Ішгкі {вегстативтік) жүйке жүйесінің атқаратын қызметі — адамның ішкі мүшелерінің әрекетін басқару (7-сурет). Мұндай мүшелерге жүрек, өкпе, ішек, қарын, ішкі секреция бездері т. б. жатады. Вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалык бөлімдерінің арасында өте күрделі қатынас болып отырады. Егер мұның бірі организмдегі белгілі бір мүшенің жұмысын қоздыратын болса, ал екіншісі сол жұмысты бәсеңдетуге, сөндіруге тырысады. Мысалы, симпатикалық жүйке талшықтары-ның қозуы жүрек жұмысын күшейтетін болса, ал парасимпатикалық талшықтар оны әлсірете бастайды. Вегетативтік жүйке жүйесінің бөлімдері адамның ішкі мүшелерінің қызметін басқаруда аңтаго- нистік қайшылық тудырып отырады. Мұңдай әрекет; адамның сезім мүшелеріне де үнемі әсер етеді.
Адам жүйке жүйесінің құрылымы өте күрделі әрі нәзік. Ми қабығының қалындығы —2-5 миллиметрдей Ми қабағында екі жүздей орталықтар орналасқан және оның атқаратын қызметі де әралуан. (8,.,9-суреттерде мидың құрылымы, орталықтары, олардың, орналасу жағдайы, эволюциялық дамуы, ерекшеліктері мен сипаттары көрсетілген).
Ми біздің сезім мүшелерімізге келетін сан қилы сигналдарды талдап, оларға қайтарылатын жауаптарды біріктіріп отырады, Ми қабығының рефлекторлық механизмдерінің әрекетін іске асырып, тежеп, төменгі қабаттағы бөлімдердің әрекетімен ұштастырады. Сондай-ақ, сыртқы, ішкі әсерлерге организм қайтаратын реакция-ларды даярлайды. Яғни мидың шартты рефлекс жасайтын қабілеті болғандықтан, ол өмір тәжірибесін меңгереді, оларды жинақтап, реттеп отыратын мүшеретінде танылады. Адам миының күрделілігі оның көлемінен, ішкі құрылысынан айқын көрінеді. Мәселен, ересек адам миның қабығын сылып алып, тегістеп жайып көретін болсақ, оның ауқымы екі шаршы метрге (2 м2) тең болар еді. Адам миының салмағы мен құрылысынын аса күрделі және кемелденіп жетілген материя екендігін мынадай салыстырмалы мысалдан да айқын аңғаруға болады.
10-сурет Мидың функциясы жөніндегі У Пенфилд картасына түснік
1 — бас бармақ 2— жіліншік, 3 — тізе, 4 — сан, 5 кеуде,| 6 — иық, 7 — шынтак, 8—білек, 9 — білезік (қолдың қолпасы), 10 — шынашақ, 11 аты жоқ саусақ, 12 — ортаңғы саусах, 13 — сұқ саусак, 14- бас бармақ, 15 — мойын, 16-| мандай, 17 — қабақ және көз алмасы, 18 — бет, 19 — ерін, 20—жақ, 21— тіл, 22- жұту; 23—шайнау, 24—сілекей бөлінуі, 25—дауысты мекгеру
Салыстырмалы түрдегі бұл кестеде әрбір жануардың өзіндік салмағымен салыстырғанда кит миының салмағы бүкіл дене салмағының жиырма мыңнан бір бөлігіндей маймыл салмағы денесінің жүзден бір бөлігіндей ғана екен. Ал адам миының салмағы оның жалпы денесінің салмағының қырық алтыдан бір бөлігіндей Бұл көрсеткіш адамның ми салмағының дүние жүзінде тіршілік ете-тін жан-жануарлардың бәрінікінен де артык екендігін көрсетеді.
11-сурет Мидың алаптарға функцияларға бөлінуі.
12 сурет Омыртқалы жануарлар миының дамуы.
1— балық миы 2 -кесіртке миы, 3 — қоян миы, 4 — адамның миы. I Иісксу аймағы, 11.Ми сыңарларының қабығы. III. Аралық ми. IV. Ортаңғы ми. V.Мишық.ҮІ. Сопақша мн
13-сурет.Нейронның (жүйке клеткасының) құрлысы.
14-сурет Ми қабығының микроскоптық көрінісі. I. Қыртыс — молекулярлық. ІІ. Сырты түйіршік, III Кіші және орта пирамида-лық қыртыс, IV Ішкі түйршік, V. Үлкен пирамидалық кыртыс. Үіа, ҮІә. Полиморфтық.
Достарыңызбен бөлісу: |