§ 4. Ой процесі мен ойдау әрекеттері
Ойлау процесінде талдау мен біріктіру әрекеттері болады. Талдау дегеніміз — ой арқылы әрбір объекті мен болмыстық ерекшелік-терін, қасиеттерін, белгілерін ашып көрсету тәсілі. Талдау нәтижесінде айқындалған белгілер мен қасиеттер біріктіру (синтез) деп аталады. Талдаудың физиологиялық негізі — мидың жоғарғы бөлігіндегі қозу мен тежелудің өзара байланысты қызметі. Ал біріктірудің физиологиялық негізі — мидың жүйке жүйесіндегі уақытша байланыстардың түйісіп қосылуы. Талдау мен біріктіру — өзара байланысты әрекеттер. Олардың өзара байланысы мен айырмашылығы салыстыру арқылы танылады және сол тәсілден анық көріледі. Салыстыру тәсілі жалпылау әрекетіне қарай ойы-сады. Мұнда заттардың жалпылық және мәнді белгілері ашып көрсетіледі. Ойлау әрекетінде абстракциялау, нақтылау. жүйелеу тәсілдері де жиі қолданылады, Ондай тәсілдер белгілі мәселелердің . түйінін шешуде адамның психологиялык толғаныстарынық түр-сипатын бейнелейді,
Ойлану әрекетіндегі әрқилы тәсілдер мен амалдардың бәрі де жеке адамнық ниеттілегіне, мұқтаждығы мен қажеттілігіне тәуелді болып отырады. Ойланудың кез-келген әрекетінін туындауы белгілі бір ынта-ниетке байланысты. Психологияда ойланудағы ниеттін. пайда болу себебінін мынадай екі түрі бар: 1, Арнайы танымдық ойлану. Әдетте, бұл белгілі тілек-мақсатқа сәйкес пайда болады. 2 Арнаусыз ой. Ойлаудың бұл түрі сыртқы жағдайдың әсеріне орай туады. Мысалы, оқушының сабаққа дайындалуы жайында ойлануың арнаусыз, әрі оның өміріндегі үйреншікті, дағдылы ой деуге болады.
Ойдау және мәселені шешу. Адам белгілі бір мәселезі түйінін шешу барысында түрлі амал-тәсілдер қолданып, алға қойған мақсат-міндетін орындап шығу үшін ойланып, толғанады. Сол мәселені шешудің қолын із-дестіреді. Ойланудың бұл түрі міндет-мақсатқа сәйкес жүзеге асады
Проблемалық ойлау — түрлі мақсат-міндеттерді шешуде шиеленісті жағдайларды сезіп біліп, олардың мән-мағынасын түсінуді қажет етеді. Сөйтіп, неше түрлі шиеленісті жайттардың белгілі себептермен байланысың, олардың құпия сырларьш ашып көрсетуді көздейді. Ойлану әрекетінде ең әуелі сол мәселенің өзін анықтап алу — бірінші кезектегі міндет. Екіншіден, мұны анықтауға адамның білімі мен өмірлік тәжірибесі қажет. Үшіншіден, оқу барысында балалар өздігінен ойланып толғанып, келелі мәселелерді шешуде әралуан қиындықтарға кездеседі. Олардың бұл кедергілерді жеңуі ойлану әрекетінде жаңалық ашумен бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: |