§ 4. Жеке адамның бағыт-бағдары және оның түрлері мен
психологиялық ерекшеліктері
Адамды танып білу үшін оның қоғам мүшесі ретіндеі қандай істерді тындыра алатындығымен танысу керек. Келешектегі мақсатына жету үшін ықыласты, ынталы болу,оған ұмтылу жеке адамның бағыт-бағдарын білдіреді. Адамның бағдары, ынта-жігері, мақсат-мүддесі гуманистік коғам мүддесімен үндеседі. Адамның кісілік қасиетін түсінуде “ол нені қалайды?” деген мәселені ғана қою жеткіліксіз. Өйткені, адамның ниет-тілегі мен ынтасы үнемі өзгеріп, дамып, күрделеніп отырады.
Жалпы, адамнын азаматтық бағыт-бағдарының сапаласы мынадай ерекшеліктерімен анықталады: 1) Бағыт деңгейі адамның әлеуметтік өмір талабына сәйкестенеді 2) Бағыт-бағдар деңгейі қоғамдық талаптарға орай адамның биік мұратымен ұштасады. 3) Кеңдігі. Баланың ұйқысын қандыруы, тойып тамақ ішуі, әдемі киінуі — оның бағытының өресіздігі, тарлығы. Бағыт-бағдар кеңдігі адамның әралуан қызығуы мен ынтасына, оның әр тарапты дамуына байланысты. Мұндай қаситтер баланы тоғышарлықтан сақтан-дырады. Бағыттың шашыранқы болуы — ұнамсыз қасиет. Осы орайда, “Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді” деген мақалдын тәлімгерлік мәні ерекше. Оқушы үшін қызығу кеңдігі, яғни оның тиянақты білім алып, белгілі бір мамандықты өзгеруі — саналы азамат болудын шарты. 4) Қарқындылығы. Бұл баланың сезімі мен эмоциясының айқындығын білдіреді. Әрбір нәрсеге әуестенуден гөрі ерікті тілек-ынтаға ден қою, белсенді әрекет етіп, іске жігермен кірісу адамның сенімін арттырады. 5) Бағыт-бағдар тұрақты-лығының ұзак, мерзімге созылуы. Жас жігіттер мен қыздар кейде бір нәрсені біліп, үйренуге қызу кіріседі де, аяқтамай тастап кетеді. Одан кейін зерігеді, ақырында сол үшін өкінеді. Бұл — бағыттың тұрақсыздығы. Мысалы, жас маман үздік оқьш, белгілі математик не филолог маман болғысы келеді. Содан кейін халық құрметіне бөленген әйгілі азамат, бақытты отбасы,қоғам қайраткері болуды арман етеді. Бағыт тұрақтылығы адамды игі мақсатка жеткізеді. 6) Оқушыиын әрекетшілігі — оның барыт-бағдарындағы шешуші кезен. Жас кыз ұстаздық мамандықты не себепті таңдады? Оған бұл мамандықтық несі ұнады? Таңдаған мамандығы бойынша жемісті іс атқара ала ма? Мұның бәрі іс-әрекетке байланысты. Кәсіптік-техникалык училищеге түскен оқушы, менеджер болғысы келетін кәсіпкер. шаруашылық орындарында маман, кеңшарда малшы, сауыншы болып істеу — мұның бәрі іс-әрекет арқылы жүзеге асып, адамды арманына жеткізбек.
Жеке адамнық бағыт-бағдар түрлерін қарастырғанда өзекті мәселе ретінде қамтылатын ерекшеліктер —
адамның қажеттіліктері мен мұқтаждығыя қанағаттандыру деңгейі. Сондай қажеттілштердің бастылары -биологиялық {тамақты, ауа мен суды, жылылықты) қажетсіну; тарихи дамуда қальштасатын заттық (киім кешек, тұрғын үй т, б.) қажеттіліктері; рухани {ақыл ойын дамыту, адамгершілік қасиеттерін қалыитастыру эстетикалық-көркемдік пен әдептілік) қажеттердін бәр де еңбек процесімен, әр алуан іс-әрекет түрлермен етесіп отыратыны мәлім.
Қажеттіліктерді қанағаттандыруда адамның көңіл күйінің ерекшеліктері айқын байқалады. Мәселен, адамның құштарлығынан оның іс-әрекетінің әлсіздігі ме; дәрменсіздігі байқалса, ал ықылас-ынта қоюдан белгіл іске қол жеткізу керектігін түсінгендігі аңғарылады, Көңіл-күйдің шарықтап өсуі адамның белгілі бір бей- неге еліктеп, сондай болсам екен деген ниеттілектерлін білдіреді. Бұл — адамның іс-әрекет балтындағы мұрат деп аталатын қасиет. Сондай-ақ, адамның іс-әрекет бағдарында оның дүниетанымдық көзқарасы мен адамгершілік қасиеттерінің де қалыптасьш отыратыны айқьш нәрсе. Жеке адамның адамгершілік қасиеттері қоғам өмірінің талаптарымен ұштасып, оның бойында ар-ұят, ұждан сияқты қасиеттердің дамьш, қалыптасуына ықпал етеді. Ұждан — адамның өз басындағы ар-ұяты мен намысын қастерлей білуі. Ар-ұяттың бір көрінісі—ұялу —адамның өзінің не жақын адамдарының оқыс істері мен жағымсыз қылықтарына байланысты көңіл-күйін, білдіруі, Ар-ұятқа қатысты түсініктер — мадақтау, көтермелеу, табалау, күйініш пен сүйініш. Адам бойындағы адамгершілікке тән мұйдай қасиет-ерекшеліктер оның әрқилы іс-әрекеттері мен өзге адамдармен қарым-қатынасынан айқын керініп тұрады,
Жеке адамның катынастары ен, алдымен оның қоғамдық өмірі мен өндірістік қатынасының негізінде дамиды.Осы бағыта адамдар арасындағы қатынастарды олардың психикасы мен саиасының қасиеттері ретінде есептей отырып, мынадай топтарға бөліп қарастырамыз,1, Адамның өзге адамдарға қатынасы; 2. өзіне деген қатынасы; 3. еңбекке қатынасы. 1-топқа тән ерекшеліктср — мәселен, оқушының өз құрбыларымен ортақ тіл тауып, тез араласьш кетуі не керісінше, яғни тұйықтығына байланысты қарым-қатынас жасайтын достарының некен-саяқ болуы. Мұндай қатынаста мінездің ашық-жарқындығы не тұйықтығы байқалып, өзгелерге салқын қарауы, ұялшақтығы мен тартыншақтығы сияқты сипаттары көзге түседі. 2-топтың ерекшеліктері — күмәнданьш, кейде арсыздыққа салыну, мақтаншақтық пен даңққұмарлық, өкпелегіштік пен ұялшақтық — адам бойындағы ұнамсыз мінездін белгілері, Соған орай мұндай көрініс психологияда эгоцентризм (өзін-өзі көтермелеу) деп аталады. 3-топка тән ерекшеліктер өзгелермен қарым-қатынас жасағанда адамның бастамашыл болып, табандылық таныту, енбексүйгіштік, қиыншылықты жеңуге даяр тұру сияқты қасиеттері арқылы сипатталады. Ал мұндай қасиеттерге керісінше ұнамсыз сипаттар — жалқаулық жігерсіздік пен енжарлық. Адам бойындағы ұнамды қа-сиеттер тәлім-тәрбие ықпалымен қалыптасады. Соньшен, 1-топтағы ерекшелік — белсенділік пен мақсатқа ұмтылу 2-топтағы сипат жігерсіздікпен және сезіп қана коюмен шектеледі. Мұндай адамның әрекетсіздігі кейде оның ішкі жан дүниесінің қайшылықтарына, әсіресе өмірдегі өз орнын таба алмай ауытқу себебіне байланысты.
Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниеттілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізу үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді.
УІІ тарау. ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТЫҚ- ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ
Достарыңызбен бөлісу: |