Сөздік әрекет. Сөйлеу арқылы іс-әрекет пен қарым-қатынас жасау тілді құрал етіп пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Сөйлесу арқылы әрқилы істер мен мәселелердің түйіні шешіледі. Адамдардың тіл арқылы сөйлесуі, тілді құрал етіп пайдалану әрекеті — күрделі психологиялық процесс. Мұндай жағдай сөйлесу әрекетін тек психология ғылымы тұрғысынан ғана зерттеумен шектеліп қоймай, тіл білші арқылы да қарастырады Психология ғылымы тіл білімінен ерекшеленіп, оның түрлі жағдайда қолданылуы мен атқаратын кызменің адамның мінез-құлық бағытын белгілейді. Содғы 30—35 жыл ішінде тіл білімі мен психологияның түйісуінен психолингвистика (тіл психологиясы) деп аталатын гы-лым саласы пайда болды
Сөйлеу әрекеті психология ғылымындағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Соған орай сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері ғылыми тұрғыдан мынадай үщ түрлі салаға топтастырылып қарастырылады: 1. Сөйлеудің коммуникативтік қызметі. Мұның мән-жайы жоғарыда баяндалды. 2. Сөйлеудің сигнифякативтік қызмст; Бұл латынның “сигнал” — белгі, таңба дегеп сөзінен шыққан. Сигнификативтік қызмет бойынша сөйлеуде адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Мәселен, қауіпті жағдай туғанда берілетін белгі, адамдар-дың түрлі қимыл-қозғалыстары мен ымишаралары, зат алмасулары арқылы қарым-қатынас жасау — сөйлеудің сигннфикативті қызметін білдіреді. 3. Сейлеудіц экспрессивтік қызметі — әр алуан хабарлар мен жай-жапсарлардың мәнерлі сөзбен, құлаққа жағымды үнмен, дауыс ырғағымен адамның жан дүниесін тебірентіп, өзгелер-ге жеткізілу тәсілі. Экспрессивті сөйлеуде әрбір сөз бен сөйлем адамның сезіміне әсер етіп, тұла бойын шымырлатып жібереді. Сондықтан сөйлеу әрекетінің бұл түрі сөздерді нақыштап айту мен ой жүйесінің қисынды болуын талап етеді Сөйленген сөз, айтылған ой — адам психикасына күшті әсер ететін тітіркендіргіш.
§ 2. Сөйлеудің физиологиялық механизмі.
Сөйлеу әрекетінің рефлекторлық сипаты
Сөйлеу түрлі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады да, олардың нақты мазмұны мен мәніне, мақсатына орай дамиды. Сөздерді қабылдағанда біз “сигналдардың сигналы” (2-сигнал жүйесі, бүл — адамның сөйлеу әрекетімен байланысты жоғары жүйке қызметі) арқылы тітіркендіру нәтижееінде нәрселердің мән-жайын қабылдап, олар туралы хабар аламыз. Әрнне, ондай хабарлар саналы да, санасыз да болуы мүмкін. Осы орайда, сөйлеудің физиологиялық негізі И П. Павлов іліміндегі скінші сигнал жүйесіне негізделеді. Ал екінші сигнал дыбысты сөзбен, сөйлеу әрекетімен байланысты.
Адам сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп қана қоймай, оларды тең мағынада сөз арқылы бейнелейді. Халқымызда “Көз жеткізбегенді сөз жеткізеді” деген тамаша мақал бар. Мұның мағынасы тікелсй таным арқылы бейнеленетін заттар мен құбылыстардың қасисттері түйсік, қабылдау, елес процестерінің шектеулі шеңберін тереңдете түсіп, олардың мән-мағынасы сөз бен сөйлеу әрекетінің бейнелеуші-танымдык ерекшеліктері арқылы барынша ұғынықты бола түседі дегенге саяды.
Сәйлеудің динамикалық локализациясы. Осыдан 130 жылдай бұрын (1861 ж.) француз ғалымы П- Брока адамның ми қабығын-дағы сол жақ жарты шардың маңдай алабының үшінші бөлігінде төменгі қатпарларда дыбысты дұрыс айта алмай, сөйлеуде қиналатынын “анықтаған. П. Брока мидың бұл бөлігін “сөздерді бейнелеудің қозғаушы орталығы” деп атады. Кейінірек, 1874 жылы К. Вернике мидың осы белігінің самай жағындагы жоғары қатпарында сөздердің бейнелерін сезіп білу орталығы орналасқан деген қорытынды жасады. Дегенмен, мұндай көзқарастар мен зерттеулердің жеткіліксіздігін Д. Джексон (1835—1911 ж) сынаған болатын. Одан кейінгі кезеңдерде физиологтар мен психологтар
П. К- Анохин, Н. А. Бернштейн, А. Р. Лурия, А. Н, Леонтьев, Д. Н. Узнадзе, АҚШ-та Дж. Миллер т. б. өз зерттеулерінде сөйлеу әрекеті жөніндегі Брока мен Вернике түсініктерінің дәлслдері жеткіліксіз екендігін ашып көрсетті. П К Анохин сөйлеу әрекетініц фи-зиологнялык механизмін арнайы және бірнеше қызмет атқаратын өте күрделі, сөйлеуге арналған жүйе ретінде түсіндірді. Ал екінші бір жүйе оны қамтамасыз етіп отыратын әрекет орталықтары екенін дәлелдейді. Сөйлеу механизмі — Н. И. Жинкиннің зерттеуі бойынша аса күрделі әрі сатылы процесс. Сөздерді қабылдау мен тү-сіну күрделі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады.
Адамның сөйлеуі күрделі психологнялық процесс екендігі және оның жоғары жүйке қызметімен байланысты болып түр-түрге бөлінуі, олардың орталықтары мидың түрлі алаптарында орналасуы 31-суреттс арнайы берілген. Мәселен, ауызша сөйлеудің орталығы мидың маңдай алабында орналасқан болса, жазу сөзінін орталығы мидың желке бөлігінде орналаскан.
Сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабынын закымдануы-на байланысты Осындай зақымдану салдарынан адам сөзінің жүйесі және бірізділігі жойылып, афазиялық жағдайға ұшырайды.
31-сурет Мидағы сөйлеу алаптары. ЖСО— жазба сөз орталығы. ҚСО — козғалыс — сөйлеу орталыгы АСО — ауызша сөйлеу орталығы.СКО — сөздерді қабылдау орталығы
Афазиялар үлкен ми жарты шарларьшың белгілі бір алаптары жарақаттанып, ісік пайда болғанда, не түрлі ауруларға ұшырағанда пайда болады. Афазиялар динамикалық, эфференттік, афференттік қозғалысты және семантикалық, сенсорлық бөлып бөлінеді. Осы салада зерттеу жүргізген әйгілі психолог ғалым А. Р. Лурия еді. “Афазия” деген грек сезінің мәнісі — мидың зақымдануы салдарынан адамның сөйлеу қабілетінің толық жойылуы, не езге адамдармен қарым-қатынаеындағы сөйлеу қабілетінін. мардымсыздығы дегенді білдіреді Сөйлеу қабілетінін мұндай кемістігінщ түрлері зрқилы. Динамикалық афазияға ұшыраған адам сөздерінің реттік құрылымы бұзылатын болса. ал эфференттік қозғалыс афазиясында сөздер мен сөйлемдердің грамматикалық жүйесі бұзылады.
Афференттік қозғалыс афазиясы — сөздерді буындарға бөліп айта алмай қиналудағы кемістік. Ондай адамдар жеке дыбыстарды да айта алмайды. Семантикалық афазия — әрбір сөздің грамматикалық құрылысы мен мәнін жеткізудегі кемістік. Мысалы, осындай ке-містігі бар адам “әкесі”, “ағасы” деген сөздерді дұрыс айтқанымен, “әкесінің ағасы” не “әкесінің інісі” деген сездердің мәнін ажырата алмайды Сенсорлық афазия ауруына душар болған адамдар сөздерді дұрыс қабылдай алмай, олардың дыбыстық бөлшектерінін мәнісін түсінбейді.
Сөйлеуде кездесстін афазиялық кемістіктердің бәрі де - - жан жүйесі күйзеліске душар болған немесе өзінік кім екенін де анғара алмай, ір түрлі сандырақтарды айтып, елірме ауруға ұшыраған, сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарда болып отыратын құбылыс
Достарыңызбен бөлісу: |