Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет175/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   596
Дюбуа-Атланта мектебі
Смолл чикаголық мектепті дамытып, Гилман да «Әйелдер және экономика» 
атты еңбегін жаза бастаған кезде, афро-америкалық әлеуметтанушы Дюбуа 
Алдон Д. Моррис (2015) Атлантадағы әлеуметтану мектебінің жұмысын жол-
ға қойды. Дюбуа Германиядағы ең беделді әлеуметтанушы ғалымдармен бірге 
оқып, докторлық дәрежесін Гарвардтан алды. 1897 жылы Пенсильвания уни-
верситетінде бір жыл қызмет етіп, сол жерде өзінің ең маңызды эмпирикалық 
зерттеу жұмыстарын жүргізді, The Philadelphia Negro (Филадельфиялық қара 
нәсілді) ([1899] 1996) атты кітабын жазды. Сол жылы Дюбуа Атлантаға эконо-
мика мен тарих пәнін оқыту мақсатында көшіп барды.
Атлантадағы университетте 13 жыл қызмет етіп, әлеуметтану бөлімінің не-
гізін құрды, алғашқы ғылыми әлеуметтану зертханасының іргетасын қалады. 
Өзінің ең танымал The souls of Black Folk («Қара халықтың жандары») атты 
еңбегін жазып шығарды (Du Bois, [1903] 1996; Morris, 2015). Эмпирикалық 
жұмысынан бөлек «Қара халықтың жандары» атты туындысы арқылы әлеу-
меттану саласында жазудың жаңа үлгісін ұсынды. Сөйтіп, поэтикалық, авто-
биографиялық рефлексия және тарихи талдауын эм пирикалық ақпаратпен 
үйлестірді.
Дюбуа-Атланта мектебі қара нәсілді халықтың қалалық өмірін зерттеді.
Алдон Д. Моррис (2015:58) оның мақсатын былай деп сипаттаған: «Әлеумет-
тік және экономикалық факторлардың нәтижесінде нәсілдік теңсіздік туын-
дап, қара нәсілді адамдарды әлеуметтік тізбектің ең төменгі сатысына орналас-
тырады деген гипотеза жасауға итермелейді». Дюбуа пікірін қолдайтын мек-
теп «көп түрлі зерттеу әдістеріне» жүгінді, соның бірі «Филадельфиялық қара 
нәсілді» еңбегінде қолданған әдіс болды (A. Morris, 2015:61). Қара нәсілді сту-
денттер, Морристің айтуынша, Дюбуаның дәрісін тыңдап, эмпирикалық әлеу-
меттік ғылымы туралы білу үшін АҚШ-тың түкпір-түкпірінен ағылып келіп 
жатты. Олар әлеуметтану зерттеулері нәсілдік теңсіздікпен күресуге, дискри-
минацияға және зорлық-зомбылыққа қарсы шығуға көмектеседі деп есептеді.
Дюбуа Атлантадағы әлеуметтанудың дамуына зор үлес қосқан ең маңыз-
ды тұлғалардың бірі болды. Алайда ол өз бастамаларында жалғыз емес еді. 
Дюбуа-Атланта мектебі бірыңғай мәселелерді зерттеуге ат салысқан, көзқа-
растары ұқсас адамдарды біріктіргендіктенмектеп атанды. Дюбуа Атлантаға 
келердің алдында Ричард Райт (үлкен) «Әлеуметтану пәнінің жаңа бағыт-бағ-


224
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
дарын» бас тап кеткен еді (A. Morris, 2015:61). Осы «қара нәсілді әлеуметта-
нушылардың алғашқы легінің» қатарында Монро Уорк, Ричард Райт (кіші) 
мен Джордж Эдмунд Хайнес болды (A. Morris, 2015:61). Атланта мектебі жұ-
мысының басты компоненті жылдық Атланта конференциясы еді. Бұл кездесу 
қара нәсілді студенттер, академиялық сала өкілдері мен қоғам мүшелерін бі-
ріктіріп, өзара пікір алмасып, жаңа зерттеулерге жол ашты. Конференциялар-
ға, сондай-ақ Джейн Аддамс пен антрополог Франц Боас сияқты танымал ақ 
нәсілді ғалымдар қатысты.
Дюбуа өзінің жетістіктеріне қарамастан, Атланта университетінен 1910 
жы лы шығып кетті, сөйтіп, нақты саяси жұмыспен айналысуға біржолата бет 
бұрды. 1905 жылы ол Монро Троттермен бірге Ниагара қозғалысын құрды
бұл азаматтық құқық ұйымы дискриминацияны сынға алып, саяси жұмыстар 
атқарды. 1909 жылы ол қара нәсілді халықтың прогресшіл Ұлттық қауым дас-
тығының (National Association for the Advancement of Colored People (NAACP)) 
негізін қалауға көмек көрсетті, кейінірек осы қауымдастықтың The Crisis жур-
налының редакторы болды. The Crisis журналында ол өзінің редакторлық ма-
қалаларында АҚШ-тағы афро-америкалықтардың күнделікті өмірінде кезіге-
тін күрделі мәселелерді көтерді.
Осындай түрлі қызметте жүрсе де, Дюбуа өзі «барлық тарихтың ортақ 
түйіні болады» деп санаған «нәсіл идеясынан» көңілі ешқашан ауытқыған 
емес (Du Bois, [1897] 1995:21) және бұл ол үшін тек Құрама Штаттар шең-
берімен шектелмей, әлемнің түрлі бөлігін қамтыған «түсті сызық» болды. 
Оның ең танымал теориялық идеяларының бірі афро-америкалықтар мен 
америкалықтар арасындағы анық жіктелуді немесе кедергіні тудыратын 
перде болды. Бұл – тас қамал емес, жұқа, нәзік нәрсе, ол арқылы нәсілдер 
бірін-бірі көре алады, бірақ осыған қарамастан, екі нәсілдің бөлінуіне қыз-
мет етеді. Басқа маңызды теориялық идея – екіжақты сана идеясы «екіма-
ғыналық» немесе афро-америкалықтардың өзін өзгенің көзімен көріп, баға 
беру сезімі жайлы талдау болатын. Дюбуаның әлеуметтану саласындағы ең-
бектері өз кезінде ескерілмегеніне қарамастан, қазіргі күнде оның нәсілдік 
теориясының өміршеңдігімен бірге, жалпы әлеуметтануға бірегей көзқарас 
ұсынғанына көзіміз жетіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет