Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет446/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   596
Ескертпелер


647
15-тарау

Нәсіл және отаршылдық теориялары 
11. Оми мен Уинант Racial Formation in the Univet States еңбегінде нәсіл қалыптасуының 
жаһандық ерекшеліктерін тура талқыламайды, бірақ олар америкалық нәсілдің қалып-
тасуы отаршылдықтан бастау алатынын жазады. The World is a Ghetto еңбегінде Уинант 
(2001) қазіргі жаһандық жүйе контексіндегі нәсілді талдайды.
12. Денеге мағына беретін, жыныс, гендер және қабілет сияқты басқа да жолдар бар. Нәсіл 
сияқты, бұлар әлеуметтік құрылымдар (жыныстың/гендердің әлеуметтік құрылымын 
талқылау 12-тарауда, сексуалдықтың әлеуметтік құрылымы 18-тарауда берілген).
13. Оми мен Уинанттың тағы бір сүйікті фразасы. Әлеуметтік құрылым философы Ян Ха-
кингтен алынған.
14. Ким Таллбэар (Kim Tallbear, 2013) генетика ғылымын байырғы бірегейлікті қалыптас-
тыруға және байырғы әлеуметтік қозғалыстардың қалыптасуына қалай қолданғанын 
қараңыз.
15. Бірақ жоғалып кеткен жоқ.
16. Балама көзқарас және осы талапқа қарсы көзқарасты қарастыру үшін әлеуметтануда 
нәсілдің жүйелік теориясы біраздан бері бар екенін дәлелдейтін Голаш-Бозаның еңбек-
терін қараңыз (2016).
17. «Оңтүстік теорияны» одан әрі талқылау үшін 2013 жылғы «Саясат билігі және әлеу-
меттік теория» симпозиумын қараңыз. Талқылаушылардың қатарында нәсілдік же-
текші теорияшылар (Mустафа Эмирбайер, Патрисия Хилл Коллинз), постколониялық 
көзқарастағы (Рака Рей) және тарихи салыстырмалы бағытты ұстанатын әлеуметтану-
шылар (Исаак Рид) бар.
18. Дене – негізінен Солтүстік Канаданы мекендеген алғашқы ұлттар.
19. Бурдье (1977), Гидденс (1990) және Дороти Смит (1987) сияқты батыстық теорияшы-
лар ақыл-ой мен дене, идеализм мен материализм арасындағы айырмашылықтарды ең-
серуге тырысады. Алайда бұл теориялар батыстық білім дәстүрлеріне негізделген. Кол-
тардтың теориясы осы байланысты дене ұлтының біліміне сүйеніп дәлелдейді. Ол осы 
бағытты мүлде басқаша сипаттайды.
20. Симпсон өзін Michi Saagiig Nishnaabeg/Михи Саагииг Нишнаабег және Канададағы 
Онтариодағы Alderville First Nation/Альдервильдегі алғашқы ұлттардың ұрпағы ретін-
де сипаттайды.
21. Жасырын тәртіп термині тіршілік әлемінің терең қатпарларына жатады; Симпсон оны 
байырғы қатынастарды сипаттау үшін пайдаланады, бірақ бұл терминді кванттық физи-
каны зерттеген Дэвид Боммен де (1980) қолданған.
22. Dancing on Our Turtle’s Back («Тасбақамыздың үстіндегі биде») Симпсон Нишнаабег 
сөздерін енгізеді. Оларға анықтама бермейді (кемінде нақты түрде емес), бірақ қалай 
қолданылғанын көрсетеді. Сонымен бірге жаңа сөзді енгізгенде кімнен үйренгенін және 
осы сөз туралы сөйлескен түрлі адамдардың сипаттамаларын береді.
23. Анишанаабе көптеген байырғы халықтар қатарына жатады: Оджибве, Одавa, Потавато-
ми, Миссиссаугуa және Алгонкин, Анишанаабе аумағы немесе ұлты Онтариодан Мин-
несота, Висконсин және Манитобаға дейін созылады. Осы мәселе бойынша түсініктеме 
бергені үшін Лианн Симпсонға алғыс білдіреміз.


16
Жаһандану теориясы


649
16-тарау

Жаһандану теориясы
Жаһандануды зерттеген негізгі заманауи теорияшылар 
Мәдени теория
Экономикалық теория
Саяси теория
Неолиберализм
Басқа да теориялар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет