Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
және 2003 жылғы BGB1. «Шығыс православие шіркеулеріне
қатысты» заңмен ретке келтіріліп отырады.
Қауымдастықтар қатарына баптистер, меннониттер, еван-
гелиестік альянс, жетінші күн адвентистері, Еркін христиан
қоғамдастығы және Құдай қоғамдастығы (пятидесятниктер),
Діни қайта өрлеуге қатысты қозғалыс, Иегова куәгерлері,
индуистер және бахаистер жатады.
Діни қоғам статусын алу үшін ұйымда 300-ден кем емес
адам, жазбаша жарғы болу керек және сонымен қатар білім
министрлігінен тексеруден өту қажет. Австрия мемлекеті
иудей ұйымдарымен 1890 жылы (BGB1.229), ислам ұйым-
дарымен 1912 жылы (RGB1. 159), католик шіркеуімен
1933 жылы (BGBl. II 1934/2), пресвитериан және лютеран
шіркеулерімен 1967 жылы (BGB1. 182), православтық шір-
кеулермен 1967 жылы (BGB1. 229) ынтымақтастық туралы
арнайы келісімшартқа отырды.
Германияда қандай да болмасын бір көзқарасты, діни кор-
порацияларды қолдауды, мадақтауды мақсат етіп қойған,
және бұқаралық құқық субъектілеріне жататын діни ұйым-
дар бар. Діни қоғамдар діни корпорация мәртебесін алуына
болады, ол үшін өзінің құрылымы мен құрамы бойынша
ұзақ уақыт қызмет ететіндігіне кепілдік беру керек (Веймар
Конституциясының 137 бабы). Сонымен қатар ол міндетті
түрде коммерциялық емес, діни қоғамдастық болуы керек,
оның өзінің анық жазылған доктринасы, жеке шіркеу заңы да
міндетті түрде болуы қажет. Жеткілікті мөлшерде мүшелері
мен кірістері болуы тиіс және коммерциялық емес ұйымдар
үшін жасалған талаптарға сай болуы керек (2000 жылғы
19 желтоқсандағы «Діни корпорация мәртебесін алу туралы»
Заң 2 BvR № 1500/97).
Германияда діни корпорациялар мен мемлекет өзара
ерекше келісімшарттар негізінде әрекет етеді. (Веймар
Конституциясының 138 бабы). Мұндай келісімшарттар
парламенттен қолдау алып, заң мәртебесін алу керек.
Мемлекет рим-католик және ескі католик шіркеуімен,
православтық орыс және грек шіркеулерімен, Евангелие-
27
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
лютеран шіркеуімен, еркін Евангелие шіркеулері Кеңесімен,
баптисттермен, меннониттермен, методисттермен, құтқару
Армиясымен,
адвентистермен,
пятидесятниктермен,
Новоапостол шіркеуімен, иудаистермен, унитарлар және
мормондармен осындай келісімшартқа отырған.
Швецияда лютеран шіркеуі 2000 жылға дейін мемлекеттік
болды, бірақ оның мемлекетпен ерекше қарым-қатынасы әлі
күнге дейін сақталған. Мемлекет лютерандық ұйымдардан
басқа мемлекет үшін дәстүрлі құндылықтарды дәріптейтін
және ұзақ жылдар бойы белсенді қоғамдық жұмыс атқарып
келе жатқан діни ұйымдарға көмек көрсетуге кепілдік береді
(1998 ж. 26 қарашадағы «Діни ұйымдар туралы» Заңның
6 бабының 2 және 3-тармақтары).
Швейцарияның Конституциясына сәйкес әрбір кантон діни
ұйымдармен қарым-қатынас түрін өзі анықтайды (7 баптың
1 тармағы). Бәріне белгілі, католиктер, реформаторлар мен
иудаистер өте танымал болып саналады. Басқа діни ұйымдар
аталмыш мәртебесі белгілі бір шарттарды орындағанда ғана
ала алады.
Португалияда діннің төрт категориясы бар: шіркеулер мен
осы елде тамыр жайған діни бірлестіктер, діни корпорация-
лар, жеке корпорациялар, тіркелмеген қауымдастықтар.
Конституцияның 41 бабы 4 тармағына және діни
бостандық Актісіне сәйкес шіркеу мемлекеттен бөлініп
шыққан. Мұнымен қатар Португалия католик шіркеуімен
1940 жылы конкордатқа отырған.
Словакияда діни ұйымдар тіркелген діни топтар және
азаматтық қауымдастықтар болып екіге бөлінеді. (1992 ж.
«Тіркеу туралы Заң» № 192/1992). Словак Республикасы
мен діни топтар арасындағы 2002 ж. 11 сәуірдегі № 250/2002
Келісімге сәйкес 11 діни топ мемлекетпен келісімшартқа
отыру құқығын алды. Бұл құқық № 394/2000 Z.z. 2000 ж. Заңға
сәйкес барлық тіркелген діни ұйымдарға берілген.
Чехияда 2002 жылғы Заңға сәйкес жаңадан тіркелген діни
бірлестіктер, егер саны барлық халықтың 0,1 пайызын құраса
(яғни діни адамдар саны 10 мыңнан асса) және сонымен қатар
28
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
жылдағы есептерін жариялап отырса, сол сияқты дүниежүзілік
шіркеулер кеңесіне енсе, арнайы құқықтарды тек тіркелгеннен
күннен бастап 10 жыл өткеннен кейін ғана алуына болады
(мектепте діни сабақтар өту, өз мектептерін ашу, түрме және
әскери бөлімдерге пасторлық қамқорлық жасау, мемлекеттік
субсидиялар алу). Қазіргі уақытта мұндай діни ұйымдар саны
17-ге жеткен. 1991 жылғы заңға сәйкес тіркелген діни ұйымдар
бұл арнайы құқықтарды автоматты түрде алған, бірақ мемлекет
ол құқықтарды белгілі бір жағдайда қайтарып ала алады.
Румынияда 2007 жылғы 8 қаңтардағы №489/2006 «Дінге
сену және культтерге арналған режим туралы» Заңның
қосымшасына сәйкес мемлекет 18 діни ұйымдарға қызмет жа-
сауға рұқсат еткен. Қазіргі уақытта жаңадан тіркелуге өтініш
берген діни ұйымдар күту кезеңінен өту керек (12 жыл) және
бұрыннан мемлекетке танымал діндерде бар құқықтарды
алу үшін ондағы дінге сенушілер саны барлық халықтың 0,1
пайызын құрау керек, ол 22 мыңнан аса адам саны болу керек.
Венгрия Конституциясына сәйкес, шіркеу мемлекеттен
бөлініп шыққан, мемлекеттік дін жоқ (60 баптың 3 тармағы)
деп есептеледі. Діни ұйымды мемлекеттік тіркеуден өткізу
оған мемлекет тарапынан қамқорлық алуға мүмкіндік береді.
Мемлекет 100 мүшесі, басшысы, ұйым орталығы мен қара-
пайым жарғысы бар шіркеу деп белгіленетін кез келген діни
ұйымды тіркеуге алады. Бұл жағдайда жергілікті сот ұйымды
шіркеу ретінде тіркеуге алуы керек. Венгрия арнайы келі-
сімшартқа отырған үш діни ұйымға: реформаторлық (1948 ж.
7 қазан), лютерандық (1948 ж. 14 желтоқсан) және католиктік
(1950 ж. 30 мамыр) ұйымдарға ерекше мәртебе берген.
Болгария Конституциясының 10-бабының 1-тармағында
Болгария Республикасында Шығыс православ діні дәстүрлі
дін деп бекітілген. Сонымен қатар аталмыш 10-баптың 3-тар-
мағында бұл жағдай оған заң негізінде ерекше жеңілдіктер
немесе басымдықтар беруге негіз бола алмайды деп айтылған.
Франция 1905 ж. 9 желтоқсандағы «Шіркеуді мемлекеттен
бөлу туралы» Заңына сәйкес зайырлы мемлекет болып
табылады. Діни ұйымдар тіркелу барысында ерекше мәр-
29
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
тебе алады. Тіркеуден өту үшін діни мәселелер бойынша
мемлекеттік органға ұйым шын мәнінде діни ұйым және ол
басқа ұйым емес екендігін дәлелдеуі керек. Сонымен қатар
ол үшін Құдайға, дінге сенушілер бірлестігіне және культтік
рәсімдерге сенімнің бар екенін дәлелдеу қажет.
Нидерландта шіркеу ерекше ұйым болып саналмайды, ол
азаматтық құқығы бар заңды тұлға болып саналады. Танылған
діндер жүйесі жоқ. Мемлекет орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған діни ұйымдар арасында ешқандай
айырмашылық жасамайды, сондықтан қамқорлық іс-әрекет
жасау барысында ешқандай діни ұйымдарға жекелей ерек-
ше жағдай тудырмайды. Сонымен қатар Нидерланд католик
шіркеуімен арнайы келісімшартқа отырған.
Жапонияда, Конституцияға сәйкес, мемлекет ешқандай
діни ұйымға басымдылық, ерекше жағдай жасай алмайды.
Еуропада дәстүрлі және жаңа діни ұйымдар арасында
теңдік жоқ, бұл, егер әлемнің осы бөлігіндегі клерикалдық
мемлекеттердің тарихын ескерсе, түсінікті жағдай. Еуро-
пада зайырлық қағидасының кез-келген түрі мемлекеттің
протекциялық көзқарасының бір дінге немесе шіркеуге,
кейбір кездерде бірнешеуіне белгілі бір формаларымен нық
түрде қатар жүріп отырады.
Еуропалық тәжірибені қарастыра келе, үкімет пен
діни ұйымдар арасындағы қарым-қатынастың төмендегі
мәртебелерін, механизмін, нормативтері мен институттарын
бөліп көрсетуге болады:
− діни ұйымдар мәртебесі мен мемлекетпен келісім
механизмдері;
− мемлекеттік материалдық көмек мүмкіншіліктері мен
діни ұйымдарға салық салу ерекшеліктері;
− әскерлік, түрмелік және ауруханалық діни қызметкерлер
институты;
− діни білімнің мүмкіншіліктері, діни мектептер қызметі
және діни жоғары оқу орындары дипломдарының мәртебесі;
− діни ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен
байланысы.
30
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
Америка тәжірибесінің зерттеулері көрсеткендей, АҚШ
мемлекеттік дін немесе мемлекет тарапынан басым қамқорлық
алатын дін концепциясынан бас тартқан, ол мәдени-тарихи
жағынан түсінікті-ақ. Мемлекеттік үкімет және діни инсти-
туттар арасындағы заңды байланыстарды реттеудің негізі
болып 1791 жылы басқа тоғызымен қатар күшіне енген және
көпшілікке Билль құқықтары туралы (Bill of Rights) деген атпен
белгілі АҚШ Конституциясына енгізілген Бірінші түзетулер
(First Amendment) саналады. Толығымен Бірінші түзетуде:
«Конгресс қандай болмасын дінді қабылдау немесе оны еркін
қабылдауға тыйым салатын, сөз немесе басылым еркіндігіне
немесе халықтың бейбітшілік жиындарына және мемлекетке
қателіктерді түзету туралы петициямен шығуға шек қоятын
заңдар шығармауы керек», − делінген.
Мемлекеттен шіркеудің бөлінгендігі туралы заңнама
бекітілгеніне қарамастан, Пенсильвания, Нью-Гемпшир,
Джорджия, Коннектикут пен Массачусетс конституцияла-
рында діни ұйымдарға басымдық және осы штаттар тарапы-
нан қамқорлық туралы арнайы айтылған. АҚШ-та дінге сенім
бойынша бостандықты анықтаудың негізі болып саналатын
басты қағидалар АҚШ Конституциясының VI бабында және
Конституцияның Бірінші түзетуінің кіріспе сөзінде айтылған.
Бұл қағидалар әртүрлі дінге сенуші немесе ешқандай дінге
жатпайтын адамдардың бір мемлекетте бейбітшілікте қатар
өмір сүруіне мүмкіндік беретін негізгі ережелер болып табы-
лады. Аталмыш бапта: «Құрама Штаттар бекіткен кез-келген
қызметке немесе ресми қызметке орналасу үшін қандай діни
сенімге жататыны туралы растама сұралмауы керек», − деген
ұстаным бар.
Түзетудің тек бірінші бөлімі ғана дінге қатысты, оның өзін
конституциялық құқық мамандары екі тармаққа бөледі. Құру
туралы Ереже (Establishment Clause) АҚШ үкіметі ешкімді
өз еркінсіз қандай да болмасын діни оқуды немесе культті
қабылдауға немесе қамқорлық жасауға мәжбүрлемейтіндігіне
кепілдік береді. Дінді таңдау еркіндігі туралы Ереже (Free
Exercise Clause) мемлекеттік үкімет ешкімге өзі таңдаған дін-
31
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
нің қағидаларын, ережелері мен рәсімдерін сақтауға ешқан-
дай бөгет жасамайтындығына біржақты кепілдік береді.
1964 жылғы азаматтық құқықтар туралы Заңның VII бө-
лімі жұмыс орнында нәсіліне, түр түсіне, діни сеніміне,
жынысы мен ұлтына қатысты кемсітуге тыйым салады. Жұмыс
орнында діни сеніміне қарай кемсіту туралы заң 15 адамнан
көп жұмысшысы бар барлық компанияларға қатысты. 2008
жылы жұмыспен қамтамасыз ету саласындағы Федералдық
Комиссия заңнамаларды орындау бойынша 94 беттік жаңа
нұсқау басып шығарды, ол құжатта жұмыс берушілердің өз
жұмысшыларының діни мұқтаждықтары мен сенімдеріне деген
қамқорлықтары туралы ондаған нақты мысалдар келтірілген.
Жыл сайын АҚШ Президенті 16 қаңтарды
діни сенім
бостандығы Күні (Religious Freedom Day) деп жариялайды
және бұл күнді отбасында, мектептер мен жоғары оқу орын-
дарында, бизнес-ұжымдарында әртүрлі іс-шаралармен атап
өтуге шақырады.
АҚШ-та халықтың діни сенімі бойынша жағдай өте
күрделі, секталар мен жеке шіркеулік ұйымдар саны мен
түрі бойынша әлемде бірінші орын алады. Америка Құрама
Штаттарында шіркеулік топтардың барлығы жүйелі түрде
өз мүшелерін есепке алып отырғанына қарамастан, халық-
тың діни құрамын анықтау өте қиын. Оның себебі АҚШ
шіркеулері мен секталарының өз мүшелерін анықтауда әртүрлі
критерийлерге бағынатынына байланысты болып отыр.
Рим-католиктік шіркеуі, соңғы уақытта Епископтік
шіркеу мен көптеген лютерандық шіркеулік ұйымдар бар-
лық шоқынғандарды есепке алатын болды. Иудаистік қоғам-
дар барлық еврейлерді өз мүшесі деп санайды. Көптеген
протестанттық ұйымдар ұйым мүшелері деп белгілі бір
жасқа толған (13-жастан бастап) «толыққанды мүшелерді»
ғана есептейді.
Санды анықтауда әртүрлі критерийлерді қолдану
мемлекетте қандай діни топ басымырақ екенін анықтауға
мүмкіншілік бермейді. АҚШ-та ағымдық статистикалық
есеп қандай да болмасын бір діни топтың 14 жастан асқан
32
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
мүшелері арасында таңдамалы зерттеу жүргізу арқылы
жүргізіледі. Бұл көрсеткіштер шартты түрде, өйткені олар-
дың критерийі болып сұранылған адамдардың формальды
түрде шіркеулік топтардың біреуіне жататыны алынады. Іс
жүзінде сұралған адамдардың көпшілігі жауап кезінде өзінің
нақты конфессиялық жағдайы, өзінің діні емес, аталған дінге,
шіркеуге тек дәстүрлі түрде ғана қатысы бар екендігі (тууына,
шоқындырылуына, конфирмациясына, т. с. с. байланысты)
анықталды. Американдық Қоғамдық пікір институтының
мәліметтері бойынша, елдегі халықтың 46 пайызы ғана
шіркеуге барады екен.
Америка тәжірибесін қорытындылай келе, нақты әлеу-
меттік зерттеу мен статистикалық тіркеу конфессиялық
картаны жасаудың қажетті шарты болып саналады және тек
заңнамалық жағынан ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен
бірге мемлекеттік-конфессиялық саясаттың тиімді құрылуына
қызмет етеді деуге болады.
Кеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттерде дін мәртебесі
туралы мәселе өзекті болып саналады және ол ұлттық
заңнамалар аясында шешімін табуда. Грузия Конституциясы
дәстүрлі дін деп аталатын мәртебе енгізді. Осының негізінде
мемлекет Грузияның Православиялық апостол шіркеуімен
келісімшартқа отырып, оған бірқатар преференциялар
берді (Грузия мемлекеті мен Грузияның автокефальді Право-
славиялық шіркеуі арасындағы Конституциялық келісім).
Арменияның 1991 ж. 17 маусымындағы М9-0333-1 «Ар
еркіндігі мен діни ұйымдар туралы» Заңының 17 бабы
мен преамбуласында Армян апостолдық шіркеуін армян
халқының ұлттық шіркеуі деп бекітті. Заңның 17 бабы
республикадан тыс жердегі Армян апостолдық шіркеуі
Армения Республикасы тарапынан халықаралық құқықтық
нормалар аясында қорғалады деп жариялайды.
Эстонияда мемлекеттік шіркеу жоқ (Конституцияның
40 бабы). Бірақ 1993 ж. 20 мамырдағы «Шіркеулер мен
бірлестіктер туралы» Заңның 19 бабы католиктік шіркеумен
конкордатқа сүйенеді. Басқа шіркеулер қамқорлық және
33
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
ағартушылық қызмет көрсетуде өзара байланыс жасайтын
министірліктермен келісімшартқа отырады.
Латвияда «Діни ұйымдар туралы» Заңның 2-бабы-
на сәйкес мемлекет бірде бір дінге немесе конфессияға
басымдылық бермейді. Сонымен қатар, дәстүрлі емес діни
ұйымдар мен діни конфессиялар бөлінеді (4 бап). Бірін-
шілер үшін тіркеуге тұрған күннен бастап үш жылдан
кейін заңды тұлға мәртебесі беріледі деген шарт қойылған
(5 бап). 2002 ж. 12 қыркүйегінде Латвия мемлекеті Ватикан-
мен конкордатқа отырды, анығырақ айтқанда, ол шіркеулік
некені мақұлдайды. Конкордат, сонымен қатар, Латвиядағы
Рим-католик шіркеуінің мәдени-тарихи мұрасын, мысалы,
Аглон шіркеуін қорғайды. Бұл акт халықаралық келісімшарт
болып саналады, ал басқа діни ұйымдар мемлекетпен қарым-
қатынасын бекіткісі келсе мемлекетішілік келісімшартқа
отыруға құқылы. Латвияда дін саласындағы нормативтік
базаны жетілдіру үрдісі әлі күнге дейін жалғасуда. 2004 ж.
8 маусымында Латвияның Евангелие-лютерандық шіркеуі-
мен, латвияның Православтық шіркеуімен, Латвияның По-
морск шіркеуімен, Латвия баптистер Кеңесімен, Жетінші күн
адвентистері бірлестігі Кеңесімен және Бірлескен методис-
тік шіркеумен келісімшарттарға қол қойылды.
Литвада дәстүрлі және дәстүрлі емес діни бірлестіктер анық
бөлінген. Біріншілерге рим-католиктері, грек-католиктері,
евангелиелік-лютерандар, евангелиелік-реформаторлар, право-
славтар, ескі рәсімділер (старообрядцы), иудаистер, караим-
дер мен мұсылман-сунниттер енеді («Діни бірлестіктер мен
қоғамдастықтар туралы» Заңның 5 бабы, 1995 ж. 4 қазан).
2008 жылы бұл тізімге Жетінші күн адвентистері қосылды.
Мемлекеттік таным дегеніміз, бұл бірлестіктерге мемлекет
тарапынан рухани, мәдени және әлеуметтік мұраларына
қамқорлық көрсету. Дәстүрлі емес діни ұйымдар, егер қоғам
қолдауына ие болса және олардың оқуы мен рәсімдері заң
мен адамгершілікке қарсы келмесе, мемлекет тарапынан
қолдау ала алады (6 баптың (а) тарауы). Мемлекет тарапынан
қолдау алу үшін діни ұйымдар Литвада ресми тіркелген
34
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
күннен бастап 25 жылдан кейін ғана құжат өткізуге құқылары
бар. Егер мемлекет тарапынан қолдау көрсету туралы өтініш
қанағаттандырылмаса, қайтадан тек 10 жыл өткесін ғана
сұраныс жасауға болады. Мемлекеттік қолдауды Сейм береді
(6 баптың (б) тармағы).
Кеңес кезеңінен кейінгі мемлекеттерде діни ұйымдардың
қызметі олардың мәдени-тарихи құндылықтары ескеріле
отырып, және діни жаңа үрдістерге сәйкес заңнамалық
реттелу арқылы жүргізілуде.
Жалпы аймақтарға шолу жасау арқылы көптеген демо-
кратиялық елдерде мемлекет пен діни ұйымдар өзара
қарым-қатынастарын нақты ұйымдастырады, өйткені мем-
лекет елдегі әртүрлі конфессиялардың легитимациясына,
елдегі тарихи рөліне, мөлшеріне (қолдаушылардың санына),
қоғамдық іс-әрекеттерге қатысуына бейжайлық көрсете ал-
майды. Кейбір конфессияларды тіркеудің ерекше режимдері
бар, тіпті мемлекеттік (ресми) шіркеу мәртебесі де кездеседі,
мемлекет пен діни ұйымдар арасында арнайы келісім-
шартқа отыру мәселесі де қарастырылуда. Мемлекет тарапы-
нан маңызды және онша маңызды емес деген конфессиялар-
ға қатысты әртүрлі қарым-қатынастар да бар екендігі белгілі.
Қазақстан жаңа дәуірдегі тарихи даму барысында зайыр-
лы мемлекет мәртебесін алды, қазіргі уақытта әлемдегі ең
үлгілі зайырлылық үлгісін жасауға талпынуда. Дәстүрлі тари-
хи діндарлығы анық көрінетін елдердің тәжірибесі көрсетіп
отырғандай, мемлекет зайырлылығының бірыңғай үлгісі жоқ.
Қазақстанда әлі өзінің жеке үлгісі жасалған жоқ,
сондықтан зайырлылық концепциясы туралы сөз қозғаған
жөн деп ойлаймыз. Шынайы көп конфессиялық жағдайда
концепцияны жалғастыру дінге сенушілер мен дінге сенбейтін
азаматтар арасындағы мүдделер тепе-теңдігін сақтауға,
қазақстандық қоғамда конфессия аралық бейбітшілікті
сақтау және келісім қызметін атқаруға мүмкіндік береді.
Бірақ бұл жоба – тек қана үлгінің гуманитарлық суреттемесі,
оны түбегейлі жасау үшін қазіргі Қазақстандағы діндерді
жүйелі түрде зерттеу қажет.
35
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
Міне, сондықтан Қазақстанда зайырлылық үлгісін жасау
үрдісін зерттеудің төмендегідей бағыттарын мәселелері
алынады:
− заманауи қазақстандық қоғам өмірінде әлеуметтік-
мәдени институт ретінде діннің алатын орны мен маңызын
анықтау;
− Қазақстандағы басқа ұйымдардың қатарында әлеуметтік
институт ретінде діннің мәртебесін айқындау;
− конфессиялардың әрқайсысының қызмет ету
масштабын анықтай отырып, Қазақстандағы конфессиялық
өрісті зерттеу;
− халықтың діндарлығының сипаты мен үрдістерін зерттеу
(әртүрлі топтар мен аймақтар арасында);
− діни менталитет пен азаматтық әлеуметтендіру
үрдістерінің өзара байланысын анықтау;
− этноконфессиялық конверсиясындағы қозғалысқа
талдау жүргізу;
− діни ұйымдардың әлеуметтік қызметінің ерекшелілігі;
− заманауи әлеуметтік үдерісте жаңа діни ұйымдардың рөлі.
Қазақстандық шынайылық төңірегінде діни жағдайдың
даму үрдісін теориялық тұрғыдан зерттеу және қайта құру
үшін діннің рөлі мен қызметін біржақты қарамайтын, қазір-
гі қазақстандықтар өмірінде діндарлық факторының жағдайы
мен даму барысын толық, ашық көрсетуге мүмкіндік беретін
тәртіпаралық әдісті қолдану керек. Діндарлық үлгісін
теориялық қайта жасау дәстүрлі, жаңа және квазидіни
ұйымдардың әртүрлі әлеуметтік топтардың тәртібі мен
өмір сүруіне, діни көзқарасына байланысты азаматтық
белсенділігінің өсуіне әсер ету көлемін анықтауға мүмкіндік
береді. Жеке адамды азаматтық әлеуметтендіруге дін, білім,
БАҚ-тың тигізетін әсерін салыстырмалы түрде талдау
негізгі мақсаттар мен зайырлылық жүйесі жағдайындағы
мемлекеттік-конфессиялық үлгінің жобаларын анықтауға
мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған зерттеу бағыттары қазіргі
Қазақстанға зайырлылық үлгісінің қайсысын таңдау керек
екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
36
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
1.3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-
КОНФЕССИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ
Достарыңызбен бөлісу: |