Кейбір дауыссыз дыбыстардың жазылуы
Дауыссыз қ>ғ, к>г, п>б /у/ алмасулары екі морфеманың жігінде жү- зеге асады да, сөздердің белгілі бір тобын қамтиды. Фонетикалық бұл жанды құбылысты синхрониялық сипаттағы алмасу деуге болады: құрық-құрығы, балық-балығы, себеп-себебі, жауап-жауабы, шап-ша- уып, тап-тауып т.б. Осы аталған дыбыстардың морфема жігіндегі ал- масуынан өзге диахрониялық сипаттағы түрі бар. Соңғы типтегі дыбыс алмасу морфемалар жігінде емес, морфемалардың өз ішінде кездеседі. Мысалы: айқай – айғай, тақат – тағат, садақа – садаға т.б.
Қ/ғ, к/г, п/б дыбыстарының белгілі бір морфемалардағы ішкі алма- суынан əртүрлі варианттар пайда болды. Олардың кейбір жарыспалы сыңарларының ішінара мағыналық сипат алып, жеке сөз ретінде қа- лыптасқандығы байқалады: бықы-бығы, шақа (қызыл шақа), шаға (ба- ла-шаға) т.б. Осы алмасулардың қатарына өзара этимологиялық бай- ланыстағы сөздерді де жатқызуға болады: бүк-бүгіл-бүкір; теп-те- періш-тебер, төпе-төпеле-төбелес т.б. Алайда қ/ғ, к/г, п/б алмасуын кез келген жағдайда мағына айырымдық, сөзтанымдық функцияда жұмсалып, варианттардың барлығы бірдей семантикалық филиа- цияға ұшырады деуге болмайды. Орфографияда қиындық тудырып, əркелкі жазылып жүрген сөздердің бір алуаны осы құбылыспен бай- ланысты. Мысалы: айқай-айғай, садақа-садаға, қым-қуат – қым-ғу- ат, кереқар – кереғар, ала – көбе, ала – гөбе, ала-кеуім – алагеуім, алакүлік-алагүлік, алақаншық – алағаншық, сайкүлік – сүйгүлік, аракідік –арагідік, миғұла – миқұла, тым-тырақай – тым-тырағай, байқұс – байғұс, тұқым-тұқиян – тұқым-тұғиян, тұқжыңда – тұғжыңда, қылқындану – қылғындыру, қыз-қырқын – қыз-ғырқын, ада-күде – ада-гүде, адың-күдің – адың-гүдің, апыл-құпыл – апыл- ғұпыл, кіші-кірім – кіші-гірім, желқабыз – желғабыз, жедеқабыл – жедеғабыл т.б.
Орфография
Диахрондық тұрғыдан алғанда сөз құрамы екі (үш) түрлі морфемадан құрылуы ықтимал. Бірақ синхрондық тұрғыдан оларды екі (үш) морфе- мадан құрылған деуге болмайды. Өйткені синхрондық тұрғыдан алаге- уім сөзін «ала» жəне «кеуім»; алағаншық сөзін «ала» жəне «қаншық»; алагөбе сөзін «ала» жəне «гөбе» тəрізді морфемалардан құрылған деп үзілді-кесілді айту қиын. Морфемалық құрамы көмескі, жазылуы бірізге түспеген бұл тəрізді сөздерді ұ я ң д а ғ а н в а р и а н т бойынша бірыңғай жазу бағытын ұстану бірізділікке саяр еді.
Дауыссыз п-б (немесе б-п) дыбыстарының алмасуына байланысты əркелкі жазылып жүрген сөздер бар: қақбас – қақпас, көнбіс – көнпіс, төртбақ – төртпақ, дегбір – дегпір, ақбар – ақпар, етпетінен – етбеті- нен, бетбақ – бетпақ, шүберек – шеперек, көбе – көпе, ебтейлі – етпей- лі т.б. Бұл тəрізді морфема құрамы көмескі сөздердегі к, п қатаңдарын көршілес дыбыстардың ықпалында бағындыра жазу бағытын ұстануға болатын тəрізді. Мысалы: қақпас (қақбас емес), тəбділ (тəпділ емес), көнбіс (көнпіс емес), төртпақ (төртбақ емес), ақпар (ақбар емес), дақпырт (дақбырт емес), етпетінен (етбетінен емес), бетпақ (бетбақ емес), шүберек (шүперек емес), көбе (көпе емес), ептейлі (ебтейлі емес). Бұл жүйеден тек -дан,-дар морфемаларымен келген бірер сөздің ғана жазылуы тысқары тұрады. Мысалы: есепдан (есебдан емес), қасапдан
(қасабдан емес), есепдар (есебдар емес).
Сонымен, фонемалардың қосалқы мəнін негізгі мəнінен ажырата білу белгілі бір жүйемен жазуға, бірізді жазуға таяныш болады. Мысалы, бұрынғы, алдынғы деп жазамыз ба, əлде бұрыңғы, алдыңғы деп жазған дұрыс па? Неге соңғы, таңғы деп жазамыз, неге күңгей, түңгі деп бір сарынмен жазбаймыз?
Қазақ тілінде <н> жəне <г> фонемалары іргелес келген тұста комбина- торлық əсерден <н> фонемасының қосалқы мəні [ң] пайда болады: түң- гү-түнгі, бұрұнғұ-бұрыңғы, күңгей-күнгей т.б. Егер осы фонетикалық ір- гелестікті өзгертсек, бұл фонема өзінің негізгі мəнінде жұмсалады: тү[н]- де, бұры[н]-нан, кү[н]і-мен т.б. Со[ң]ғы, та[ң]ғы сөздеріндегі [ң] өзінің негізгі мəтінде жұмсалып тұр. Алайда орфографиялық сөздікте (1978 ж.) фонемалардың негізгі мəні ескерілмегендіктен, асты[ң]ғы, алды[ң]ғы, үсті[ң]гі түрінде жазылса, ал осы типтес сөздердің кейбірі бұры[-н]ғы делініп берілген. Белгілі бір жүйеге бағынатын бір типтес сөздерді əркел- кі жазу орфографияны қиындата түседі. Дұрысы – бұл типтес сөздерді фонемалық негізгі мəні бойынша жазу. Егер үстіңгі, астыңғы, алдыңғы т.б. сөздердегі ң-ге өзгеше фонетикалық жағдай тудыртсақ, бұл дыбыс өзінің негізгі мəніне көшеді: алдын ала (алдың ала емес), астын-үстін (астың-үстің емес), астынан (астыңнан емес), үстінде (үстіңде емес) т.б.
Ал қараң қалу сөзіндегі <ң> фонемасы өзінің негізгі мəнінде жұмсалып тұрғандығын көреміз. Салыстырыңыз: қаран болды. Сонымен қатар бұл сөздің қараңдау, қараңғы тəрізді сөздермен этимологиялық байланысы бар екендігі байқалады.
Сондай-ақ қайран қалу – қайраң қалу, қаран қалу – қараң қалу, жиһангер – жиһаңгер, жиһангез – жиһаңгез, тыңғылықты – тынғылықты, тұңғиық – тұнғиық, тебінгі –тебіңгі тəрізді сөз- дерді дұрыс жазудың өз қиындығы бар. Сондықтан да мұндай сөздер тəжірибеде əркелкі жазылып жүр. Осы сөздердегі [ң] комбинаторлық өзгерістің нəтижесінде пайда болған. Бұл өзгеріс жазуда ескерілмей, н түрінде жазылуға тиіс.
Сөз тіркесін өзгерту, сөзге əртүрлі қосымшалар жалғау, қосымшалар- ды түбірден бөліп қарау тəрізді контекстік тəсілдер арқылы морфемалар жігіндегі фонема реңкінің фонетикалық ортаға неғұрлым тəуелсіз түрін табуға болады. Мысалы: [қайраңғалу] қайран қалу – қайран қалу – қай- рансың, [тыңғылықты] тындыр, тындырымды; [тұңғүйұқ] тұңғиық- тұн, тұндыр; [жиһаңгез] – жиһан, жер-жиһан. Осылардың ішінде басқаларымен салыстырғанда қайрансың, тындыр, түн, жиһан морфе- маларындағы <н> фонемасының реңкі фонетикалық қоршауға анағұр- лым тəуелсіз. Сондықтан бұл сөздер фонематикалық принцип бойынша (фонемалардың мəнін сақтап жазу) <н>-ның қосалқы реңкі [ң] арқылы емес, негізгі реңкі [н] бойынша таңбалануға тиіс.
Қазақ орфографиясында -нг- немесе -ңг- арқылы таңбаланатын ажы- рату қиынға соғатын біралуан сөз бар: інген-іңген, кеменгер-кемеңгер, жауынгер – жауыңгер, əменгер – əмеңгер, шенгел – шеңгел, жынғыл – жыңғыл т.б. Бұл типтес сөздердегі фонеманың (<н> ба, <ң> ба?) негізгі реңкін жоғарыда айтқандай тəсілдермен тексеру мүмкін емес. «Тексеру- ге» болмайтын бұл типтес сөздерді жазуда қазақ емлесі, жауынгер, дүн- ген, монғол тəрізді бірер сөзді еске алмағанда, ң варианты түрінде таңба- лау бағытын ұстанған. Мысалы: іңген, шеңгел, шеңбер, əмеңгер, жыңғыл, бастаңғы, жеңге т.б.
Жалпы алғанда, морфемалар жігіндегі фонеманың негізгі реңкін сақтап жазудың пəлендей қиындығы жоқ тəрізді көрінеді. Шындығында, негізгі реңк пен қосымша реңкке байланысты жазылуы қиын бірсыпы- ра сөз морфемашілік дыбыс құбылыстарына қатысты. Мысалы, жамбас дегендегі [м] негізгі реңкте [м] қолданылып тұр ма, əлде <н> фонема- сының қосымша реңкі түрінде жұмсалып тұр ма? Орфографияда бұл типтес сөздер жамбас, шамба, сəмбі тəрізді м арқылы таңбаланғанмен, бірақ жазу тəжірибесінде бұл сөздерді н арқылы жазып қою дағдысы да ұшырайды. Қазіргі қазақ емлесінде күн аттарының -нб арқылы жазылуы
Орфография
дəстүрге айналды. Бірақ осы дəстүрге күмəн келтіріп, тіл мамандарының
«жаздырып» жібергені деп түсінетіндер де бар.
«Күн аттары (1923 жылдың қазақ календарында – Н.У.) сембі, жек- сембі, дүйсембі, сейсембі, сəрсембі, бейсембі, жұма түрінде жазылған. ХХ ғасырдың ортасына дейін күн аттары осылай жазылып келген, елуін- ші жылдары грамматикалық түбір сақтау заңына сүйеніп, оларды сен- бі, жексенбі, т.б. түрінде жаздырып жіберген тəрізді көрінеді. Ескілікті тарихи құжаттардай етіп м əрпі арқылы жаза беру керек дейтін де пікір бар» [31].
Бұл сөздердің н арқылы жазылуының не дұрыс, не бұрыстығын айт- пас бұрын мынадай өзгешелікті ескеру қажет тəрізді. Күн аттарын біл- діретін сөздердегі м мен б дыбыстары өзара іргелестігінен айырылса, мұндағы м еріндігі н дыбысымен айтылады: Жексен (Жексем емес), Дүй- сен (Дүйсем емес), Бейсен (Бейсем емес), Сейсен (Сейсем емес), Сəрсен (Сəрсем емес), Сейсенкүл (Сейсемкүл емес), Сəрсенқұл (Сəрсемқұл емес). Бұдан қазақ тілінде сөйлеушілердің психикасында фонеманың негіз-
гі реңкі <н> екендігін байқауға болады. Сондықтан бұл сөздердің <н>
арқылы жазылуын қате деп тануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |