Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет93/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   596
Қалыптылық және ауытқу
Дюркгейм бірінші кезекте әлеуметтанушының сау және ауытқуы бар қоғам-
дарды ажырата білуін қатаң талап етті. «Қоғамдағы еңбек бөлінісі» осы идея-
ны ұсынғаннан кейін, оны әрі қарай дамытып, талқылау үшін The Rules of 
Sociological Method («Әлеуметтану әдіс інің ережесі») ([1895] 1982) атты кі-
табын жазды. Оның ойынша, әлеу меттанушы бір қоғамның даму барысының 
дұрыстығын соған ұқсас дең гейдегі екінші қоғамның жағдайымен салыстыру 
арқылы анықтайды. Егер қоғам қалыпты қоғамдардан артта қалса, ауытқу бар 
екені расталады.
Бұл идея өз уақытында үлкен сынға ұшырады және қазіргі күнге дейін осы 
идеяны басшылыққа алатын әлеуметтанушылар да кездеседі. Тіпті Дюрк-
геймнің аталмыш еңбегінің «екінші басылымының алғы сөзінде» былай деп 
жазды: «Осы кітап себепкер болған даулар негізсіз болғандықтан, оларға қай-
та оралу мағы насыз. Әдістің жалпы бағыты әлеуметтік типтерді бөлуге не-
месе қалыптыны па талогиядан ажыратуға арналған процедураларға тәуелді 
емес» ([1895] 1982:45). 
Алайда Дюркгеймнің осы уәжден шығарған бір қызықты идеясы бар. Оған 
сәйкес, қылмыс ауытқуға қарағанда қалыпты болып саналады (P. Smith, 2008). 
Ол бұл идеяны қылмыстың әр қоғамда кездесетініне байланысты қалыпты жағ-
дай болып саналуы және пайдалы функцияны қамтамасыз ету қажет екен імен 
негіздейді. Қылмыс қоғамға өзінің ұжымдық санасын анықтауға және реттеуге 
көмектеседі деп санайды: «Үлгілі және кіршіксіз саналатын монастырьдегі әу-
лиелер қоғамдастығын елестетіп көрейік. Онда қылмыс түсінігі белгісіз бола-
ды, бірақ қарапайым қалыпты адамның кемшіліктері мен жасаған қателіктері 
қылмыспен бірдей жанжал тудырады. Сондықтан бұл қоғамдастық соттауға не 
жазалауға құзырлы болса, онда ол осындай жағдайлардың өзін қыл мыстық әрекет 
сияқты қабылдап, күресуге тырысады ([1895] 1982:100).
«Қоғамдағы еңбек бөлінісі» еңбегінде Дюркгейм ауытқу идеясын заманауи 
қоғамдағы кейбір «нормадан тыс» еңбек бөлінісінің формаларын сынауға қол-
данды. Ол нормадан тыс үш форманы анықтады: 1) еңбек бөлінісінің аномиясы, 
2) еңбек бөлінісінің мәжбүрлілігі; 3) нашар рет телген еңбек бөлінісі. Дюркгейм, 
Конт және басқалар еңбек бөлінісімен байланыстырған заманауи моральдық 
дағдарыстар осы қалыптан тыс формалар әсерінен туындайтынын мәлімдеді.
Еңбек бөлінісінің аномиясы оқшауланған жекелікті қолдап, адамдар-
ға олар дың қалай әрекет ету керектігін көрсетуден бас тартатын қоғамда-
ғы реттеудің әлсіздігін білдіреді. Дюркгейм аномия түсінігін суицидке 
байланысты еңбек 
терінде одан әрі дамытады, оны кейінірек қарастыра-
мыз. Екі жұмыста да ол осы терминді моральдық ұстанымның жетіспеуші-
лігін сездіретін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларға қатысты қолданады 
(Bar-Haim, 1997; Hilbert, 1986). Дюркгейм үшін заманауи қоғам әрқашан


100
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
аномияға бейім, бірақ ол әлеуметтік және экономикалық дағдарыстар уақы-
тына сәйкес келеді.
Механикалық ынтымақтастықтың қатаң ортақ моралі орнамай, адамдарда 
қандай әрекеттің жағымсыз не жағымды екені жайлы анық түсінік болмай- 
ды. Тіпті еңбек бөлінісінің қоғам ынтымақтастығының негізі екенін ескер сек 
те, ол жалпы қоғам моралінің толық жойылуына себеп бола алмайды. Ин ди-
видтер оқшауланып, жоғары мамандандырылған әрекеттерінің төңірегінде 
шектеліп қалуы мүмкін. Олар өздерінің айналасындағы бірге өмір сүріп, бірге 
қызмет істейтін адамдармен ортақ байланысты сезінбеуі де мүмкін. Бұл – ано-
мияның пайда болуының бастамасы. Органикалық ынтымақтастық осы нақты 
«ауытқуға» ұшырауы ықтимал, бірақ Дюркгейм оны нормадан тыс жағ дай деп 
есептегенін есте сақтаған дұрыс. Заманауи еңбек бөлінісі адамдарды мағынасыз 
тапсырмалар мен оқшауланған позицияларға жеткізуден гөрі, кеңей тілген мо-
ральдық байланысты нығайтуға бейім. 
Дюркгейм адамдар не істеу қажеттігін білу үшін ережелер мен реттеуіш-
терді қажет ететініне сенген, оның екінші нормадан тыс формасы қақтығысты үде-
тіп, индивидтерді оқшауландырып, сондай-ақ аномияны өсіретін заңдар түрін 
қамтыды. Ол бұл форманы еңбек бөлінісінің мәжбүрлілігі деп атады. Бұл екінші 
ауытқудағы ескірген нормалар мен сенімдер индивидтерді, топтар мен таптар-
ды тығырыққа тіреуі мүмкін. Дәстүрлер, экономикалық қуат немесе мәртебе 
жұмыстың талант пен біліктіліктен тәуелсіз екенін анықтай алады. Сөйтіп, 
Дюркгейм марксистік позицияға жақындай түседі:
«Егер қоғамдағы бір тап күнкөріс үшін кез келген бағаға келісіп жұмыс 
істеуге мәжбүр болса, ал басқа тап иелігіндегі ресурстарды пайдаланып, 
оны өз шартын орындауға көндірсе, онда соңғы тап – заңды тұрғыда бі-
ріншіге қарағанда әділетсіз артықшылыққа ие деген сөз».
(Durkheim [1895] 1982:319)
Қорыта келе, еңбектің дұрыс бөлінбеуі әртүрлі адамдардың мамандан-
ды 
рылған функциялары нашар үйлестірілген кезде байқалады. Сондай-ақ 
Дюркгейм «органикалық ынтымақтастық адамдардың өзара байланысы ке- 
зінде пайда болады» деп көрсеткен. Егер мамандандыру адамдардың арасын-
дағы байланыстарға ықпал жасамай, тек оқшаулауға жеткізсе, еңбек бөлінісі 
әлеуметтік ынтымақтастыққа алып келмейді.
Әділдік
Қазіргі қоғамда еңбек бөлінісі мораль мен әлеуметтік нығайтуға пәрменді күш 
есебінде ықпал ету үшін аномия, мәжбүрлі еңбек бөлінісі және маманданды-
ру дұрыс үйлестірілуі тиіс. Бүгінгі қоғам ортақ тәжірибе мен ортақ нанымдар 
негізінде ұйыспайды. Оның орнына олар айырмашылықтары арқылы бірігіп, 
бір-біріне деген ортақ қажеттілікті туындатады. Дюркгейм үшін осының кілті – 
әлеуметтік әділдік.
«Ең озық қоғамдардың міндеті – әділдікке жол ашу... Ал артта қалған 
қоғамдар идеясы – барлығының еркін дамуына барынша жағдай жасап, 
әлеуметтік қарым-қатынастарды әрқашан неғұрлым әдiлеттi жасауға 


101
3-тарау

Эмиль Дюркгейм
талпыну, сонымен, біздің идеал – барлық әлеуметтік пайдалы күштердің 
еркін дамуына мүмкіндік беру».
(Durkheim, [1893] 1964:387)
Мораль, әлеуметтік ынтымақтастық, әділдік – бұл әлі аяғына нық тұрмаған 
саладағы алғашқы кітабының үлкен үш тақырыбы болды. Дюркгейм өзінің жұ-
мыстарында осы идеяларға қайтадан оралды, бірақ оларды ешқашан тұтастай 
қоғам тұрғысынан зерделемейді. Ол «Әлеуметтану әдісінің ережесі» ([1895] 
1982:184) атты екінші кітабында тіпті әлеуметтанудың өзі еңбек бөлінісіне 
ұшырап, мамандықтардың жиынтығына айналатынына болжау жасайды. Бұл 
тәуелсіздіктің артуына алып келді және органикалық ынтымақтастық әлі де 
әлеуметтанудағы басы ашық сұрақ болып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет