Алғы сөз Тіл қаруы –сөз, сөз қаруы-ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғары қасиеттері. Ғ. Мұстафин Тіл дамытуға арналған тапсырмалар



бет3/7
Дата07.01.2022
өлшемі25,03 Kb.
#18090
1   2   3   4   5   6   7
Диафильм ­– суретті шығарма. Суреттер тірек ретінде пайдаланылады. Диафильм құрастыру оқушылар алдына төмендегідей мақсаттар қоюдан басталады:

  • тақырыпты қызықты эпизодттарға бөл,белгіле.

  • диафильмнің кадрларының ретін көзіңе елестет.

  • оларды альбом бетіне сал немесе аппликацияла.

  • кадрларды сюжет бойынша әңгімелеп бер.

  • Егер қиындық туса, әр кадрға қысқа мәтін құрастыр.

Сынып жоғарылаған сайын мәтінсіз кадрлар бойынша әңгімелету баланың байқағыштығын , ойын, тілін дамытады. Диафильм баланың байқағыштығын , зейінін тәрбиелейді. Негізгіні аныйқтай біліп, өз ойын жүйелеп айта білуге үйретеді.

Диафильм құрастыруды төмендегідей тәсілмен жүргізуге болады. Тақырып оқылып болған соң, диафильм құрастыратындықтары хабарланады. Диафильм құрамас бұрын оның неше кадрдан тұратынын анықтау керек. Оны қалай білеміз? / Әңгімені бөліктерге бөліп , белгілейміз./ Әрі қарай әр бөлікке суреттер салынады. Бұл суреттер түрінде бөлек-бөлек альбом парақтарына салуға болады.

Драмалау – баланың қабілеттерін дамытудың негізгі кілттерінің бірі. Балалар шығарманың кейіпкерлеріндей өздерін сезіну арқылы тәрбиелік тәжірибе жинақтайды , мінез құлығын қалыптастырады. Оқушыларды мұндай шығармашылық жұмыстың түріне тарту арқылы, олардың сахналау қабілеттерін дамытуға болады.

Драммалау балалардың ойын , тілін дамытады. Оқу сабақтарында /сыныптан тыс оқуда/ драммалау тәсілін қолдану кезінде оқушылардың ерекшеліктерін және сабақтың мақсатын ескеру қажет.

Рольмен оқу. Диалогтан құралған кез-келген мәтінді рольмен оқытуға болады. Рольмен оқыту жұмысы төмендегідей ретпен жүргізіледі. Оқу немесе тыңдау , тақырыптың қалай қабылданғанын жалпы тексеру, қатысушы адамдар санын анықтау, тақырыпты іштен оқып, ондағы кейіпкерлердің сөзі мен автордың сөзін түсіну , айыру, олардың көңіл-күйін , мінез-құлығын анықтау, кейіпкерлерге сипаттама беру, оқуда жіберілген кемшіліктерді талдау, орындаушыларды белгілеу, мәтінді қайталап оқу, қорытынды жасау, бағалау.

Театр ойыны. Бұл өз көңіл-күйін , қоршаған ортаны таңдаудан алған әсерін әрекет арқылы білдіруге асық тұратын кіші мектеп оқушылардына жақын әрі қызықты.

Л.С.Высотский "драма басқа шығармашылық жұмыстарға қарағанда, балаға жақындау, өйткені ол ойымен тікелей байланысты, оның тұлға бойында шығармашылықтың әр түрлі элементтері бар" деген.

Шығарманың кейіпкерін бейнелеу/ сахыналау/ үшін, оның не себепті осылай істегенін /басқаша емес/ түсіну керек. Ол балалардан оқу кезінде саналылықты талап етеді. Бейнелеу тек оның сөздерін ғана айтып беру емес, кейіпкердің сыртқы бейнесін де келтіру, дұрыс жест, мимика таңдау. Ең негізгі ойды білдіретін сөздерді анықтаудың да мәні зор.

Театр ойынын бағдарламалық материалдармен де және одан тыс шығармалармен де жүргізуге болады. Сынып жоғарылаған сайын , оқушылардың өздеріне сценарий / ең құнды эпизодттарды таңдау, нені және қалай ойнауды белгілеу/ жазуды тапсыруға болады.

Ойын кезінде қажетті реквизиттер дайындау, сыныптағы заттарды әр түрлі мақсатқа пайдалануға еркіндік беру оқушылардың қиялын дамытады. Дайындық үшін аздаған уақыт беріледі. Ойын 15-20 минут ойналады. Ойынға қатысушы оқушылар жеке және топ болып жұмыс істеуге дағдыланады. Мұндай сабақтардан соң кімнің қалай ойнағанын өзара талқылап жатады, демек шығармашылық жалғасып жатады деген сөз. Дайын көріністі ата-аналар арасында , мектепішілік іс-шаралар көрсетуге болады. Бұл оқушылар үшін өте қызықты.

Ертегі ойлап жаз. /ойын/ Бұл ойынды екі оқушы , топ болып, сондай – ақ сыныппен ойнауға баолады. Екі не топ болып ойнаған жағдайда жауап ұйымдастырса, сюжет күлкілі болып шығуы мүмкін. Тұтас сынып орындаса, мазмұнды қысқа ертегі жазылады. Сұрақтар тақтада жазылып тұрады , не айту арқылы жұмыс орындалатын қағазға жазуға болады.

- Ол не? /кім?/

- Ол қандай?

- Кімді ?/нені?/ кездестірді?

- Не айтты?

- Қандай жауап болды?

-Ары қарай не болды?
- Оқиға немен аяқталды,

- Қорытынды.

Бастауыш сыныптарда санамақ , жұмбақ, мақал-мәтел сияқты жанрларды өткенде оқушыларға өз жандарынан ауыз әдебиеттің осы түрлерін шығаруға , не еске түсіріп дұрыс қолдануға үйрету артық емес. Бұл жұмысты төмендегідей етіп ұйымдастыруға болады:


  1. Оқиғаға байланысты мақал-мәтел айт, өзің шығар.

  2. Керісінше, мақал-мәтелге сай келетін оқиға ойластыр.

  3. Сурет бойынша бірнеше мақал айт.

  4. Берілген мақалдың мазмұнына сай келетін иллюстрациялар тауып әкел.

  5. Мақал-мәтелдерді айтыс ретінде де қолдануға болады.

6. Берілген мақалды сурет арқылы мағынасын ашып түсіндір.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет