Үшінші әдіс(Говарттың әдісі). Дем алысы бұзылып, әлсіреп жатқан адамды белдеме тұсына жастықша қойып, сәл көтеріңкіреп шалқасынан жатқызып жайғастырады. Мұнда да жәрдем көрсетуші адам сырқаттың аяқ жағынан мінбелей келіп тізерлеп отырады. Алақандарын сырқаттың төс сүйектеріне тірей, бар салмағымен «бір,екі» дегенде кеуде қуысын қабастыра қысады. Сонда, сығылған өкпе тканіндегі ауа қалдықтары қотарыла сыртқы шығады. «Үш,төрт» дегенде қайыра босатып кеуде қуысының керіле дем алуына мүміншілік береді. Сөйтіп, жаныштай барып босатылған кеуде қуысына еркін кірген ауамен тыныс алу актісі орындалады. Бұл әдіс те белгілі бір қалыппен істелуге тиісті.
Төртінші әдіс (Лабордтың әдісі). Бұл тыныс бітіп, сырқаттың дем алысы кенет тоөтаған сәтте қолданылатын ең қолайлы және өте нәтижелі әдіс. Сырқат адамның аузын кере ашып, тілін орамалмен ұстап алға қарай соза тартып, қайыра кері итеру арқылы көмекейдегі нерв талшықтарын қытықтау нәтижесінде тыныс алу актісі қалпына қайта оралмақ. Мұнда да бір қалыпты ырғақпен, минутына 16-18 рет қайталанады. Қолдан дем алдырудың жоғарыда аталған әдістерінің ішінде қазіргі кезде бірінші әдісі өте жиі қолданылады. Және бұл әдістердің қай түрінде болсын, сырқат адамды жылындыру әрекеті қатар жүргізілуге тиіс. Ол үшін мүсәтір искетіп, денесін ысқылап, ыстық су құйып грелка қою сияқты шаралар жасалады. Ал жүрек пен қан тамырларының соғуы жақсара қоймаса, дереу жүректің тұсынан массаж жасау қажет. Көмек көрсетуші оң қолының алақанын жүрек тұсына қойып, бір қалыпты ырқақпен 15-20 секунд ішінде кеудені 20-30 рет қысып қайыра босатып, жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсатруға көмектеседі. Көмекті қандай түрі болсын жасалына бастағаннан-ақ міндетті түрде дәрігер шақыру қажет.
Жұмсақ ет талшықтарының жаншылуы. Деніні қатты затқа соғып алу күнделікті өмірде жиі кездеседі. Жарақаттанған мүшелердің жұмсақ ткань талшықтары мыжылып, үщзілген ұсақ қан тамырларынан кеткен қан, егер тері қабаты бүлінбесе, мыжылған тканьнің өзіне сңіп сол ауырсыну пайда болады. Жаншылған мүшелер қалайда өзінің азды-көпті жұмыс істеу қабілетінен айырылады. Мәселен, белгілі бір буындар жарақаттанса, сөз жоқ, оның бүгіліп-жазылу қозғалыстары тежеледі. Қай кездерде тіпті қатты тиген соққыдан сүйектің жарықшақтана сынып кетуі де ықтимал. Мүлдем опырылып сынбаған сүйекті дәл басып біле қою өте қиын. Сондықтан жарақаттың азамат, жарақаттың бұл түріне де ұқыпты қараған жөн. Мұндай жағдайда алғашқы көмек көрсетуші азамат, жарақаттанған мүшені таңып байлап, сыртына міндетті түрде суық зат басуы қажет.
Бастың жұмсақ ет қабаттары жаншылғанда бірден тері қабаттары көлкілдеп ісіп кетпегенімен, бірнеше күннен кейін бастың солқылдап ауруы, жүрегі айнып құсуы, тамыр соғысы нашарлап, естен тануы сияқты қолайсыз жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай жарақаттың ең негізгі емі-екі,үш күндей толық тыныштық сақтап жату. Дәрігерді үйге шақыртқан жөн. Сырқаттың бас жағын көтеріңкіреп жатқызып, төбесіне мұздай су құйылған грелка қойып, аяғын жылы ұстау қажет. Егер жүрегі айнып, сырқаттың құсқысы келсе, оны төсегінен тұрғызбай, басын бір жағына еңкейтіп ыдыс әкеп құстырған жөн.
Кеуде жаншылғанда… Көпшілік жағдайда кеуденің осылай зақымдалуы қабырға сынуымен қос қабат келуі мүмкін. Соның салдарынан қатты ауырсынған сырқаттың тынысы тарылып, дем алуы қиындайды. Кейде тіпті жүрек-қан тамырларының жұмысы да әлсірейді. Мұндайда науқасты төсекке жайлы орналастырып, түймелерін ағытып, белбеулерін шешіп, кеуде жағын жеңілдеткен жөн.