І. Семасиографиялық немесе идеографиялық (тілдің мазмұн жағына негізделген)
ІІ. Фонографиялық (тілдің тұрпат жағына негізделген) .
Жазудың түрлері
А. Пиктография (хабардың А. Силлабографиялық (графикалық жалпы мазмұнын бейне- таңбаның объектісі – буын).
леуге негізделген).
Б. Иероглифика Б. Фонемография (графикалық немесе логография (сөзге таңбаның объектісі – фонема). негізделген)
а) дəстүрлі-фонологиялық ə) сингарможазу: екі əуезде жазу
(латын, кириллица) негізделген сингарможазу, төрт əуезге негізделген сингарможазу
Əр жазудың құрылымына байланысты орфографиясының өзіне тəн негізгі принципі болуға тиіс. Мысалы, сингарможазудың негізгі орфогра- фиялық принципін сингармопринцип деп атауға болады. Қазақ сөздерінің жазылуында сингармопринцип бойынша сөздегі екі əуез (А.Байтұрсынов) немесе буындағы төрт əуез (Ə.Жүнісбеков) үндестігін қатаң сақтау қажет.
Ал фонологиялық жазудың емлесіндегі басты принцип – фонемалық принцип. Ол негізінен сөздің құрамындағы фонемалардың күшті пози- циядағы түрін жазуға негізделеді. Қазіргі қолданылып жүрген жазу- сызуымыз фонологиялық жазу болғандықтан, енді келесі тарауда осы жазудың емлесіндегі негізгі принципке арнайы тоқталамыз.
Орфография
ІІ тарау. ОРФОГРАФИЯ
Қазіргі жазу-сызуымыз 1940 жылдан бері қолданылып келеді жəне қазақ тілінің жазба түрі осы жазу-сызу арқылы тиісінше қызмет етіп, сан қилы қоғамдық қажеттілікті шама-шарқынша өтеп те жатыр.
Əдетте тіл, не ауызша, не жазбаша болсын, өзінің қызметін жүйе түрінде жүзеге асырады. Олай болса, қолданып жүрген жазу-сызуымыз- дың ішкі құрылымы, өзіндік жүйесі болуға тиіс екені даусыз. Тіліміздің жазу жүйесін жетілдіру, жақсарту, реттеп отыру, оны дұрыс қолданудың құралдарын жасау т.б. жөнінде едəуір шаралар жасалды: негізгі Ереже- лер түзілді, жазу практикасында байқалған тəжірибелердің жинақталу барысында Ережеге (1957, 1983) толықтырулар мен түзетулер енгізілді.
Тағы бір атап айтатын нəрсе – осы жазу-сызу жүйесін дұрыс қолда- нуды үйрететін ортологиялық құралдар жасалып, олар бірнеше дүркін жарық көрді:
«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі.» – Алматы, 1941 (ред. Кол- лег. С.Аманжолов, І.Кеңесбаев); М.Балақаев. «Емле сөздігі». 1948; «Қа- зақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1963 ж. редакциясын басқарғандар І.еңесбаев, Ғ.Мұсабаев; «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» 1978 ж. Жауапты редакторы М.Балақаев; «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» 1988 ж. Жауапты редактор Р.Сыздықова); Сыздықова Р. Қазақ орфографи- ясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш (1964, 1974). Анықтағышта алғаш рет қазақ жазу-сызуына жұмсалып жүрген күллі графикалық таңба- лардың (нүкте, қос нүкте, көп нүкте, нүктелі үтір, үтір, сызық, сызықша, тырнақша, жақша, бас əріп, кіші əріп, леп белгісі, сұрау белгісі, жол басы т.б.) қолданылу тəртібі мен орындары, ережелері жинақталып берілді. Міне, мұндай практикалық құралдардың жазу нормаларын тұрақтандыру- да, жетілдіруде орны ерекше болды. Жазу жүйесін дұрыс қолдануға үйре- тетін мұндай құралдармен қатар қазақ жазу-сызуы мен орфографиясының негіздерін қарастырған (Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфография- сының негіздері. – Алматы, 1968) жəне жазу тəжірибесінде кездесетін əртүрлі ауытқулар мен қайшылықтарды жинақтай отырып, олардың себебін ашуға, бір ізге салудың жолын іздестірген зерттеулер жарық көрді (Уəлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. – Алматы: Ғылым, 1988; Мырзабеков С. Қазақ орфографиясының арнаулы курсы бойынша методикалық нұсқаулар. – Алматы: Қазақ университеті, 1991). Емлесі қиын сөздер. Мектеп оқушыларына арналған анықтамалық сөздік (Құрастырған. Н.Уəли, Қ.Жолманбаева, Қ.Күдеринова. – Алматы: Балауса, 2000). Сондай- ақ жазу-сызу мəдениетін жетілдіру, сауаттылықты көтеру, емле сөздік-
терін дұрыстау, жеке сөздердің жазылуы жөнінде баспасөз бетінде ондаған мақала жарияланды [21]. Əрине, бұл айтылғандардан жазу-сызу жөнге түсіп, емле мінсіз болып кетті деуге болмайды. Бұл салада атқарылатын жұмыстың дені жазу жүйесін дұрыс пайдаланудың құралдарын жасауға келіп саяды. Ал қазіргі жазуымыз сөз дыбыстарына негізделген біртұтас жүйе түрінде жəне сол жүйені құрап тұрған элемент, сол элементтердің өзара қатынасы сияқты ішкі құрылымдық деңгейде əлі де болса зертте- уді қажет етеді. Ал мұндай міндетті шешу жазуымыздың фонологиялық транскрипция мен фонетикалық транскрипция жүйесінен қаншалықты ай- ырмасы мен ұқсастығы бар екенін айқындауға мүмкіндік береді. Графика- лық лингвистиканың қисыны бойынша, жазу жүйесі фонологиялық, фоне- тикалық транскрипциядан қалайда бөлек болуға тиіс. Осымен байланысты жазуымыздың ішкі түзілімін жəне фонологиялық негізін (қандай бағытта, қай мектептің іліміне жақын т.б.), оған ұстанып отырған емле принципінің сайма-сай болуын қарастыру қазақ тілі ғылыми орфографиясының негіз- гі міндеті болып саналады. Ол үшін мына мəселелердің басын ашып алу қажет:
инвариант фонема мен əліпбидегі (алфавиттегі) əріптердің сандық қатынасын көрсету;
жазудың фонологиялық негізін анықтау;
əліпбидегі əріптердің аттарын негіздеу;
жазудың фонологиялық негізіне сай келетін емле принципін дəлдей түсу;
жазу нормасында кездесетін қайшылықтар мен ауытқуларды жи- нақтай отырып, себептерін ашу т.б.
Қоғамдық өмірде болып жатқан сан алуан өзгеріс күрделі мəселелерді шешуді күн тəртібіне қойып отыр. Осындай қоғамдық назарда болып, мемлекет көлемінде мəн беріліп отырған мəселелердің бірі – республика- дағы тілдердің дамуы. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде өзінің сан алуан қызметін өрістете отырып, өркендей түсуі қажет. Ол үшін жазу мəдени- еті де жоғары талап деңгейінде болуға тиіс. Қандай жазуды ұстансақ та, басқа əліпбиге көшсек те, əліпбиді тиімді етудің жолдарын қарастыру, емле принциптерін дəлдей түсу, жазу жүйесін дұрыс қолданудың құрал- дарын (жазу ережесі, емле сөздігі, анықтағыш т.б.) жетілдіру қай кезде де қоғамдық назардан тыс қалмайтын мəселелер.
Достарыңызбен бөлісу: |