АлғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат


Айбол: Дұрыс айтасың-ей, бала. Бірдеңе сұраған болып ақырын шақырып шықсаңшы. Еңбегіңді жемеймін. Қайыржан



бет19/25
Дата18.11.2023
өлшемі43,27 Kb.
#124544
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
Алғашқы махаббат

Айбол: Дұрыс айтасың-ей, бала. Бірдеңе сұраған болып ақырын шақырып шықсаңшы. Еңбегіңді жемеймін.
Қайыржан: Ендеше осында күтіңіз. Мен сөйлесіп көрейін.
Айбол: Айт, ол жақсы жігіт, он жылқысы, отыз қойы, бес сиыры, москвичі, тракторы бар ауқатты адам деп айт.
Қанат: Өзіңізге сенімдісіз бе? Ол қыз талай жігіттің бетін қайтарған.
Айбол: Солай ма? Демек, ол мені тосып жүр деген сөз. Мен жайлы естімеді дейсің бе? Бұл көкеңді бәрі біледі.
Қанат: Өзін қойшы, ағасы көнбесе қайтесіз?
Айбол: Көре жатармыз. Бес жылқы беремін десем, кім қарсы болады.
Қайыржан: Сөйлесіп келдім. Ағам ұйықтасын. Аздан соң келіп белгі берсін деді.
Айбол: Распа-ей? Жарайсың бауырым! Міне нағыз сөзінде тұратын жігіт! Қалай тез келісті? Яғни мені бұрыннан ұнататын болғаны да. Тосып жүргенін сезіп едім. Қалай, үсті - басым дұрыс па? Інішек қайтіп белгі беремін, терезесін қағайын ба?
Қайыржан: Жоқ, ағасы оянып кетеді.
Айбол: Енді қалай? Ысқырайын ба?
Қайыржан: Жоқ, жеңгесі оянып кетеді. Не істесек екен, ә? Е‑е, айтпақшы, сізге терезенің түбіне келіп мысық болып мияуласын деді.
Айбол: Мысық болып мияуласын? Қой‑ей, ойнама. Мұның енді артықтау бала.
Қайыржан. Рас айтамын. Қыздың өзі солай деді. Демек ағасы ештеңеден күдіктенбейді. Қыз деген қу болады. Білмеуші ме едіңіз? Қазір жас қыздар сондай әдістерді қолданады. Қызбен жолығу оңай деп ойлайсыз ба?
Айбол: Апырмай-ә. Мысық дегенді жек көруші едім. Бірақ қыздың өзі айтып тұрса басқа амал бар ма. Тәуекел. Бірінші далаға шығарып алайын, содан соң қыздың өзін мияулатамын.
Қанат: (Айболға естірпей) Мынауың түйеден баспен құлаған біреу ғой. Осындай да ақымақ болады деп кім ойлаған. Мысық дегенді қайдан таба қойдың‑ей? Сенен де қулық шыға ма? Нағыз қызық енді болатын секілді. Тездетші. Мен қараңғы қуысқа барып, тығылып тұрамын. Ағасы, іске сәт! Мен кетейін.
Айбол: Бар-бар жолыңнан қалма. Айтпақшы күзде тойға кел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет