1
Алғы сөз
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ
ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ
Елена БУРОВА, Анатолий КОСИЧЕНКО
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ДІНИ АХУАЛДЫ ДАМЫТУДЫҢ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Алматы
2013
2
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
ӘӨЖ 21
КБЖ 86.3
Қ 18
ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану
институтының Ғылыми Кеңесі баспаға ұсынды
Жалпы редакциясын басқарған:
З.К. Шәукенова, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор
С.Е. Нұрмұратов, философия ғылымдарының докторы, профессор
Рецензенттер:
Н.Ж. Бәйтенова, философия ғылымдарының докторы, профессор
Н.Л. Сейтахметова, философия ғылымдарының докторы, профессор
Б.М. Сатершинов, философия ғылымдарының докторы, доцент
Қ 18 Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды дамытудың
өзекті мәселелері / З.К. Шәукенова мен С.Е. Нұрмұратовтың жалпы
редакциясымен. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК ФСДИ, 2013. – 135 б.
ISBN – 978 – 601 – 7082 – 79 – 6
Басылымда Қазақстан Республикасындағы қазіргі діни ахуалдың
қалыптасуына байланысты, сонымен бірге жаһандық үрдістер аясындағы
Орта Азия аймағындағы өзекті мәселелер қарастырылады. Авторлар
діни ахуалдың дамуының негізгі бағыттарын зерттей отырып, мемлекет
пен қоғамның зайырлы даму жағдайында діни ортаны заңмен реттеудің
рөлін анықтап, тұспалды бағасын жасап, тәжірибелік ұсыныстарды
тұжырымдайды.
Материалдар дінтанушыларға, саясаттанушыларға, мемлекеттік
ұйымдар қызметкерлеріне, мемлекеттік-конфессиялық саясатты жүргі-
зуге жауаптыларға, магистранттар мен докторанттарға, сонымен бірге
қызығушылық білдіретін жалпы оқырман қауымға арналған.
ӘӨЖ 21
КБЖ 86.3
ISBN – 978 – 601 – 7082 – 79 – 6 © ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану
және дінтану институты, 2013
© Бурова Е.Е., Косиченко А.Г., 2013
3
Алғы сөз
МАЗМҰНЫ
АЛҒЫ СӨЗ...................................................................................... 5
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-
КОНФЕССИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҮЛГІСІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ................. 7
1.1. Мемлекет зайырлылығының ұстындары:
нормативті құжаттардағы түсініктер, өлшемдер
және іске асыру жолдары............................................................ 10
1.2. Мемлекет зайырлылығының үлгісі:
бірыңғай әдістемесі бар ма?........................................................ 20
1.3. Қазіргі Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық
қатынастарды іске асырудың күрделі мәселелері................. 36
1.4. Қорытындылар мен ұсыныстар................................................. 45
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ АХУАЛДЫҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ МЕН ҮРДІСТЕРІ................................................ 49
2.1. Қазақстанның діни саласының қазіргі жағдайы.................... 53
2.2. Әлемдегі діни ахуалдың дамуының негізгі үрдістері........... 57
2.3. Орта Азиядағы діни ахуалдың даму бағыттары.................... 65
2.4. Қазақстанның мемлекеттік-конфессияаралық
қатынастар саласындағы үрдістері........................................... 69
2.5. Конфессияаралық қатынастар саласындағы үрдістер,
конфессияның ішкі жағдайының дамуы................................. 72
2.6. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси ахуалға діндердің
әсер ету бағыттары........................................................................ 76
2.7. Қорытындылар мен ұсыныстар................................................. 80
3. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ «ДІНИ ҚЫЗМЕТ
ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР ТУРАЛЫ»
ҚР ЗАҢЫНА ҚАТЫНАСЫ........................................................ 87
3.1. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»
ҚР Заңының қабылдануы............................................................. 90
3.2. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»
ҚР Заңының бағалануы................................................................ 97
3.3. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»
ҚР Заңындағы жаңа өзгерістер................................................... 104
4
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
3.4. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»
ҚР Заңының елдегі діни жағдайға ықпал
ету мүмкіндігін бағалау................................................................ 115
3.5. Респонденттердің діни қызметті ұйымдастыру
мен мониторинг жүргізу бойынша ұсыныстары.................. 121
3.6. Әлеуметтік зерттеудің тұжырымдамасы................................. 124
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................... 126
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитетінің Философия, саясаттану
және дінтану институты туралы мәлімет................................ 129
Информация об Институте философии, политологии
и религиоведения Комитета науки Министерства
образования и науки Республики Казахстан............................ 131
Information on the Institute for Philosophy, Political Science
and Religion Studies of Committee of Science of the Ministry
of Education and Science оf the Republic of Kazakhstan.......... 133
5
Алғы сөз
АЛҒЫ СӨЗ
Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанда дінге деген қатынас
қоғам деңгейінде, сонымен бірге мемлекеттік-конфессиялық
қатынастар деңгейінде өзгерді. Қазақстандық қоғам дінді
өзінің маңызды бір бөлігі ретінде есептейді. Дін қоғамдық
дамуда, қазақстандық қоғамның тұрақтылығын сақтауда
маңызды рөл атқарады. Бұл мемлекеттен діни бірлестіктер-
мен тең қатынастарды талап етеді, мемлекеттік-конфессиялық
қатынастар Қазақстан Республикасы үшін маңызды қатынас-
тар санатына енді. Діни бірлестіктер де өз кезегінде мемле-
кетпен өз қатынастарын қалыптастырады, өзінің әлеуметтік-
саяси стратегиясын айқындап, қазіргі Қазақстанның діни
құндылықтарымен келіседі.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының дін саласындағы
ең өзекті мәселесі ретінде мыналарды атап өтуге болады:
барлық діни жағдайды анықтау (себебі, мемлекет діни сала-
да тиімді саясат жүргізу үшін осы саланың нақты жағдайын
білуі қажет, қазіргі уақытта мұнда көптеген жалған ұсы-
ныстар мен таптаурындар (стереотип) көп, діни саланы да-
мыту үрдістерін талдау (бұл үрдістерді жүзеге асыру діннің
жағымды мүмкіндіктерін «пайдалануға» және жағымсыз
жағдайды болдырмауға мүмкіндік береді), мемлекеттік-
конфессиялық қатынастардың іске асуы. Кітапта көрсетіл-
ген нақты мәселелер нәтижесі зерттеу пәні болып табылады.
Көтерілген мәселелердің құрылымдық күрделілігі салдарынан
зерттеу мәселесінің барлық қырлары жұмыста толық көрінді,
оның ішіндегі маңыздылары бұрын зерттелген болатын.
Қазақстан зайырлы мемлекет болғандықтан зайырлылық-
тың қазақстандық үлгісін қалыптастыру міндеті мен соған сәй-
кес мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды құру форма-
сы бүгінде жіті қарастырылуда. Зайырлылық ұстыны қазіргі
әлемде әртүрлі қалыпта жүзеге асады, түрлі елдерде құрылған
зайырлылық үлгісіне талдау жасау демократиялық зайырлы
мемлекеттің бұл ұстынды өз жағдайы мен даму мақсатына
6
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
сай іске асыратыны жайлы қорытынды жасайды. Ұстынды
нақтылы көрсету нысанының әртүрлілігі осыдан келіп шығады.
Қазақстанның бүгінде сыртқы және ішкі саясаттағы діни сала
мен ұлттық мүддені жүзеге асыру негізінде зайырлылықтың
ерекше үлгісін жетілдіру мүмкіндігі бар.
Кітаптың бір тарауы ҚР «Діни қызмет және діни бір-
лестіктер» Заңына қазақстандықтардың қатынасын талдауға
арналған. Бұл талдау 2012 жылы жүргізілген социологиялық
зерттеулер мәліметі бойынша жасалған. Қазақстандық қоғам-
ның діни саладағы мемлекет саясатына қатынасы осы сая-
саттың стратегиялық жоспарлау мен тәжірибелік іске асыру
кезінде жан-жақты ескерілуі керек екеніне көңіл аударған
жөн, сонда қоғамдағы дінге байланысты бірлік пен келісім –
терең де тұрақты болады.
7
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-
КОНФЕССИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҮЛГІСІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
8
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
Әлеуметтік институт ретіндегі діннің рөлі мен қызметінің
өзгеріске ұшырауы, әлеуметтік салада конфессиялар
әрекетінің жандануы, жаңа діни ұйымдардың пайда болуы
мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру үдерісін
өзекті күйге түсіреді. Бұл қатынастар мемлекет мәртебесін
клерикалды немесе зайырлық тұрғысынан анықтауды, қоғам
құрылымындағы діни ұйымдар мәртебесінің көрініс табуын,
мемлекеттің діни институттармен өзара әрекет саясатын
қалыптастыруды ұйғарады.
Өз кезегінде, бұл аталған мәселелерді институт ретіндегі
діннің жалпы түсінігіне ие болмай, оның қазіргі қоғам
өміріндегі рөлін белгілемей, қызметтерін анықтамай көзге
елестету қиынға соғады. Ал әлеуметтік-мәдени институт
ретіндегі дінді ұғыну мен қабылдау үшін діншілдіктің үр-
дістерін, азаматтардың менталитетінде олардың көрініс
табу ерекшеліктерін білу қажет болады. Бұл тұрғыдан
алғанда, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар үлгісін
айқындау мен оны жетілдіру үдерісі әдіснамалық негіздерді
де, ғылыми-тәжірибелік тәсілдемелерді де талап ететіні
даусыз.
Мұндағы әдіснамалық тәсіл әмбебап әрі қайшылықсыз
глоссарий жасап шығарумен, заманауи әлеуметтік-мәдени
институт ретіндегі діннің тұғырларын (концептілерін)
даярлаумен байланысты. Ғылыми-тәжірибелік тәсілдер дін
қызметінің үдерісі барысында пайда болатын өзара қарым-
қатынастарды заңнамалық қамтамасыз етудің салыстырма-
лы талдауын, мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды
реттеу үлгісін жасауды ұйғарады.
Қоғам өміріндегі өзгерістерді, оның бағдарлары мен
құндылықтарын ескере отырып, Қазақстанда институт
ретінде дінге деген қатынастар өзгеріске ұшырады, діннің
әлеуметтік-мәдени маңызын зерттеу мұқтаждығы орын ал-
ды, жалпы дінді барлық бағытта зерттеу қажеттілігі пайда
болды. Қазақстан қоғамының зайырлы дамуы аясында,
мемлекеттік саясаттың дінге әлеуметтік институт ретінде
9
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
қарауы, мемлекеттің діни ұйымдармен арақатынасы,
дүниетаным құрылымындағы діни парадигмалардың
рөлі, мектеп және жоғарғы оқу орындарындағы оқыту мен
ағарту жүйелерінде діни білім берудің тәсідері және тағы да
көптеген өзге мәселелер өзекті бола түсті.
Егеменді даму жылдарында Қазақстан құқықтық,
зайырлы, демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретінде
нақты плюрализмге жағдай жасады. Қазақстандық қоғам-
ның діни сипатта еместігіне қарамастан, қазіргі таңда бізде
әлемдік және дәстүрлі діндердің тұтас шоғырымен қатар
жаңа діни нанымдар мен ғұрыптар кең етек жайды. Көп
жағдайда, нанымдар мен ғұрыптар дін, сенім және руха-
нилықтан алшақтап жатады. Діншілдік пен (саяси құрал
ретінде қолданылатын) дін Қазақстанда тарихи қалыптасқан,
тұрақтылық пен келісімге негізделген өзіндік этномәдени,
конфессиялық, азаматтық және саяси бірегейлік үлгісіне
айтарлықтай әсерін тигізді.
Осы орайда, жоғарыда аталып өткен үдерістердің тетікте-
рін жетік білмеу идеологияны және оның дүниетанымдық
бөлігін нәтижелі қалыптастыруға кері әсерін тигізіп қана
қоймай, қазақстандық бірегейлікке нұқсан келтіреді, қоғам-
дағы шиеленістердің алдын алатын мемлекеттік шешімдерді
дер кезінде қабылдауды қиындатады.
* * *
10
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
1.1. МЕМЛЕКЕТ ЗАЙЫРЛЫЛЫҒЫНЫҢ ҰСТЫНДАРЫ:
НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАРДАҒЫ ТҮСІНІКТЕР,
ӨЛШЕМДЕР ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстандағы қалыптасқан қазіргі әлеуметтік-мәдени
жағдай мемлекеттің конституциялығының негізі ретінде
оның зайырлылық сипатын мойындауға әкелетіні анық.
Қазақстан Республикасының зайырлылығы конституциялық
құрылымның демократизм, әлеуметтілік, дүниетанымдық
сияқты негіздерімен өзара байланысы, діннің қоғамға
күшпен ендірілмейтіні, ешбір діни ұйым мемлекеттік болып
саналмайтыны, ал азаматтардың еркіндігі бар екендігін
көрсетеді.
Егер де клерикалды мемлекетте діни ұйымдардың
мемлекеттен бөлінуі мүмкін жағдай болса, әдетте, атеистік
мемлекетте діни ұйымдарды мемлекеттен, қоғам өмірін
діннен толығымен оқшалау мақсатында ажыратылады, ал
зайырлы мемлекетте діни ұйымдардың қызметтерінің кей-
бір саласына шек қою арқылы, саяси биліктен ажыратылады.
Мемлекет зайырлылығының шарты бойынша мемлекеттің
діни ұйымдардың ішкі істеріне араласпау, ал діни ұйымдардың
мемлекет ісіне араласпау қағидаты бар.
Зайырлы мемлекетте діни ұйымдар мемлекеттен
ажыратылған (бірақ қоғамнан оқшауланбаған) және заң
алдында бәрі тең. Зайырлы мемлекеттің классикалық
үлгісі барлық діни ұйымдарға бейтарап қатынаста болуды,
мемлекеттің діннен және діни ұйымдардан оқшау болуын
көздейді.
Зайырлылықтың арқасында діни ұйымдар мемлекеттік
билікпен тайталаста емес және бір-бірінің ісіне араласпау
қағидатын ұстанып қызмет етуде, ал бұл өз кезегінде биліктің
клерикализациялануына, бір жағынан діннің мемлекеттенуі-
нің алдын алады.
Зайырлылық түсінік аясында мемлекет төмендегі қағидат-
тарға сүйенеді:
11
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
− азаматтардың қандай да бір дін және діни ұйымдарға
жататындығына қарамастан, өмірдің барлық саласында тең
құқығын қамтамасыз етеді;
− азаматтардың дінге деген қатынастарына бейтарап
қарап, олардың таңдауларын мадақтап, сөгіп немесе насихат-
тамайды;
− діни ұйымдар мен бірлестіктердің істеріне, діни оқыту-
шылық, тәртіптік, кадрлық істеріне мүлдем араласпайды;
− адам құқығы мен еркіндігін шектейтін, азаматтардың
дінге деген қатынасын күшпен өзгерту мақсатында арнайы
мекемелерде қолдануға рұқсат бермейді, атап айтқанда:
жазасын өтейтін орындар, әскери бөлімдер, ауруханалар,
балалар үйі және т. б.
− азаматтардің дінге деген қатынасын анықтауда мемле-
кеттік білім беру стандартының бейтараптығын қаматамасыз
етеді.
Дін еркіндігі мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
саласында Қазақстан мемлекеті саясатының ұстындарын атап
өтейік:
- мемлекет және ондағы институттардың зайырлы,
конфессиялық, бейтарап сипаты, діни бірлестіктердің мемле-
кеттен бөлектенуі;
- ар-намыс және дін еркіндігі ұстыны;
- қандай да бір дін немесе діни және зайырлы бірлестік-
ке жататындығына қарамастан азаматтардың еркіндігі мен
тең құқылығы;
- діни бірлестіктердің құдайға құлшылық ету істерін не-
месе құлшылық етуден тыс істерін іске асырудағы құқықтары-
ның теңдігі;
- ұлттық салт-дәстүрлер мен діни салттардың байланы-
сын, діни бірлестіктер мен мемлекет ара-қатынасындағы
Қазақстан халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін есепке
ала отырып, ұлттық-мәдени дәстүрлерді, халықтардың ділін
құрметтеу;
- діни бірлестіктердің ішкі қызметіне мемлекеттің
араласпауы;
12
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
- конституциялық құрылым, өнегелік, денсаулық және
азаматтардың құқығы мен қызығушылықтарын қорғау, мем-
лекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қаматамасыз ету қажет-
тілігінен туындаған ар-намыс және дін еркіндігі шектеулерінің
орын алуы;
- діни бірлестіктердің қазақстандық заңнамаға сәйкес
қызмет етуін мемлекеттік бақылау;
- мемлекеттік билік пен басқарманың барлық сатыла-
рында ар-намыс және дін еркіндігі саласындағы саясатты
ашық түрде жүргізу;
- мемлекет пен діни бірлестіктердің бірлесе қызмет етуі;
- аталған салада мемлекет саясатындағы маңызды басым
бағыттарды ғылыми негізде таңдау.
Жоғарыда аталған ережелердің барлығы қазақстан-
дық заңнамада тіркелген және зайырлық ұстындарын іске
асырудағы әлемдік тәжірибелерге сүйенген. Мұның барлы-
ғы жалпы ереже ретінде көрініс тапқан және оның негізін-
де мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара байланысы
құрылып, қазақстандық зайырлылық үлгісі қалыптасады.
Қазіргі заманғы Қазақстанда іске асып жатқан мемлекет
пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынас үлгісі дінге
сенушілердің еркіндігі мен құқығын құрметтеудің демо-
кратиялық ұстындарына, қоғамдық және діни қызығушы-
лықтардың тепе-теңдігіне, серіктестік пен өзара түсіністікке
негізделген.
Қазақстан тәуелсіздігінің даму жолы дін саласында
айтарлықтай нәтиже әкелді: егеменді даму жылдары діни
бірлестіктердің саны артты, дінге бет бұрғандардың арасында
барлық әлемдік діннің өкілдері бар: ислам, христиан
(православие, католицизм, протестанттық бағыттар), буддизм,
сонымен қатар, иудаизм, индуизм және басқа да ежелгі
политеистік нанымдар мен жаңа сенімдер. 1992 жылдың 15
қаңтарында «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, заңда
«….дін мемлекеттен бөлек, барлық діндердің теңдігі, діни
сипаттағы партиялардың құрылуына тыйым салу» мәселелері
13
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар
үлгісін қалыптастырудың өзекті мәселелері
анықталған болатын. Діни сенім бостандығы мемлекет
конституциясы кепіл беретін еркіндіктердің бірі. Тәжірибе
барысында ол Қазақстандағы дәстүрлі және дәстүрлі емес кон-
фессиялардың өкілдері арасындағы ұлтаралық, дінаралық
келісімге айналды.
Секуляризация саясаты тек Қазақстан үшін ғана емес,
барлық кеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттерге тән және
ол діни бірлестіктерден тәуелсіз ретінде сипатталады.
ТМД мемлекеттерінің тәжірибесіне қарамастан, егемен
Қазақстанда діни бірлестіктердің жұмыс барысы, оларды
тіркеу әлі де ретке келтірілген жоқ, атап айтар болсақ, діни
бірлестіктердің азаматтар денсаулығына залал келтіретін
ресми емес әдістерді қолдану жағдайлары да тіркеліп жатты.
ҚР «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы»
заңына 7 рет өзгертулер енгізілді, бірақ ол қазіргі замандағы
діни жағдайларды ескеріп, соған сәйкес заңды кешенді
жетілдіру мәселесіне ғана қатысты болатын.
Қазақстан нарыққа өту аясында экономикалық қана
емес, сонымен қатар, рухани-өнегелік дағдарысқа ұшырады.
Дінге қатысты либералды заңнама ділдің сезімталдығы,
қазақстандық мәдениетке тән емес сенімдердің терең тамыр
жаюына әкеліп соқты. Егер 1990 жылы Қазақстанда 670
діни бірлестіктер болған болса, 2010 жылдың аяғына қарай
олардың саны төрт мыңға жуық толды, олардың ішінде 2500-і
исламдық, 300 православиелік, 1200-ден аса протестанттық
бірлестіктер. Діни бірлестіктерді санақтан өткізіп, қайта
тіркеуге алу және олардың жұмыс барысын анықтау мәселесі
алға қойылды.
2011 жылдың тамызында ҚР Үкімет басшылығымен
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасы
қабылданған болатын және оған сәйкес заңнамалық акті-
лерге біршама өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
мәселе қозғалды. Заң жобасына сәйкес 10 нормативтік актіге
өзгертулер мен толықтырулар енгізу жоспарланды. «Діни
қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң әкімшілік
заң бұзушылық Кодексіне, «Халық денсаулығы мен денсау-
14
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды
дамытудың өзекті мәселелері
лық сақтау жүйесі» туралы Кодекске, ҚР «Заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есеп-
тік тіркеу туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет
туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «ҚР-дағы
бала құқығы туралы», «Экстремизмге қарсы тұру туралы»,
«Лицензиялау туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарға
өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Дін саласындағы заңнамаларды жетілдірудің мәнісі –
мемлекет пен оның органдарының діни бірлестіктер ара-
сындағы өзара қарым-қатынасын ретке келтіру қажеттілігі,
соның ішінде, діни бірлестіктердің құрылуы мен қызмет етуі,
оларды қайта тіркеудің механизмі және жаңа заңды бұзған
жағдайда жауапкершілікті мойынына алу болып табылады.
Сондықтан жаңа заң жобасын қабылдау барысында екі негізгі
міндеттер ескерілді:
1) азаматтарды жалған діни ағымдар мен сенімдерден
сақтайтын ережелерді бекіту;
2) діни бірлестіктердің қызметін реттеуге бағытталған
ережелерді жетілдіру.
ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң-
намасында пайда болған жаңа ережелер төмендегілерді
қамтып өтті:
- халық мәдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи
бағытындағы исламның және православтық христиандықтың
тарихи рөлін мойындау, сонымен қатар, Қазақстан халқы-
ның рухани діни мұрасымен үйлестіретін өзге де діндерді
құрметтеу.
Заңдағы дәстүрлі діндердің тарихи рөлін мойындау
ТМД мемлекеттерінің барлығында қолдау тапты, 1997
жылдан бастап, (Армения конституциясы 8.1 бабына сәйкес:
«Армения Республикасы ұлттық мәдениетін дамыту мен
ұлттық ерекшелікті сақтау аясында, армян халқының рухани
өміріндегі ұлттық шіркеу ретінде Армян Апостолдық қасиетті
шіркеуінің миссиясын мойындайды. Ар-ождан еркіндігі
жайлы Ресей заңдары Ресей тарихындағы православиенің
тарихи рөлін аса назарда ұстайды. Мұндай ережелер
15
Достарыңызбен бөлісу: |