Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет98/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   596
Фаталистік суицид. Суицидтің соңғы фаталистік суицид атты төртінші түрі 
Дюркгеймнің «Суицид» еңбегінің сілтемесінде ғана қарастырылады (Acevedo, 
2005, Besnard, 1993). Аномиялық суицид реттеу тым әлсіз болған жағдайларда 
туындауы мүмкін екенін ескерсек, фаталистік суицид осы реттеудің шама дан 
тыс артық болуымен байланысты. Дюркгейм ([1897] 1951:276) фаталистік суи-
цидке баратындарды «қатал қысым жасау арқылы құмарлықтары мен әрекетте-
рі толық басқарылатындар» деп сипаттайды. Үмітсіздіктен және әрбір әрекеті 
бақыланатындықтан, суицидке баратын құлдардың жағдайы бұған клас си ка-
лық мысал бола алады. Тым қатал реттеу мен қысымшылық меланхолия ағы-
мын дамытады, бұл, өз кезегінде, фаталистік суицидтің өсуіне әкеледі.
Дюркгейм әлеуметтік бағыттар суицид көрсеткіштерінің деңгейіне әсер
етеді деп санайды. Жеке суицидтерге осы негізгі эгоизм, альтруизм, аномия
және фатализм бағыттары әсер етеді. Дюркгеймнің пайымдауынша, бұл ба-
ғыттар тек жеке индивидтердің жиынтығы ғана емес, сонымен бірге оларды sui 
generis (біре гей, өзіндік) күштер деп мойындау қажет, өйткені олар жеке тұл-
ғалардың шешімдеріне ықпал жасай алады. Осы болжамсыз кез келген нақты 
қоғам үшін суицид көрсеткішінің тұрақтылығын түсіндіруге болмайды.
Суицидтің жиілігі және әлеуметтік реформа
Дюркгейм суицидті зерттеуін аяқтамас бұрын оны болдырмау үшін қандай 
реформалар жүргізілуі қажет екеніне тоқталады. Өз-өзіне қол жұмсауды бол-
дырмау әрекеттерінің көпшілігі сәтсіздікке ұшырауының себебі – оның жеке 
мәселе ретінде қарастырылуында. Дюркгейм үшін адамдарды өзін-өзі өлтіруге 
бармауға тікелей сендіру жарамсыз, өйткені бұл мәселенің нақты себептері қо-
ғамда екенін айтады.


106
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Әрине, суицидтің алдын алу қажеттілігіне байланысты туындайтын сұрақ-
тардың жауабын қоғамдағы заңдылықтарға сәйкес кең таралған әлеуметтік құ-
былыстардың астарынан іздеу керек. Бұл – Дюркгейм үшін өте маңызды сұрақ. 
Себебі оның теориясында суицид – әлеуметтік бағыттардан туындайтын құбы-
лыс. Олардың шамадан тыс болмағаны қоғам үшін жақсы. Біз, әлбетте, аномия-
лық суицидке алып келеді деп, экономикалық өркендеуден бас тарта алмаймыз, 
сондай-ақ эгоистік суицидке жол ашады деп жеке-даралықтың бағасын түсіре 
алмайтынымыз белгілі. Сонымен қатар альтруистік суицид те – жеке тұлғалар-
дың өзін шектен тыс қоғамға интеграциялаудың нәтижесі. Прогреске ұмтылу, 
жеке-даралықты ұстану, сондай-ақ өзін құрбан ету – қоғамға тән құбылыс және 
қоғам суицидке жол бермей өмір сүре алмайды.
Дюркгейм кейбір суицидтік әрекеттердің қалыпты жағдай екенін мойын дай-
ды, бірақ ол заманауи қоғамда эгоистік және аномиялық суицидтер көр сеткіші-
нің өсіп отырғанын байқайды. Оның позициясымен «Қоғамдағы еңбек бөліні-
сі» шы ғармасында кеңінен танысуға болады, онда қазіргі заманғы мәдениеттің 
аномиясы еңбек бөлінісінің өзара байланысқа негізделмей, керісінше, оқшаула-
нуға бағытталғаны айтылады. Демек, қажет болған жағдайда, қазіргі заманның 
артықшылықтарын сақтай отырып, суицидтерді болдырмаудың жолы – бұл 
әлеуметтік бағыттарды теңестіру тәсілі. Біздің қоғамымызда, Дюркгеймнің 
пайымдауынша, бұл бағыттар теңгерілмеген. Атап айтқанда, әлеуметтік реттеу 
мен интеграция тым төмен, бұл аномиялық және эгоистік суицидтердің қалып-
тан тыс мөлшерде өсуіне әкеп соғады.
Адам мен қоғамды байланыстыру үшін құрылған көптеген институттар сәт-
сіздікке ұшырады және Дюркгейм де олардың жетістіктеріне үміт артпайды. 
Қазіргі мемлекет жеке адамның өміріне жеткілікті дәрежеде әсер ете алмай-
ды, өйткені ол қоғамнан тым алшақ. Шіркеу бір уақытта ойлау бостандығына 
шектеу жасамай, өзінің интеграциялық әсерін іске асыра алмайды. Тіпті отбасы 
қазіргі заманғы қоғамдағы ең интеграцияланған институт ретінде бұл міндетті 
орындауда сәтсіздікке ұшырайды, себебі отбасы институтының өзі суицидтің 
шығу көздерінің бірі болып табылады.
Керісінше, Дюркгеймнің пікірінше, кәсіптік топтарға негізделген басқа ме- 
кеме қажет. Біз бұл кәсіптік бірлестіктерді төменде талқылайтын боламыз, бас-
тысы – Дюркгеймнің әлеуметтік мәселені шешуге әлеуметтік шешімді ұсынуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет