БАҒДАРЛАУРЕАКЦИЯСЫ —жагдайдын өзгеруіне орай организмнің өте күрделі әрі арнайы
тітіркендіргіштерге әсерленуі. Мұндай жағдайда организмнің бойындағы күш-қуаты мен сезімталдығы күшейіп, жүйке
талдағыштарының жұмысы арта түседі. Бағдарлау организмдерде (адам мен жоғары сатыдағы хайуанаттарда)
таңданудан басталады.
БИХЕВИОРИЗМ — психология гылылымында XX ғасырдың басында АКШ-та қальштаса бастаған механикалық
тсориялық және тжірибелік бағыт. Бұл бағыт психикалық құбылыстардың бәрі ор-ганизмнің сыртқы. және ішкі
тітіркендіргіштерге әсерленуіне орай дамиды, белгілі себепке, ынталандыру мен жағдайға байланысты болады деп
санайды
ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘДІС — генетика — шығу тегі “төркіні” де -генді білдіреді. Бұл — психикалық кұбылыстар
мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін, қазіргі кезде психологияда кең түрде
қолданылатын зерттеу әдісі,
ГЕШТАЛЬТПСИХОЛОГИЯ —Германияда XX ғасырдың басында дүниеге келген идеалистік психологиялық
бағыт. Ассоцианнялық психологияға қарсы пікірлерді қолдай отырып. сананың алғашқы белшектері түйсінуі де, елес те
емес, кейбір тұтас түрдегі“психологиялық құрылымдар” (гештальттар) деп санайды Міне сондай құрылымдар сананың
жемісі деген пікірді қолдайды.
Д ДАҒДЫ — сансыз қайталау нәтнжесінде қальштасатыи іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматталған
әрекетке айналып, оңай шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық не-гізі — динамикалық
стереотип
ДЕДУКЦИЯ, ИНДУКЦИЯ, АНАЛОГИЯ. Дедукция — жалпы-
дап текске қарай дамытып ой қортындысы, логикалық ойлау фор-
масы. Дедукциялық ойдың кең тараған түрі — силлогизм. Екі не бірнеше пікірлердің байланысы нәтижесінде
жаңадан бір пікір шы-ғару.
Индукция—1. Жекеден жалпыға қарай дамитын логикалық ой қорытындысы. 2. Нейрофизиологияда тітіркендіру
нәтижесінде пайда болған алғашқы қозу ошағының маңындағы аймақтарға тарауы
Аналогия — жекеден жекеге қарай дамитын традуктивті ой қо-рытындысы. Аналогия — ұқсастық. Ұқсас
нәрселерді салыстыра отырып зерттейді, аналогия арқылы жасалған қорытынды мәліметтер болжамды сипатта болады.
187