Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет91/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   596
Динамикалық тығыздық
Еңбек бөлінісі Дюркгейм үшін әлеуметтік әлемде қарым-қатынас жасаудың 
мысалы ретінде материалдық әлеуметтік факті болып есептеледі. Жоғарыда 
көрсетілгендей, әлеуметтік фактілер, өз кезегінде, басқа да әлеуметтік факті-
лерді түсіндіруі тиіс. Дюркгейм «қоғамның механикалық ынтымақтастықтан 
органи калық ынтымақтастық түріне көшуіне динамикалық тығыздық әсер ете-
ді» деп сенген. Бұл тұжырымдама қоғамдағы адамдар саны мен олардың орнын 
өзара іс-қимыл мөлшерімен айқындайды. Көп адам тапшы ресурстар үшін та-
ласқа түседі және олардың арасындағы тартыстың жиілігі өздері сияқты басқа 
қоғам мүшелері арасындағы күрестің қарқынын өсіреді.
Динамикалық тығыздыққа байланысты мәселелер әдетте дифференциа-
ция және әлеуметтік ұйымдастырудың жаңа нысандарын қарастыру арқылы
шешіледі. Еңбек бөлінісі адамдар арасындағы қақтығыстарды тудырудан гөрі 
бірін-бірі толықтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар еңбек бөлінісі туды- 
ратын бәсекелестік ресурстар үшін күресті барынша бейбіт сипатта шешіп, 
ақырында, ресурстардың көлемін арттырады.
Механикалық және органикалық ынтымақтастықтар арасындағы тағы 
бір қорытынды айырмашылық ретінде органикалық ынтымақтастық орнаған


98
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
қоғамда бәсекелестік кем болады және адамдар ынтымақтасуға, серіктес 
болуға жиі ұмтылады.
3.1-КЕСТЕ 

 Ұжымдық сананың төрт бағыты
Ынтымақтастық
Мөлшер
Жиілік
Қатаңдық
Мазмұн
Механикалық
Толық қоғам
Жоғары
Жоғары
Дін
Органикалық
Жеке топтар
Төмен
Төмен
Моральдық индивидуализм
Сондықтан айырмашылықтар ұқсастықтарға қарағанда адамдар арасын ана-
ғұрлым жақындастыра түседі. Осылайша, органикалық ынтымақтастық сипа-
тындағы қоғамда механикалық ынтымақтастық сипаттағы қоғамға қара ғанда 
анағұрлым берік ынтымақтастық қалыптасады (Rueschemeyer, 1994). Индиви-
дуалдық – әлеуметтік тығыз байланыстарға қарсы емес, бірақ оларға қойыла-
тын талап екенін білдіреді (Muller, 1994).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет