§ 2. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі
Жүйке жүйесінің қызметі жайында зерттеу жүргізіп алғаш рет байсалды пікір айтқан - француз ғальмы Р Декарт (1596-1654) Ол өз еңбектерінде жүйке жүйесінің рефлексі жайында өз дәуірінің талабына сәйкес құнды пікір айтып, оны дәлелдеп те берді. Ал реф-лекстің биологиялық сипатын ашьш көрсеткен чех ғалымы Иржи Прохаске (1749-1820) Ол ғылымға “рефлекс” ұғымын ендіріп, оның мәнін ашып түсіндіреді “Рефлекс” —латын сөзі, қазақша бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Ал рефлекс терминінің нақты мағынасы — сырттан не іштен келетін тітіркендірпштерге организмның жауап қайтару реакциясы Рефлекстер — жануарлар мен адамдардың тумысынан пайда болатын қасиеттері. Мысаты, электр тоғымен иттің аяғына әсер еткенде, ол аяғын жылдам тартып алады. Анасы жаңа туған нәрестені емізетін болса, бала еме бастайды. Осындай әрекеттердің бәрі — сан алуан рефлекс түрлері
Организмнщ рефлекторлық қызметін ғылыми тұрғыдан жете зерттеген әйгілі физролог ғалымдар И Мсеченев
пен И П. Павлов өз еңбектерінде жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын (қозу мен тежелу, динамикалық стереотип, бірінші және екінші сигнал жүйелері ашып көрсетті. Организмнің сыртқы әсерлерге тұтастай не жеке мүшелермен жауап беруі (рефлекстер) клеткаларының тітіркеніп, физиологиялық процестердің туындап отыруына байланысты екендігі анықталды.
Қозу мен тежелу — шартты рефлекстердің жасалуына психика-лық әрекеттердің пайда болуына негіз болатын физиологиялық процестер. Олар бір клеткадан екінші клеткаға афференттік және эфференттік клеткалардың түйісетін жері с и н а п с арқылы тара-лады. Қозу мен тежелу — организмді еыртқы ортамен теңдестіруге қатынасып отыратын негіагі физиологиялық процестер. Ми — психиканың анатомиялық негізі болса, ал сырттан келетін әсерлерге байланысты оның қабығында пайда болаттын қозу мен тежелу — психиканың физиологиялық негізі.
Қозу мен тежелу — жүйке клеткаларына меншіктелген, оның негізгі табиғи қалпы және жоғары жүйкел әрекет физиологиясының күрделі проблемасы. Нейрондардың қозуы — осы клеткалармен байланысты мүшелер әрекетінің нәтижесі, ал тежелу — осы әрекеттің сендеп не мүлдем тоқырауының сипаты. Осы процест өза-ра байланысынсыз организм реакциясының іске мүмкін емес. Рефлекстің жасалу жолы мынадай: оргнизм рецепторына (сезгіштік жүйке аппараты: көзі кұлақта, теріде, т. б.), сыртқы әсерлердің немесе мүшелердің тітіркендіргіші әсер етеді, қабылданған сол тітіркену жүйке процесіне айналып, қозу пайда болады.
Ми қабығында түрлі алаптарда қозудың пайда болуы мен оның қозғалысьш электроэвцефалограф дейтін аппаратпен зерттеп, өлшеп отырады. Осы аппарат арқылы қозудың барысы қағаз бетіне сызу түрінде жазылады. Мұндай сызба жазуды электроэнцефалограмма деп аталады.
а — көз ашық кезде (бета — толқындар басым);
б — көзін жұмғанда (альфа —- толқындар айқын көрінеді);
в — қалғыған кезде;
д — шырт ұйқыда жатқанда.
Электроэнцефалограмма арқылы мидың биолотенциасының түрлі ритмдерін бақылауға болады. Ритмдер тұрлі:
1 — бір секунтта 8 — 12 жиілікпен өтетін альфа — ритм
2 — бір секунтта 14 — 16 жиілікпен өтетін бета ~ ритм
3 — бір секунтта 3,5 — 7 жиілікпен өтетін бета — ритм
4 — бір секунтта 3,5 және одан да аз жиілікпен өтетін дельта -- ритм т. б.
Ми қабығының, функциялық қалпы өзгерсе, жазу да өзгереді Мысалы, адам ұйықтағанда оның миындағы альфа жеке бета толқыңдар бәсеңдеп, олардың орнын солғын толқындар басады. Ал адам ояу отырғанда оның миы жарты шарлары қабығында туатын қозу эфференттік жолдармен белгілі бір жұмыс мүшесіне келеді де, белсенді реакцияға айналады. Қозудың осындай қуатты түрінде қарама-қарсы болғанымен, онымен тығыз бірлікте өтіп жататын физиологиядық тежелу процесінін де органнзмге тигізер пайдасы зор.
Тежелу процесі — жүйке клеткаларының әрекетсіз пассивті қалпы емес екендігі ғылымда анықталған мәселе. Керісінше, тежелу — нейронның энергетикалық қуатын жаңғыртуға қатысып отыратын белсенді процесс. Шынында да, нейрон клеткаларына потенциалдық энергия беруде тежелу белсенді рөл атқарады. Тежелудің бірнеше түрі бар: 1) Сыртқы тежелу — көлденең тітіркендіргіш әсерінен шартты реакция тоқтап қалады. Мәселен, шам жанғанда, шартты рефлекс салдарынан -иттің сілекей аға бастағанымен, кенеттен қоңырау қағылса, сілекей тоқтап қалады, өйткені, жүйкелік рефлекторлық тежелу процесі туады. Мұндай тежелу жүре пайда болмайды, организм бойындағы жүйкелік әрекеттің тума механизмі. Сойдықтан тежелудің бұл түрін шартсыз пассивтік тежелу деп те атайды. 2) Шартсыз тежелудін тағы бір түрі — шектен тыс тежелу. Мұндай тежелуден жүйке клеткаларының қызметі солғындайды. Өйткені қозудың күшоюінің шегі бар. Сол шекке жеткенде қабығының әрі қарай қозуы тоқтайды да, оның орнын шектек тыс тежелу басады. Тежелудің бұл түрін фи-ологияда кейде қорғаныс шектелуі деп те атайды. Өйкені, тежелудің бұл түрі клеткаларды шаршаудан сақтандырады. 3} Ішкі тежелу белсенді сипатта болады. Организмде жүре-бара пайда болады. Ол белгілі жағдайға байланысты, Мұны ғылымда шартты тежелу деп те атайды. Оның түрі — сөнетін тежелу. Әлсін-әлсін шартсыз тітіркен-діргішпен бекіп отырмаса, шартты рефлекс өшіп қалуы мүмкін. Алайда, шартты сигнал реакция арасында уақытша жүйкелік бай-ланыс мүлдем жойыльш кетпейді. Шартты сигнал қайта берілсе, шартты реакция жаңғырады.
Тсжелудіқ тағы бір тобы — дифференциалдық тежелу. Бұл— ішкі тежелудің өте нәзік түрі. Ол ми қабығының өзіне келіп түскен әсерлерді жіктеп, ажыратуына байланысты. Шартты рефлекс орна-тудың бастапқы кезеңінде оның бір ғана емес, бірнеше ұқсас сигнал-дардың көпшілігіне жауап ретінде туа берілетіндігі арнайы зертеу-лермен дәлелденген. Мәселен, тамақтың сигналы ретінде белгілі музыкалық дыбысты қолданып, итке шартты рефлекс жасатсақ, алғашқыда ол сол дыбыстар, ұқсас түрлеріне реакцияланады. Бұл жайтты психологияда генерадизация деп атайды. Дегенмен, итке әр түрлі музыкалық дыбыстармен қатар әсер еткенде, өзге дыбыстарға әсерленбей, тек мн сигналына ғана сілекей ағызатын болған. Міне, осындай белгілі бір әсерге ғана реакция жасап, ал соған ұқсас дыбыстарға келге жауабын тоқтатуды дифференциалдық тежелу деп атады.
Шартты рефлекстің кешігуі — тежелудің бір тармағы. Мұңдай тежелу итке тамақты кешіктіріп беріп әсер ету нәтижесінде байқалған ішкі тежелуге байланысты шарты рефлекстің кешігуі.
Достарыңызбен бөлісу: |