Алғашқы көмек көрсетудің негізгі шарттары Бақытсыздық жағдайға ұшыраған адамға бірінші болып қол ұшын берген азамат дереу оның негізгі себебі мен мәнісін анықтап, алғашқы көмек көрсетуге кірісуі керек. Және ісінің сәтті аяқталуы үшін мұндай көмек бастан-аяқ бір адамның басшылығымен жасалануға тиіс. Көмек көрсетуші адамның асыл-саспай, барынша сабырлылықпен дәл қимылдап, ұқыптылық көрсеткені жөн. Кейде адамды ауыр салмақты заттардың жаншыл қалуы мүмкін. Оны босатып аларда мейлінше сақ болған жөн. Ал қолайсыз қимылдан қатты ауырсынған адамның жалпы жағдайы күрт нашарлап, күтпеген жайсыз жағдайға душар болуы да ықтимал.
Кездейсоқ бақытсыздыққа ұшыраған адамды жайлы жатқызып, орналатырып болысымен-ақ киімдерінің түймесін ағытып, белбеуін босатуды ұмытпаған жөн. Жарақаттанған адамның жалпы күрт нашарлап кетсе, жәрдем берушінің оған әуелі салқын су жұтқызып, бар болса валерьян тамшысын ішкізіп, тез арада қолдан дем алдыруға кірісуі-кезек күттірмейтін іс. Алғашқы көмек көрсетіліп болысымен адамды дереу жақын жердегі дәрігерлік мекемеге жеткізуі қажет.
Адамның жалпы жағдайы күрт нашарлағанда көрсетілер көмек. Тәжірибеде мынадай жағдайлар да жиі кездесіп тұрады. Кейде жарақаттанған адамның қатты қорқып, соншама шошынуы салдарынан тамырының білімі жоқ жәрдемшілер не істерін білмей, жарақаттанған адамды «жүріп кетті» деп те ойлайды. Адам жарақаттанған кезде ағзадағы жан төзгісіз ауырсынудың салдарынан естен тану, ылықсу, шок, коллакс, сияқты тіршілікке аса қауіпті кезеңдер болады. Міне, осы сәтте пәрменді көмек көрсетудің өзі үлкен ерлік.
Талықсу және естен тану дегеніміз, ең алдымен, адам ағзасындағы көптен бері білінбей жүрген кейбір сырқаттардың алғашқы белгілердің бірі, еш себепсіз соғып тұрған жүректің бір қалыпты қозғалыс ритмінің бұзылуы мүмкін емес. Жайбарақат жүріп келе жатқан адам кездейсоқ оқыс құлап талықсып кеткенін байқамасымен-ақ, жәрдем беруге жүгіріп жеткен кез келген азамат бірден жүрек-қан тамырларының қызметін жақсартуға әсер ететін шараларды қолдануға тиіс. Ол үшін талықсып кеткен адамды бас жағын барынша төменірек, аяқ жағын 35-40см-дей көтеріңкі, жайғастырып жатқызған жөн. Бірден барлық түймелерін ағытып, кеуде жағын ашып, киімдерін жеңілдету керек. Үй жағдайында есік-терезелерді ашып, бар болса дәкеге немесе мақтаға тамызып мүсәтір спиртін иіскетіп, жоқ болса салқын су бүркіп, мүмкінді болса таза ауаға шығару қажет. Егер адам құлап түсіп бір жері мертіксе, сынған мүшесі қозғалмастай етіп таңып байлап, дереу ауруханаға жеткізу керек.
Естен тану немесе талықсып кетуі көп жағдайда ағзадағы қан мөлшерінің азаюынан, ми мен нерв талшықтарының қажыуынан, жарақаттанған сәттерде өте қатты ауырсынып, қиналудан немесе жан күйзеле жабырқаудың салдарынан болады. Мұндай кездерде қан тамырлары тарылып ми қабатын үздіксіз қоректендіріп тұратын қан мөлшері азайып кетеді.
Талықсудың негізгі белгілері; адамның өңі қашып, бозарып кетеді, денесінен, әсіресе маңдайы мен танаудың үстіне суық тер шығады, тынысы тарылып, жүрек қағысы нашарлайды. Сөйтіп сан қилы, аса қатты шошу, күйзеле қайғыру, іш құрлысындағы мүшелерден қан кету, аш өзегі талып, ұзақ ашығу, діңкесі құрып шаршап-шалдығу, қаталап қатты шөлдеу және тағы басқалар. Сырқат адам жоғарыда, айтылған алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін біраз сергіп, басын көтерісіменен, оған дереу ыстық қою шай ішкізіп, ал егер жүрек жұмысын жақсартатын дәрі-дәрмектер жоқ болса, онда 50-60 грамдай ақ арақ немесе коньяк беруге болады. Егер сырқат адамның тыныс алуы бұл жасалған көмектерден де оңала қоймаса, онда бірден қолдан дем алдыруға кіріскен жөн.
Шок пен коллекс дегеніміз адам ағзасының өкпе, жүрекке ми, қан тамырлары жүйесі сияқты басты ммүшелерінің жұмыс істеу қабілетінің күрт нашарлауы. Ол жағдайларда жүрек, қан тамырлары жүйесінің оқыс бұзылып, кенет ауруға күрт нашарлануы. Ондай аурулар: миокард инфаркы, стенокардия, атқылап аққан қан адам ағзасының улануы. Коллапстың барлық белгілері талықсу мен естен тануға және шокқа ұқсайды. Мұнда да адамның өңі-түсі қашып, ерні кезеріп, көкпеңбек болып кетеді. Қол аяғы мұздап, денсін суық тер басады, тынысы тарылады. Ал шокта адам психикасы қатты әлсіреп, бірден естен айырылып қалады. әрине, дәрігер емес адамдар бұл екуін бір-бірінен ажырата алмауы мүмкін. Сондықтан бұл екуіне де талықсып есінен танған адамдарға көрсетілетін алғашқы көмекті қайталап, бар болса жүрек- қан тамырларының жұмысын жақсартатын дәрілерді (камфара, көк дәрі тамшыларын беріп, жан төзгісіз ауырсынуды басу үшін люминал немесе кодени, пирамидон сияқты дәрілердің екі таблеткасын бірден ішкізуге болады. Тағы да бір есте сақтайтын жай-сырқат адамның қалтырай денесіне грелка немесе құм қыздырып басын, қымтап жауып тастауды ұмытпаған жөн. Осыдан кейін барып бір сынған болса, оны таңып байлайды, ал қан аққан жағдайда оны бәрінен бұрын тоқтату қажет.
Асфексия –тыныс тарылып, жүрек қызметінің әлсеруі. Мұның да әр түрлі себептері бар. Көп жағдайларда дем алудың ауырлауы тыныс жолдарының бітелеп, сыртқы ауа алмасуының қиындауы салдарынан болады. Мәселен, адамдардың көбінесе арақты есінен тана ішіп, мас болған кездерінде құсығына қақалып, шашалатыны белгілі, осы сәтте оның тыныс жолдарына құсық кетуінен және протез жасалған тістердің босап, абайсыздан тыныс жолын бітеп қалуы асфиксияға ұшыратады. Мұндай жағдайда адамның аузын ашып, көмекейін тексерген жөн. Егер онда ештеңе байқалмаса деру қолдан дем алдыруға кірісіп, дәрігер қажет.