Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет30/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   124
Ұжымдық топ. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі-ұжым. Оның шығу тегі — отбасы. Отбасы — белгілі бір
тайпаның не рудың негізгі бөлшегі. Адамдардың әлеуметтік өмірінін. тірегі де — осы отбасы. Ұрылар мен
гангстерлердің бандасы да — топ. Бірақ, олар ұжым емес Олардың ұйымдасуынын ішкі және сыртқы мақ~ саттары — -
жеке бастың қамы, қара ниет құлқы мен қоғамға деген зиянкестік әрекеттер.
Адамдардың ұйымдасқан тобы — ұжымның түпкі мақсаты — адамдардың игілікті мұрат-мүлделеріне сәйкес
істерді атқарып, қоғамның дамуына өз үлесін қосу. Ғылыми тұрғыдан алғанда, әрбір жеке адам вз қауымдастығында
ерікті болғанда ғана пайдалы істермен шұғылдана алады. Сөйтіп, қоғамға өз пайдасын тигізеді.
Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынас түрлері. Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінщ кім екенін
былайғы жұртқа өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады. Адамдар қарым-
қатынасынын сыр-сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе өндірістік істердегі әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі
адамдардың бір-біріне тәуелділігі, бағын-уы, бірлесіп атқаратын істері, өзара көмектесуі — олардың нағыз топтық
тіршілігінің занды түрде қалыптасуын көрсететін сипаттар. Олардың арасындағы қарым-қатынастардың мазмұнды
болуы түрлі әлеуметгік жағдайларға және әрбір азаматтың даралық нақты іс-әрекеттеріне байланысты. Мұндағы өзекті
мәселе — адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеуметтік мақсаттылығы. Адамдар арасындағы тікелей
қарым-қатынасбір-бірін ұнатып, қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым-қатынас олардың бағалы заттарды өзара
алмасуы мен бірінің ісін бірі бағалау нәтижесінде қалыптасады. Мұндай қатынас негізінен ұжымдық сипат алады.
Психология пәні адамдар арасындағы жанама қатынастардың түрлі өзгерістерге үшырайтьшын ерекше атап
көрсетіп, олардың мынадай деңгейлерде қалыптасып отыратындығына мән береді. 
а) диффузиялық топ бұл аралас топ деп те аталады, мұндай топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасы топтың
негізгі іс-әрекетіне байланыссыз-ақ жүзеге асады; ә) ассоциация — күрделі топ, топтың іс-әрекеті әрбір адамның
53


мүлдесіні сай келетін болғандықтан, топтар ішіндегі қарым-катынас жандана бермек; б) корпорация, мұнда да жеке
мүлделерге сәйкес қатынас ассоциациялық негізде дами бермек; в) ұжым —- топтың ен жоғары деңгейде ұымдасқан
формасы, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, бір адамның
қоғамдық мақсат-мүлдесімен ұштасып жатады.
Ұжымдық карым-қатьшас жасаудың негізгі объектісі — адамдар-дың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы
психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл-куйі сергектігі, болашақ максат-мүлдесі әлеуметтік психологияда
өзекті жайт ретінде дара түрді қарастырылады. Бұл мәселелердің бәрі ұжымдық мүлде деп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет