102
I
бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
жағдайда да – кросс-мәдени немесе тарихи тәсілде уәждің логикалық мәні
бірдей. Дюркгейм топтардың арасындағы немесе уақыт аралықтарындағы
суицид көрсеткішінің айырмашылығы байқалған жағдайда, ерекшелік ретін-
де әлеуметтік факторлардағы, соның ішінде әлеуметтік бағыттардағы өзгеріс-
тер әсер ететініне сенген. Ол индивидтерде суицидке
барудың себептері бо-
луы мүмкін екенін мойындады, бірақ, шындығында, бұлар нағыз себеп болып
саналмайды: «Сырттан келген оқыс жағдайлар индивидтердің тез күйрейтін
ішкі әлсіз тұстарына әсер етеді деп айтуға болады. Бірақ бұл жалпы мәселе-
нің бір бөлігі ғана, сондықтан суицидті түсінуде бізге көмектесе алмайды»
([1897] 1951:151).
Дюркгейм өзінің
«Суицид» атты
еңбегін жазу барысында суицидтің себепте-
рі жайлы бірқатар балама тұжырымдарды өзара салыстырып, қатаң сараптау-
дан өткізді. Олардың
арасында жеке психопатология, маскүнемдік, нәсіл, тұ-
қым қуалаушылық және ауа райы бар. Дюркгеймнің уәждерінің бәрі бірдей қа-
былдана қоймады (see, for example, Skog, 1991, for an examination of Durkheim’s
argument against alcoholism). Алайда оның сыртқы факторларды эмпирикалық
түрде ажыратуға негізделген әдісі суицидтің ең басты себептерін анықтауда ма-
ңызды рөл атқарды.
Сонымен қатар Дюркгейм – Габриель Тардтың суицидтің имитациялық
(не месе жұқтыру) теориясын зерттеп, оны теріске шығарды. Бұл теорияға сәй-
кес, Тард «адамдардың суицидке баруы басқаларға еліктеуінен туындайды»
деп тұжырымдайды. Суицидтің имитациялық теориясына қарсы Дюркгейм
«суицидтің әлеуметтік фактілер арқылы тиянақты түсіндірілетін
әлеуметтік
факті» екенін растайды. Мысалы, Дюркгейм, имитациялық теорияға сүйенсек,
«суицид бойынша көрсеткіші жоғары мемлекеттерге шекаралас мемлекеттерде
де осындай қарқын байқалар еді» дейді. Бірақ талдау көрсеткендей, ондай сәй-
кестіктер байқалмаған. Әрине, Дюркгейм кейбір санаулы суицид әрекет те рінің
имитацияның нәтижесінде орын алуын мойындайды, бірақ ол жалпы көрсет-
кіштерге елеулі әсер етпейді және ол – болмашы фактор.
Дюркгейм «суицидтің көлеміндегі сыни факторлар әлеуметтік фактілердің
деңгейіндегі айырмашылықтарда орнығады» деген қорытындыға келеді. Әр-
түрлі топтарда әрқилы әлеуметтік бағыттарды шығаратын әртүрлі
ұжымдық
сезімдер болады.
4
Осы әлеуметтік бағыт суицид жайлы жеке шешімдерді туын-
датады. Басқаша айтқанда, ұжымдық сезімдердегі өзгеріс әлеуметтік бағыттар-
ға әсер етеді, ол, өз кезегінде, суицидтердің санын өзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: