Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
Алматылықтар басқаларға қарағанда діни бірлестіктерді
тіркеуден өткізу шарасын көбірек қолдайды. Мемлекеттік
мекемелерде намазханалардың ашылуына тыйым салу шара-
ларын алматылықтар басқа аймақтармен салыстырғанда аз
деңгейде қолдайды.
Ауылды мекендердің тұрғындары басқаларға қарағанда
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңындағы
жаңа өзгерістерді жиірек қолдап отыр.
115
Қазақстан халқының «Діни қызмет және діни
бірлестіктер туралы» ҚР Заңына қатынасы
3.4. «ДІНИ ҚЫЗМЕТ ПЕН ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР ТУРАЛЫ»
ҚР ЗАҢЫНЫҢ ЕЛДЕГІ ДІНИ ЖАҒДАЙҒА ЫҚПАЛ ЕТУ
МҮМКІНДІГІН БАҒАЛАУ
Респонденттердің төрттен бір бөлігі «Діни қызмет пен
діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңын қабылдау және оны
қолдану мемлекетте қалыптасқан діни жағдайға түбегейлі
өзгерістер әкелмейді деп санайды. Тең жартысы (52,85%)
заңнамалық талпыныстар жағдайдың түзелуіне әкеліп
соқтырады деп ойласа, әрбір бесінші адам (19,5%) жауап
беруге қиналды, тек 1,6% ғана заң тарабынан көрсетілетін
шаралар есебінен жағдайдың нашарлау мүмкіндігін меңзеген
болатын (диаграмма 22).
Диаграмма 22
«Заңды пайдалану практикасы ҚР діни ахуалына қалай
әсер етеді?» деген сұраққа берілген жауаптар бөлінісі (%)
Жас ерекшеліктері бойынша ересек топтағы респон-
денттер заңның болашақтағы артықшылықтарын байсалды
Оның
жақсаруына
ықпал етеді
52,9%
Ахуалды
түбегейлі
өзгертпейді
26,1%
Оның
нашарлауына
әсер етеді
1,6%
Жауап беруге
қиналамын
19,4%
116
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
түрде яғни 57,1% бағалайды. Жастар өз кезегінде бұл сұраққа
әрдайым сабырлықпен қарай бермейді, оған орта жастағы
респонденттерді де, яғни 50% шамасында қосуға болады.
Зейнеткер тобының көрсеткіші 54% (диаграмма 23).
Барлық жас топтарындағы респонденттердің тең жартысы
заң жағдайдың жақсаруына әкеліп соқтырады деп ойлайды.
Диаграмма 23
Жас шамасы бойынша «Заңды пайдалану тәжірибесі ҚР
діни ахуалына қалай әсер етеді?» деген сұраққа берілген
жауаптар бөлінісі (%)
50,6
50,9
57,1
54
,0
26,2
28,5
23,9
23,1
21,8
18,7
17,6
21,3
0
20
40
60
80
100
18-29 жас
аралығы
Оның жақсаруына ықпал етеді
Ахуалды түбегейлі өзгертпейді
Оның нашарлауына әсер етеді
Жауап беруге қиналамын
30-45 жас
аралығы
46-60 жас
аралығы
61 жастан
және үлкен
117
Қазақстан халқының «Діни қызмет және діни
бірлестіктер туралы» ҚР Заңына қатынасы
Этникалық топтар көрсеткіштері бойынша пессимистік
көңіл-күйлерді орыс ұлтының өкілдерінің арасынан байқауға
болады, яғни олардың тең жартысынан азы (48,7%) заңның
жағдайдың жақсаруына әкеліп соқтырады деген ойда (диа-
грамма 24).
Диаграмма 24
Этникалық топтар бойынша «Заңды пайдалану
практикасы ҚР діни ахуалына қалай әсер етеді?» деген
сұраққа берілген жауаптар бөлінісі (%)
54,0
48,7
56,5
26,8
24,6
25,1
17,6
24,4
18,1
0
20
40
60
80
100
Қазақ
Орыс
Басқа ұлт
Оның жақсаруына ықпал етеді
Ахуалды түбегейлі өзгертпейді
Оның нашарлауына әсер етеді
Жауап беруге қиналамын
118
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
Көрсеткіші 50%-дан асатын білім деңгейі бойынша жеті
топтың төртеуі жаңа заң мемлекеттегі діни жағдайға оң
әсерін тигізеді деп ойлайды. Респонденттердің арасында бұл
көрсеткіш арнайы орта білімі бар – 54% және жоғары білімі
барлар – 54,7% арасында жоғары болып келеді (диаграмма 25).
Ары қарай жалпы орта білімі – 52,9%, аяқталмаған
жоғары білімі барлар – 50,2% орналасқан. Ғылыми дәрежелері
бар респонденттердің қолдауы төмендеу, яғни 37,2%.
Диаграмма 25
Білім деңгейі бойынша «Заңды пайдалану практикасы
ҚР діни ахуалына қалай әсер етеді?» деген сұраққа
берілген жауаптар бөлінісі (%)
37,2
54,7
50,2
54
,0
52,9
47,2
36
,0
24,9
32,9
24,7
24,7
26,9
26,8
19,1
14,9
19,3
20,9
24
,0
0
20
40
60
80
100
Оның жақсаруына ықпал етеді
Ахуалды түбегейлі өзгертпейді
Оның нашарлауына әсер етеді
Жауап беруге қиналамын
Жоғары дәрежесі бар
Жоғары
Аяқталмаған жоғары
Арнайы орта кәсіби білім
Жалпы орта
Аяқталмаған орта
119
Қазақстан халқының «Діни қызмет және діни
бірлестіктер туралы» ҚР Заңына қатынасы
Діни идентификация бойынша діндар (55,9%) және
«дәлірегі діндар» топтар (51,6%) заңның діни жағдайды
жақсарту мүмкіндіктеріне қатысты өздерінің сенім ұялатар
пікірлерін білдірген болатын (диаграмма 26).
Диаграмма 26
Діндарлық деңгейі бойынша «Заңды пайдалану
практикасы ҚР діни ахуалына қалай әсер етеді» деген
сұраққа берілген жауаптар бөлінісі (%)
55,9
51,6
47,4
52,5
41,9
25,9
28,0
30,7
13,1
22,6
16,3
19,3
20,4
32,3
32,3
0
20
40
60
80
100
Иә, діндармын
Дәлірегі діндармын
Дәлірегі діндар емеспін
Жоқ, діндар емеспін
Жауап беруге қиналамын
Оның жақсаруына ықпал етеді
Ахуалды түбегейлі өзгертпейді
Оның нашарлауына әсер етеді
Жауап беруге қиналамын
120
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
Шараны қолдау бойынша ауылдық мекен – 64,1%, астана
– 44,2% арасында едәуір айырмашылық бар. Алматымен
айырмашылық сәл төмендеу – 56%. Кішігірім қалаларда
да қолдау көрсеткіші жоғары емес – 49,9%. Бұл жағдайда
тәжірибелердің көптеген түрлері туралы айтуға болады.
Ауылдық мекенде діни таңдау ата-аналық тәрбиесінен
бастау алса, қалалық мекендерде ол көбінесе жеке тұлғалық
мотивтермен байланысты болып келеді. Оңтүстік Алматы
мен солтүстік Астана арасында этникалық код бойынша
айырмашылық көрініс табады (диаграмма 27).
Диаграмма 27
Елді мекен түрі бойынша «Заңды пайдалану практикасы
ҚР діни ахуалына қалай әсер етеді» деген сұраққа
берілген жауаптар бөлінісі (%)
45
,0
49,3
48,6
54,6
55,1
24,2
29,3
29,8
23,5
25,2
28,3
20
,0
20,4
20,3
17,9
0
20
40
60
80
100
Оның жақсаруына ықпал етеді
Ахуалды түбегейлі өзгертпейді
Оның нашарлауына әсер етеді
Жауап беруге қиналамын
Басқала
Республикалық дәрежедегі қала
Облыс орталығы
Кішігірім қала
Ауыл
121
Қазақстан халқының «Діни қызмет және діни
бірлестіктер туралы» ҚР Заңына қатынасы
3.5. РЕСПОНДЕНТТЕРДІҢ ДІНИ ҚЫЗМЕТТІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ
БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАРЫ
Респонденттерге заңда көрсетілмей қалған немесе басты
назар аударуды талап ететін ұсыныстарды әзірлеу ұсынылған
болатын.
Ұсыныстарды мазмұн бойынша топтастырып өтейік,
классификацияның негізін қызмет принципі жатады.
«Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңын
орындау бойынша ұсынылатын әрекетттер
Міндеттер сипатындағы ұсыныстар:
•
Барлық діни ұйымдар мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс
•
Тіркемес бұрын, шынайы мақсаттарын анықтап алу
•
Мемлекеттік мекемелер мен түзету орындарында намаз-
ханаларға рұқсат берілмеу.
•
Діни бірлестіктердің (діни көшбасшылардың) пайдасы-
на жеке мүлікті өткізуге тыйым салу
•
Жастарды діни секталарға тартқаны үшін қатал жаза
қолдану, 18 жасқа дейінгі балаларды діни бірлестіктер
қызметінен аулақ ұстау
•
Ақпараттық материалдарға сараптама жүргізу
•
Діни өкілдерді (миссионерлерді) тексеру
•
Адамның тұлғалық қаситетін бұзатын секталардың,
экстремистік ұйымдардың қызметіне тыйым жасау
Тілек ұсыныстар:
•
Әрбір діни ұйым қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету
•
ДБ қаржыландырылу көздерін тексеру
•
Діни бірлестіктерді бақылау
•
Балалар діни бірлестіктерге қатыспау керек
•
Мемлекетке қажетті діни бірлестіктерді ғана тіркеу
қажет
122
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
•
Дін жайлы халықтың ақпараттылығын күшейту
•
Жетекшілер үшін арнайы діни білім ұсынылуы тиіс
•
Мектепте «Дінтану» пәнін енгізу, өйткені, бұл өмірдің
басты сұрағы, балалар діни сауатты болулары тиіс. Балалар
үшін діни мектептер мен бақшаларды ашу
•
Мектептерде профилактикалық жұмысты атқаратын
дінтанушы қажет
•
Жастардың назарын дінге бұру
•
Мұсылманның сыртқы келбеті заманауи адамдарға сай
болуы тиіс
•
Барлық шиеленістер мен дау-дамайлар бейбіт жолмен
шешілуі тиіс
•
Заңды жасап шығару мен қолдануда шет мемлекеттердің
тәжірибесін қолдану
Баламалы ұсыныстар:
•
Мемлекеттік мекемелер мен ауруханаларда намаз-
ханаларды қайта құру қажет
•
Тек екі әлемдік дін, яғни ислам мен православие болуы
тиіс
•
Исламдық дінді дамыту
•
Барлық діни ұйымдарды жабу керек
•
Исламның барлық үгіт насихаттарына тыйым салу керек
•
Сақал өсіру мен хиджаб киюге тыйым салу керек
•
Үгіт насихатқа тыйым салу
•
... деңгейге жеткендерге бес уақыт намаз оқуға тыйым
салу
•
Діни қайраткерлер мемлекеттің істеріне араласпауы тиіс
•
Діни қайраткерлер жастар тәрбиесімен айналысуы тиіс
Ұсыныс ұйғарымдар:
•
Діни сенім еркіндігін қамтамасыз ету
•
Асыра сілтеусіз әрекет ету
•
Барлық конфессиялар өкілдерінің құқығы тапталуына
жол бермеу, теңдікті сақтау, барлық діндердің дәстүрлерін
ескеру
123
Қазақстан халқының «Діни қызмет және діни
бірлестіктер туралы» ҚР Заңына қатынасы
•
Барлық діндерге сыйластықпен қарау
•
Қасиетті орындарды арамдамау
•
Православиялық шіркеудегі ғұрыптар төмен баға
бойынша орындалуы тиіс
•
«Жол картасы» бағдарламасына храмдар мен мешіттерді
салу мен орнына келтіруді енгізу
•
Шіркеулер мен мешіттерді көбірек салу
•
Діни терроризмнің таралуына қарсы күрес жүргізуді
күшейту
•
Азаматтар қауіпсіздігінің мәселелерін қамтамасыз ету
Сақтандыру ұсыныстары:
•
Шет елден келген мұсылмандарға сақтықпен қарау керек
•
Діни ұйымдар адамдарға көмектесуі тиіс. Кезінде мен
мешіттердің жастарды дұрыс тәрбиелейтініне сенетінмін, ал
қазір оларға сенім білдірмеймін, ондағы Исламның дұрыс
түсіндірілмеуі бар. Арабтардың емес, өзіміздің қазақы дәс-
түрлерімізді дамыту керек.
124
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
3.6. ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
«Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңына
Қазақстан халқының қатынастарын анықтауды мақсат
етіп алған жүргізілген әлеуметтік зерттеу түрлі әлеуметтік
топтардың діни менталдығы жағдайына сай келетін кейбір
ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеу нәтижелері келесі үдерістерді аңғартты:
- мемлекет халқының «Діни қызмет пен діни бірлестіктер
туралы» ҚР Заңының қабылдануы және оның мазмұны жайлы
жеткілікті деңгейде ақпараттандырылмауы;
- жалпы халықтың «Діни қызмет пен діни бірлестіктер ту-
ралы» ҚР Заңының қабылданғандығына және алдыңғы заңмен
салыстырғанда енгізілген жаңа өзгерістерге оң көзқараста болуы;
- діндар емес, дәлірегі діндар еместер және өзінің діндарлық
деңгейін айқындауға қиналғандармен салыстырғанда өздерін
діндар және дәлірегі діндар ретінде идентификациялайтын
респонденттердің жеткілікті ақпараттандырылғандығы және
жаңа өзгертулерге байсалды позициясы;
- ер адамдар мен әйел адамдардың дін және діни қызмет
саласындағы мемлекеттік саясаттың бағыттарына деген көзқа-
растарының бірлігі;
- түрлі этникалық топтар өкілдерінің «Діни қызмет
пен діни бірлестік туралы» ҚР Заңының жаңа өзгертулеріне
қатысты бағалауларының сай келуі;
- ересектердің жастармен салыстырғанда, ауылдық
мекеннің қалалық мекенмен салыстырғанда ҚР Заңының жаңа
өзгертулерін көбірек қабылдауы;
- басқа аймақтардың респонденттерімен салыстырғанда
Астана тұрғындарының заңды аз мөлшерде қабылдауы;
- Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе,
Павлодар, Жамбыл облыстарының респонденттер топтары-
ның жеке өзгертулерді сыни тұрғыдан қабылдауы;
- білім жоқ және ғылыми дәрежесі бар тұлғалардың
аксиологиялық көзқарастарының бірізді болмауы;
125
Қазақстан халқының «Діни қызмет және діни
бірлестіктер туралы» ҚР Заңына қатынасы
- аяқталмаған жоғары білімі бар респонденттердің ҚР
Заңы жайлы пайымдауларының айқынсыздығы (студенттер
болуы мүмкін);
- респонденттердің мемлекеттегі діни жағдайға қатысты
өз көзқарастарын білдіру мүмкіндігіне қызығушылық танытуы
және оларды қосымшалар ретінде әзірлеуі.
Мониторинг нәтижелері Қазақстанда діни жағдайды
теориялық тұрғыдан түсіндіру мақсатында қолданылуы
мүмкін, мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара әрекет-
тесулерін реттейтін заңнан туындаған актілерді жасап
шығарудың негізі бола алады.
126
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ
Орта Азия мен Қазақстандағы діни ахуал динамикалық
түрде даму үстінде. Осы орайда, дін құбылысы мен діннің
көптеген көріністеріне ғылыми қызығушылық артуда.
Діни фактордық қоғамдық-экономикалық, мәдени, саяси
өзгерістермен қарым-қатынасын және тұтастық мәселелерін
зерттеу өзекті болып келеді. Бұл үдеріс тек жергілікті ғана
емес, сонымен қатар, ғаламдық деңгейде орын алып отыр.
Қазіргі таңда дін геосаяси стратегиялардың факторы болып
отыр, сондықтан да, Қазақстандағы жаңа мемлекеттік-
конфессиялық концепцияның қалыптасуында қолданылатын
салмақты болжамдардың маңызы артуда.
Дін құбылысын қазіргі заман ғылымы қойған шарттары
аясында зерттеу діни қызмет туралы заңнаманы дамыту
бойынша көптеген мүмкіндіктерді ашады. Қазіргі таңда
өзге мемлекеттердің тәжірибелеріне сай келетін түсініктік
аппаратты дамыту (понятийный аппарат) және діни ұйым-
дардың іс-әрекетін сараптамалық бағалалау мен қоғам-
дық мониторинг жүргізуде заманауи сұрыптауларды қол-
дану қажет екендігі анық. Діни ұйымдардың іс-әрекеттерін
бағалаудағы кешенді әдіснамаға сүйене отырып, оларды
жіктеу (классификациялау), сонымен қатар, әлеуметтік
нәтижелерін анықтаудағы инновациялық жүйе өлшемдерін
қалыптастыру мониторинг мақсатында діни ұйымдармен
қарым-қатынастарға түсетін мемлекеттік басқару субъекті-
леріне сұрыптау құралдарын ұсынады. Сонымен қатар,
діни қызметтің обьективті жағдайын анықтау үшін барлық
діни ұйымдар азаматтық қоғамға өздерінің әлеуметтік
бағдарламаларын және олардың жүзеге асыруындағы нәти-
желелерді жан-жақты талқылау мен бағалау үшін ұсыну
қажет.
Негізінен, Қазақстанда дінді қоғамдық институт ретінде
және оның қазіргі таңдағы қоғамдық-саяси үрдіске тигізер
ықпалын зерттеу жаңадан басталып келеді. Идеологиялық
127
Қорытынды
үрдістерді тиімді басқару үшін басқару обьектісін, яғни
үнемі өзгеріп отыратын бұқаралық сана құрылымын анық
білу маңызды. Ал оны анықтау үшін үнемі мониторинг жүр-
гізіп, үлгіні қайта қарастыру қажет. Реконструкцияланған
негізгі үлгісіз ықпал ету көлемін бағалау үрдісі мен сәйкес
сұрыптау құралдарын таңдау қиын болып отыр. Саяси
жүйенің, қоғамдық құрылым мен экономикалық жағдайдың
трансформациялану жағдайында қоғамда әрқашан да құнды-
лықтық жүйенің өзгеруінің орын алатынын ескерсек, онда
мемлекет пен қоғам азаматтық ділге идеологиялық ықпал ету
тізгінінен айырылып қалмауы тиіс. Діндарлық үлгісін қайта
қарастыру (реконструкциялау) қазақстандықтардың қазіргі
таңдағы дүниетанымдық құрылымын қалыптастыру үшін
ғана емес, сонымен қатар, азаматтық өмірге діни ықпалдың
бағыттарын анықтауға да үлесін тигізеді. Діндарлықтың қайта
қарастырылған үлгісі Қазақстандағы мемлекеттің зайыр-
лылылық үлгісінің негізгі ұстындарын қалыптастыруда, он-
дағы азаматтық қоғам институттары мен діни ұйымдардың
орнын анықтауға мүмкін береді.
Діндарлық үлгісін реконструкциялау кешенді социо-
гуманитарлық зерттеулер арқылы қамтамасыз етіледі.
Социологиялық әдістерді, философиялық әдіснаманы,
саясаттанулық технологияларды қолдану қазіргі таңдағы
ділдің құрылымы мен қызметтерін түсіну үшін маңызды
және діндарлық үлгісін қайта реконструкциялауға мүмкін-
дік береді. Сол себептен, философиялық концептуализа-
циямен біріктірілген діндарлықты анықтаудағы кешенді
социологиялық мониторинг жүргізу қажет, бұл өз кезегінде
қоғамдық ділдің моделін реконструкциялауға мүмкіндіктер
ашады.
Қазақстанның діни ұйымдармен қарым-қатынас сала-
сындағы мемлекеттік саясатының басты мақсаттарының
бірі қазақстан қоғамын нығайту, тұрақтылық және рухани-
адамгершілік құндылықтарын қайта жаңғырту болып табы-
лады. Мемлекет өзін бір-де бір дінмен байланыстырмайды,
алайда, кез-келген тарихи және мәдени жүйеде қалыптасқан
128
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
діни дүниетанымның жағымды қоғамдық-адамгершілік
әлеуетін қажет етеді; діндарлар мен діндар емес азаматтар-
дың түрлі діни ұйымдардың, этноконфессиялық топтардың
мүдделерін үйлестіруге ұмтылады; түрлі дүниетанымдық
және діни топтар арасындағы шынайы түсіністік орнатуға
ұмтылады. Қазақстандық мемлекет пен діни ұйымдар арасын-
да екі ортақ ынтымақстастық саласы бар, олар бейбітшілік
пен азаматтық келісімді насихаттау және мәдениетті қайта
жаңғырту.
Қазіргі таңдағы Қазақстан қоғамының даму бағыттары,
оның қазіргі таңда бәскеге қабілетті болуы, дамудық
тұрақтылығы және маңызды геосаяси субъект болуы діни
ахуалдың көрінісінен, аталмыш саладағы бағыттардың
дамуына байланысты.
129
Алғы сөз
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және
дінтану институты туралы мәлімет
Философия және саясаттану институты 1999 жылдың
ақпан айында 1958 жылы ашылған Философия және құқық
институтының және 1991 жылғы Философия институтының
негізінде құрылды. Ол 2012 жылдың мамыр айында ҚР
Үкіметінің қаулысымен Философия, саясаттану және дінтану
институты болып қайта аталды.
Институттың мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекеме ретін-
дегі негізгі міндеттері қазіргі қазақстандық қоғамның зияткер-
лік және рухани-адамгершілік әлеуетін дамытуға бағытталған
философиялық-дүниетанымдық, философиялық-әдіснамалық,
саясаттанулық, дінтанулық және әлеуметтанулық зерттеулер
жүргізу болып табылады.
Бүгінде Философия, саясаттану және дінтану институты
жоғары кәсіби ғылыми-зерттеу орталық болып табылады. Ин-
ститут оның құрылымын айқындайтын үш басты бағыт бой-
ынша жұмыс істейді: философия, саясаттану және дінтану.
Онда ҚР ҰҒА 1 академигі, 2 корреспондент мүшесі, 21 ғылым
докторы, 13 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы, 8 PhD доктор-
анты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Институт 2012-
2014 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберінде
« Елдің зияткерлік әлеуеті» басым бағыты бойынша 25 ғылыми-
зерттеу жобасын орындап, « Ғылыми қазына» салааралық
ғылыми бағдарламасы аясында зерттеулер жүргізіп келеді.
Институт қызметкерлері саясат, ғылым, білім беру,
мәдениет, дін, қазақ және әлемдік философия мәселелері
бойынша монографиялар мен мақалалар жариялайды. Инс-
титут қызметкерлерінің ғылыми жарияланымдары таяу
және алыс шетелдердің ғылыми рейтингтік басылымдарын-
да сұранысқа ие.
130
Достарыңызбен бөлісу: |