88
I бөлім
•
Классикалық
әлеуметтану теориясы
ЭМИЛЬ ДЮРКГЕЙМ
Бірақ Дюркгеймнің бәсекелестері оның әдістерін сынап, әлеуметтік өмірдің психологиялық мәні-
нен алшақтағанына алаңдады. 1896 жылы ол Бордоның профессоры атанды. 1902 жылы атақ-
ты француз университеті Сорбоннаға шақырылды және 1906 жылы білім беру ғылымдарының
профессоры дәрежесіне ие болды, 1913 жылы бұл дәреже Білім беру және әлеуметтану ғылым-
дарының профессоры болып өзгертілді. Оның
The Elementary Forms of the Religious Life («Дін
ұстанудың қалыпты формалары») атты ең танымал туындыларының бірі 1912 жылы жарық көрді.
Біз осы кітаптың мазмұнынан көретініміздей, Дюркгейм әлеуметтанудың дамуына зор әсер ет-
кен, бірақ оның ықпалы тек әлеуметтанумен шектелмеген (Halls, 1996). Басқа да салаларға ық-
палының көп бөлігі 1898 жылы өзі негізін қалаған
L’Année Sociologique журналы арқылы танылды.
Журналда түпнұсқа мақалалардың (бірінші шығарылымдағы Георг Зиммельдің бөлімі) болғаны-
на қарамастан, журнал көбінесе кітаптар мен библиографиялық материалдарға айтылған сын-
пікірлердің жинағы болып саналды. Оның мақсаты – «әлеуметтану
философия саласы болып
табылатын кеңінен тараған тұжырымдамаға» және «қазіргі танымал әлеуметтануға» қарсы тұру
(Heilbron, 2015:82–83).
Дюркгейм редактор ретінде жұмыстың, әсіресе ертедегі зерттеулерде, басым бөлігін өз мойнына
алғаны анық. Бұл, ең алдымен, философия бойынша білім алған, бірақ қатаң ғылыми әлеумет-
тануды дамытуды қолдаған ғалымдардың бірлескен ұжымы болды. Дюркгейм
Année журналын
ғылыми әлеуметтануды дамыту жолындағы пікірлес ғалымдар тобын құруға пайдаланды. Көр-
некті тұлғалардың қатарында Селестин Бугле,
Гастон Ричард, Франсуа Симиан,
Анри Хьюберт
және Дюркгеймнің жиені Марсель Мосс болды. Жұмыс өте күрделі болды және жылына, кем
дегенде, 4–5 айға дейінгі мерзімге созылды. Кітаптар мен библиографиялық материалдарға ай-
тылған сын-пікірлер жинағына назар тоқтату маңызды болып саналғанымен, бұл іс Дюркгеймнің
көңілінен шықпады. Себебі ол тікелей әлеуметтанулық зерттеулерді оның маңызды міндеттерін
орындаудан алшақтатты (Fournier, [2007] 2013). Дюркгейм өз уақытына ғана емес, сонымен қатар
қызметкерлеріне де алаңдаушылығын былай білдірді: «Мен бұл жұмыстың бәріне өзімді жауап-
ты сезінемін және бұл маған үлкен ауыртпалық туғызады. Мен оның қаншалықты күрделі екенін
жеткізе алмаймын» (Fournier, [2007] 2013:376).
Дюркгеймнің ең үміт күткен әріптестері мен оқушыларының қатарында жиені Марсель Мосспен
бірге лингвист мамандығын оқып жүрген ұлы Андре Дюркгейм болды. Үлкен үміт артылғаны-
на қарамастан, Андре Бірінші дүниежүзілік соғыс майданына жіберілді, ақыры, 1915 жылы 17
жел тоқсанда жарақаттан қаза тапты. Дюркгейм жұмысын жалғастырып, берік болуға тырысты,
бірақ өзі де көп ұзамай – 1917 жылы 15 қарашада қайтыс болды. Оның өлімін көбі Андренің
қазасымен байланыстырады. Мосс былай деп жазды: «Өлім (Андренің өлімі) оған әке ретінде
де, интеллектуал ретінде де қатты соққы болды. Бұл Дюркгеймнің өліміне әкелді» (Mauss, cited
in Fournier, [2007] 2013:722). Сол кезде Дюркгейм француз интеллектуалды топтары қатарында
танымал тұлға болғанымен, оның еңбектерінің америкалық әлеуметтануға маңызды әсер еткен і
20 жылдан кейін ғана, Толкотт Парсонстың
The Structure of Social Action («Әлеуметтік іс-әрекеттер-
дің құрылымы») (1937) еңбегі жарияланғанда мойындалды.
ғамдағы үйлесімді зерттеп, оның қоғамдағы нақты бар болуын немесе жоқты-
ғын ескермегенімен сынға алынады.
Достарыңызбен бөлісу: