*Ертегі,әңгіме,диафильм құрастыру.
Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытатын жұмыстың бір түрі – ойдан ЕРТЕГІ , ӘҢГІМЕ құрастыру. Алғашқыда сурет бойынша әңгіме құраудан басталған бұл жұмыс бірте-бірте күрделене түседі. Бұдан соңғы кездерде оқыған ертегінің мазмұнын өз қалауынша өзгерту, басқаша аяқтау, мақал-мәтелдер мамұнына сәйкес әңгіме құрастыру сияқты болып жалғаса береді. Тек бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп тұруы тиіс.
Оқу сабақтарында кейіпкерлерді мүсіндеу арқылы шығармашылыққа үйретуге болады. Мүсіндеу арқылы бала кейіпкерді өз қабылдауы бойынша бейнелейді, шығармашылық кезеңнің барлық сәттерін бастан кешеді.
Достарыңызбен бөлісу: |