АлғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат


Жасболат: (сыбырлап) Тез мамаңды алып кет. Еділ



бет10/25
Дата18.11.2023
өлшемі43,27 Kb.
#124544
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
Алғашқы махаббат

Жасболат: (сыбырлап) Тез мамаңды алып кет.
Еділ: Қоңырау соғылған жоқ қой.
Жасболат: Ақымақ, тез алып кет мамаңды.
Еділ: Ол мені тыңдамайды.
Жасболат: Бол. Бір амалын тап.
Еділ: Мама, мен бағана үтікті токқа қосып қара басып ұмытып, өшірмей кетіппін.
Директор: Ойбу, үй өртеніп жатыр деші. Иттің ғана баласы, сен‑ақ сөйтесің де жүресің. Жүгір енді, не қарап тұрсың.
Еділ: Өзіңіз барыңызшы. Мен Жасболатты қалай тастап кетемін.
Жасболат: Аяғым‑ай, аяғым!
Директор: Енді қайттім? Гүлзат айналайын мен кеттім, сен барып дәрігерді шақыр. Бұларға бірдеңе болып қалса басымызбен жауап береміз. Әй, жүгірмек бүлдіреді де жүреді. (Екеуі кетеді)
Жасболат: УҺ! (Орындыққа отыра кетеді) Мынау неге құламайды? Өй атаңа нәлет орындық, төрт аяқ!
Еділ: Қане, мен отырып көрейінші. (құлап түседі)
Жасболат: (терезеден) Гүлзат апай, дәрігер шақырмай‑ақ қойыңыз. Жазылып кеттім.
Еділ: Мама, бармай‑ақ қойыңыз. Енді ғана есіме түсті, үтікті токтан ажыратып кеткенмін. (қоңырау соғылады) Ержан, Ереке, тұр, тұр қоңырау соғылды. Үзіліске шығайық.
Келесі көрініс


Гүлзат: Сәләмасыңдар ма? Отырыңдар. Түгелің жиналдыңдар ма? Сынып сағатын бастайық.
Күн тәртібінде:
1) Оқушылардың тәртібі;
2) Соңғы қоңырауға дайындық.
Староста мәліметтерің дайын ба?
Айтгүл: Бірінші. Қабыланбеков Қайыржанның тәртібі. Соңғы аптада Қабыланбеков бірнеше бұзақылық жасаған. Оның қораның артында темекі тартып отырғанын «С»‑ деген оқушы байқап қалған.
Қанат: (сыбырлап) «Сатқыш» қой.
Айтгүл: Және сенбі күні кешкісін Қабыланбековтың үйінде, бір топ оқушы тығылып отырыс жасаған. Дастарханда әр түрлі сусындармен бірге қолдан жасалған ішімдік болған. Отырыстың соңында вальс билеген. Музыка бір сағат бойы тоқтамай ойнап тұрған. Олар бір сағат бойы құшақтасып вальс билеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет