§ 2. Тітіркенгіштік, тропизмдер
Барлық тірі организмдердің эволлюциялық даму сатыларындағы биологиялық ерекше түрі — тітіркенгіштік. Тірі
организмнің биологиялық мәнді белгісі — тітіркендіргіштерге әсерленуі. Тітіркенгіштік — төменгі сатыдағы бір
клеткалы өте қарапайым организмдерге тән әсерлену. Сыртқы ортаның биотикалык әсерінен тірі организм
протоплазмасының формасы өзгереді. Өзін-өзі реттейтін тірі клеткада тітіркену әсерінен ізденіс қозғалысы туады.
Ортаның әсері тоқтасымен клеткалардағы химиялық зат пен протоплазма құрылымындағы өзгеріс қайта қалпына түседі.
Тірі органнзмнің түрлі қимыл-қозғалыстарын өзгерту аркылы биотикалық факлойларға әсерлену тропизм немесе таксис
деп аталады. Оңың төмендегідей түрлері бар, яғни фототропизм — тірі организмнің жарық сәулеге әсерленуі,
термотропизм жылу әсерінен организмнің қозғалуы, хемотропизм механикалық әр түрлі қимыл-қозғалыстарға жауап
тарып әсерленуі. Өсімдіктер тіршілігіндс өзін-өзі реттеуге ықпал ететін биологиялық бейнелеуге қатысты тропизмдер де
бар. А. Н. Леонтьевтіа жорамалы бойынша, генетикалық жағынан қарастырғанда, сезімталдық-ті-тіркендіргіш
организмнің басқа әсерлерді ажыратуы, яғни белгілік функцияны айырып, оған бағдарлануы, Бұл организмнің тітіркену-
ден сезгіштікке ауысуы оның тіршілігіндегі бейнелеудің күрделі түрін білдіреді. Ал жоғары сатыдағы жануарлардың
31
сезім мүшелері жетіліп сезгіштік қасиеті әлдеқайда дамыған болады. Жануалардың әсер еткен нәрселердің исін, түр-
түсін сезін олардьвд тіршілік ету қажеттіліктеріне сай келмейтін са, онда ондай тітіркендіргіштер тек сигналдық-белгі
мағынасында больш қала бермек. Тіпті қарапайым жәндіктер де белгілі жағдайда өз тіршілігіне қажетті биотакалық,
абиотикалық тітіркендіргіштерге әсерленеді.
Жануарлар организмінің өсімдіктерге қарағанда бейнелеу мүмкіндігі мол. Мысалы, олардың ннфузориялар үшін
бейтарап белгі больш саналатын жарық әсеріне тітіркенетіндігі байқалған. Тәжірибе мынадай тәсілмен жүргізілген.
Ішінде суы бар түтікке қарапайым организмдер енгізіледі де, түтіктің бір жағы қыздыр-ылады. Бір клеткалылар түтіктің
қыздырылған бөлігіне қара қозғалып, жылуға жиналады. Түтіктің жылытылған бөлігіне жарық түсірілген. Қалыпты
жағдайда жарыққа тітіркене коймайтын инфузориялар
1
жарық пен жылылық бірігіп әсер еткенде, оған тітіркенген. Бұл
тәжірибе бірнеше рет қайталанғаннан кейін температура көтерілмей ақ, жәндіктер жарыққа жиналған.Бұдан туатын
қорытынды — қарапайым жәндіктер де ортаның өзгермелі әсеріне бейімделіп, оны бағдарлай алады. Әрине, әңгіме тек
бейімделу мүмкіндігі жөнінде ғана болып отыр. Сол уақытша орнаған байланыс тәжірибе біткен соң бірден сөніп
қалган. Бейнелеудің сөнген формасы қайта қалпна келмейді, сыртқы жағдай өзгерсе, жәндіктердін. оған бейімделу
жағдайы да басқаша болады.
Бейнелеудің жоғары түрі көп клеткалыларда кездеседі. Олардың қарапайым түрінін бірі — ішеккуыстылар.
Олардың құрылысы едәуір күрделі. Күрделі клеткалар саны клетканың әртүрлілігіне де байланысты. Ішек-қуыстылар
денесінің сыртқы бөлігінде айқыш клеткалар, ал ішкі бөлігінде ас қорыту клеткалары орналасқан. Көп клеткалар аса
сезімтал протоплазмадан тұрады. Организмнің бір бөлігіндегі тітіркенуді екіншісіне өткізетін клеткалар бар. Ерекше
сезімтал клеткалар өзара түпісіп, бүкіл организмді қамтитын жүйкелік жүйе түзеді. Ішек қуыстылар өте сезімтал
қармағыштары арқылы өзінің жемін ұстайды. Эволюция процесінде ішек-қуыстылардың құлқы таксис түрінде тұкым
қуалайтын сыртқы органдардан және олардың даралық тіршілігінде жасалатын уақытша байланыстар — шартсыз
рефлекстерден құралды. Мысалы, актинияға қағаз бөлшегін тақаса, ол қағазды ауыз қуысына апарып, бірден жұта
салады. Осы тәжірибені бірнеше рет қайталағаннан кейін актиния жұтқан қағаздарды аузынан қайтадан шығарып
тастайды. Бірақ, ондай рефлекс 3—4 сағаттан кейін сөнеді де, актиния қағазды қайтадан жұтады. Яғни уақытша
жасалған байланыс — қыска мерзімді. Эволюциялық даму сатысына қарай ішек қуыстылардың дене құрылысы
күрделеніп, өзіне тән бейнелеу органдары жетіле түседі, олардың иісті, дәмді сезе алатын нышан-дары болатыны айқын
аңғарылады. Оның сегменті жүйке клеткаларының жинағы — гангийден тұрады. Бас сегментінің ганглий
ішекқуыстылардың өзге буындарындағы бейнелеу әрекетінсн күрделірек. Себебі, әрбір сегмектке жекелеп әсер етсек,
олар жиырылады. Көптеген жүйке түйінділерінің пайда болуы қоршаған орта жағдайына икемделуге бірден мүмкіндік
32
тудыра алмайды. Ганглийлер тізбегінде бас ганглий сегментінің басшылық мәні басьш. Дененің түрлі бөліктеріне әсер
еткен тітіркендіруді жинап, оларды талдап, импульстерді басқа клеткаларға бағыттайды. Бауырымен жорғалайтындар
мен ін қазатын жәндіктердін. бас ганглийінде сезгіштік мұртшалары және көрудін алғашқы нышандары болады.
Тропизм — грекше бурылу, бағыт деген сөз. Биология ғылы- мында — төменгі сатыдағы бір клеткалы
организмнің сырткы кендіргіштерге әсерленуі. Т а к с и с — грекше ретімен арналасу Биологияда — бір клеткалы
өсімдіктер мен жәндіктердің өздігіней қимыл –қозғалысы.
Достарыңызбен бөлісу: |