75
2-тарау
•
Карл Маркс
бұл әрекеттер идеологияның екінші формасы бола алар еді. Мысалы, идеолог-
тер бай мен кедейге бірдей мөлшерде салынуы тиіс
бірыңғай салықтың болуын
қолдайды. Олар «бай мен кедейлер үшін бұл мөлшерлеме бірдей болғандық-
тан, теңдікті білдіреді» деп мәлімдейді. Олар бұл салықтың капитализм құрған
теңсіздіктің жай өтемі ғана бола алатынын ескермейді.
Олар капиталистік жүйенің айқын теңсіздіктерін шарасыз немесе кедей-
лердің жалқаулығынан туындайтынын бейнелейтін идеологияны жасайды.
Осылайша теңсіздік теңдік ретінде бейнеленеді, ал байлардың эксплуатация
жемісін сақтау еркіндігі жұмысшылардың бостандығынан асып түседі.
Біз бұл мысалдан идеологияның екі түрін ғана емес, сонымен қатар Маркс
қалай капитализмді жақсы деп ойлағанының тағы бір дәлелін көріп отырмыз.
Бостандық пен теңдік идеялары капитализмнің өзінен туындайды және дәл
осы идеялардың өзі капитализмді құлатып, бізді коммунизмге алып келеді.
Дін
Маркс сондай-ақ дінді де идеология деп санайды. Ол дінді адамдардың миын
улаушы деп қарағанымен, бүкіл дәйексөз көңіл аударуға тұрарлық:
«Діни бүліну – бір мезгілде шынайы қайғы-қасіреттің көрінісі, сондай-
ақ шынайы қайғы-қасіретке қарсы наразылық. Дін – жабырқаңқы жара-
тылыстың күрсінуі, жүрексіз әлемнің жүрегі, рухсыз жағдайлардың рухы
сияқты, зұлым адамның жүрегі. Бұл – халықты улайтын апиын».
(Marx, [1843] 1970)
Маркстің пайымдауынша, дін, барлық идеология секілді, ақиқатты бейне-
лейді, бірақ бұл – төңкерілген ақиқат. Себебі адамдар өздері тартқан зорлық-
зомбылық капиталистік жүйенің зардабынан туындайтынын түсінбегендіктен,
олардың азап-қасіреті діни формаға беріледі. Маркстің анық айтуы бойынша,
ол дінге қарсы емес, діни иллюзияларды талап ететін жүйеге қарсы.
Бұл діни форма – күйреудің алдында тұрған әлсіз құбылыс, сондықтан әр-
дайым революциялық қозғалыстың негізіне айнала алады. Шын мәнінде, діни
ағымдар капитализмге қарсылық көрсетуде (мысалы, босату теологиясы) көп
ретте алдыңғы қатарда болғанын көреміз. Дегенмен Маркс дінді капитализмнің
әділетсіздігіне сенушілер үшін сынақ ретінде бейнелеп және кез келген рево-
люциялық өзге рістерді о дүниеге аттандыра алатынын ескеріп, дін идеология-
ның екінші формасы бола алатына ерекше сенді. Осылайша қысымға ұшыра-
ғандардың даусы одан әрі қысымға ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: