерді түсіну үшін эмпирикалық 
қолжетімді материалдық әлеуметтік фактілерге назар аудару арқылы зерттеуді 
қолға алады. Адамдардың саны мен тығыздығы, қарым-қатынас арналары және 
тұрғын үй құрылысы сияқты ең маңызды нәрселерге жүгінеді (Andrews, 1993). 
Дюркгейм бұл фактілерді морфологиялық деп атады және олардың ең ма-
ңыздысы Division of Labor in Society («Қоғамдағы еңбек бөлінісі») (1993) атты 
алғашқы кітабында көрініс тапты. Басқа деңгейде морфологиялық құрамдас 
бөліктердің (ғимараттағы адамдардың тығыздығы және олардың байланыс же-
лілері) және материалдық емес әлеуметтік фактілердің (бюрократиялық нор-
малар сияқты) қоспасы болып саналатын құрылымдық компоненттер (мысалы, 
бюрократия) орна ласқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет