Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет113/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   124
§ 3. Еріктің амал кезеңдері
Ерікті әрекеттер мен амалдар — мәнісі мен құрылымы жағынан өте күрделі процесс. Немесе ерікті амал, бұл —
мазмұны тұрғысынан өте күрделі психологиялық әрекет. Бұл әрекет бірнеше кезеңдерден не сатылардан тұрады. Сол
сатылардың ретін мынадай сызбамен көрсетуге болады:
Еріктің омая кезеңдері
Мақсат және оған жетуге ұмтылу (дайындық кезеңі)
Мақсатқа жетіу мүмкүншіліктерін түсіну( мақсат қою)
Ниет-тілектердің пайда болуы
Ниеттер тартысы және оның бірін қалау
Тоқтамға келу үшін мүмкіншіліктердің бірін қалау 
Тоқтамға келген шешімді орындау
Ерікті амал кезендері бұл мәселенің мәнін психологиялық тұрғыдан ашып көрсетеді. Әрбір ерікті әрекетте белгілі
мақсат бар, Адам қандай да болмасьш белгілі, бір істі орындау, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз жағдайын
соған бейімдейді. Бұл — алға мақсат қойып, соған ұмтылу, яғни мақсатты әрекет немесе не себептен адам осындай
қажеттілікті орындауға тиіс. о ; не үшін қажет деген тілек білдіру. Содан кейін осы тілекті орындаудың жолдары мен
әдіс-амалы іздестіріледі. Олардың ішінен аса қажетті және маңызды дегені таңдап алынады. Айталық, мамаңдықты
өзгерту керек, не экспедицияға бару керек болады. Бұл кезенде адам алдына қойған мақсатын тек қалап қана қоймай,
182


оның мәнін түсінеді, ақыл-ой талқысына салады. Сөйтіп, оған қалайда жетуге әрекеттенеді.Бұл — ерікті әрекеттің
интеллектуалдық кезеңі.,
'Нағыз ерікті ерекет адамнын алға қойған мақсатына жету үшін белгілі тоқтамға келіп, шешім қабылдауынан
көрінеді. Бұл да — жауапты кезең, Мұның езіндік псахологиялық сипаты бар. Бүгінде ерікті амалдағы шешімге келу
кезеді психологияның ғана емес, экономикалык, әлеуметтік ғылымдардыц да зерттейтін объектісіне айналып отыр,
Шешімдердің бөліну теориясы. Ғылым бұл теорияның манызын зерттеумен ғана шектеліп қалмай, оны
математикалық электронды есептеу машиналарына да бейімдеді, Бұл теория көптеген проблемалық мәселелердін тетігін
табуға, соның ішінде тәуекел проблемасынық дәрежесін зерттеуге де пайдаданылуда. Кейбір зерттеулердің
пайымдауынша, шешімдердің бөліну теориясы адамдар мен ұйымдардың күрделі мәселелерді тиянақты шешіп отыруға
ұйытқы болатынын ерекше атайды. Сондықтан бүл теория өндіріс орындары мен шаруашылық мекемелерінде, ғылыми
бірлестіктерде және мемлекеттік орындарда, жоспарлаушы ұйым істерінде кеңінен қолданылады.
Әрине, адам белгілі шешім қабылдап, оны жүзеге асыру жол-дарын жоспарлап алғанымен, көптеген объективті,
кездейсок т. б. қиыншылықтарға ұшырайды. Мұндай жағдайда қолайлы жағдай туғанша, адамның өзі қабылдаған
шешімін қоя тұруына тура келеді. Дегенмен, осы шешімді жүзеге асыру оның көкейтесті мәселесі болып қала береді.
Осы жағдайға орай адам енді барлық ерік-жігерін өзі көксеген ісін орындауға жұмылдырады. Осы кезенде кездескен
қиыншылықтарды жеңу
208
үшін адам стрестік жағдайға ұшырауы да мүмкін. Алайда, қажеттілігін қалайда орындау үшін ол оған барлық
синалы еркін бағыттайды. Күш салуда адам: а) мақсатына жете алмағанына қайғырады, уайымдайды, бұл — мінездегі
ерікті әрекеттің көрінісі; ә) іштей ойланып,. бойын мақсатына жетуге деген борыштык сезім билейді, ал борыштык,
сезімнің күшеюі — азаматтық сапа. Де-генмен, адамның уайымы жекеменшіктік сезім мен қоғамдық мақсаттың
арасында ауытқу тудырады. Сөйтіп, бұл жердегі ниет күресі адамның осы екі бағыттың қай жағына қарай
ауытқитындығын анықтайды.
Ерік — қайратының күшеюі мен талпыну тек шешім қабылдау барысында ғана емес, оны орындау кезінде де әр
түрлі ауытқу мен уайымға ұшыратуы мүмкін. Бұл ретте сыртқы кедергілерді жою қажет болады. Мысалы, талапкердің
күндегі әдеті бойынша серуенге шықпай режимін бұзып, емтиханға даярлануы. Алға қойған мақ-сатқа жету үшін адам
өз мінезіндегі бұрыннан қалыптасқан мүддесін, сенімін, өзін-өзі бағалай білуін, ерік-қайрат қасиеттерін талдап, оларға
бақылау жүргізе білуі керек. Мұндай әрекет адамның еркін білдіретін психологиялық сапа болып табылады.
183




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет