§ 2. Ежелгі психология
Сонау ерте замандардан бері адамдардың әлеуметтік өмірі олардың күнделікті сан алуан іс-әрекеттершен, бір-бірімен қарым-қатынасынан, олардың жан дуниесінің сырын бейнелейтін психологиялық ерекшеліктерінен, мінез-кұлық сипаттарының өзара айырмашылнқтарынан тұратындығы белгілі болған Осындай ұгым-түсініктерде адамнық жаны тәнімен бірге болады деп саналған.
Өндіріс пен кәсіптің, өнер мен мәдениеттің, салт-сананың дамуымен қатар әр алуан әдет-ғұрыптар да қалыптасып отырады. Адамдар өздері тіршілік ететін орта мен айналадағы әр қилы заттарда, құбылыстарда өзіндік жан болады деп ұғынған. Мұндай ұғым анимизм (латынша “анима” — жан деген сөзден шыккан) деп аталады,
Ежелгі грек жұртының ғұламалары — Гераклит {б, з. д. VI ғ,), Демокрит (б. з. д. V Р.) жан-табиғаттын бір бөлігі, ол сол табиғат заңына ыңғайланбайды деген пікірді қолдады. Демокрит психиканы (жаады) оттын атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонымен, жан туралы алғашқы ілім-психиканы адам тәнінін. кызметі деген бірынғай материалистік түсінікті тудырды. Сол заманның ғұлама ойшылы Платон (б. з. д. 427— 347 жж.) жан-мәнгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген қорытынды жасады. Ол бұл пікірімен өз заманында үстемдік құрған билеуші топтың мүлдесін қорғап, психи-касы түсіндіруде идеалистік бағытты жақтады. Оның көзкарасы психологиядағы материалдық пен рухани дүние екеуі бірдей қатар өмір сүреді деген дуалистік көз-қарастың негізін салды.
Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист ғалым Аристотель (б. з. д 384—322 жж.) психологиялық ой-пікірді табиғи негізге сүйеп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі тереңірек зерттеп, “Жан туралы” деген еңбек жазды. Аристотель бұл шығармасында жан дүннесінің (психиканың) әрекетін шындык әдіс арқылы зерттеп, оны тәжірибеге негіздеп кұруды мақсат етті. Пеичология Аристотель заманында-ақ дербес сипаттағы ғылым саласына айналғанды. Ол психиканың тәнмен біэге өмір сүретінія айта келіп, психикалық эрекеттерлін басым көпшілігін материалистік тұрғыдан шешті, Платонның психика жайындағы дуалистік көзқарасын объективтік шьшдыкқа, материалистік бағытқа қарай бұрды. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің, Платон мен Аристотельдің жан жайындағы көзқарастары психологиялық ілімнің келешектегі дамуына ғылыми негіз болып қаланды
Жан жүнесі жайындағы ертедегі ілім көптеген ойшылдар мен ғұламалардың шығармаларында өзіндік орнын тапты. Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукрецкй (б з д. I ғ.), Гален (б. з. д. I! р.) психологияның жан дүниесінің сырымен байланысты табиғи кегіздерін іздестірді. Ал ұлы грек ойшылы Сократ (б. з. д. 470— 399 жж.) “өзіңді өзің тани біл” деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесімен, сырымен ұштастырды. Сондай-ақ адамның жаны тәніне тән деп санап, ол ақыл-ой арқылы реттеліп отырады деді. Ежелгі дүние ғұламаларының жан дүниесі жайындағы ой-пікірлерінің философиялық және әлеуметтік негіздері сол заманның эконо-макалық-саяси құрылысына орай түрлі идеялық бағытта (материалистік не идеалистік) болуы танданарлык. жайт емес.
Достарыңызбен бөлісу: |