Алғы сөз Уəли Нұргелді


Шетел сөздерінің орфографиялануы



бет53/58
Дата06.10.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146937
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері

Шетел сөздерінің орфографиялануы. Кирилл əліпбиі орыс тілі үшін, оның дыбыстық құрылымына, грамматикалық ерекшеліктеріне адъекватты ең озық фонологиялық əліпби болды. Оның ең негізгі дейтін- дей басты жетістігі, біріншіден, мағыналық бірліктерді ажырататын 42 дыбыс (фонема), 32 əріппен берілді; ал дыбыстық біріліктердің санынан əріптің саны кем түсіп жататын болса, ондай əліпби жазу теориясында жақсы əліпбилер санатына жатады. Жазу теориясында əліпбиді бағалау- дың бір өлшемі осы. Екіншіден, орыс тіліндегі дауыстылардың дауыс- сыз дыбыстардың билігінде болу заңдылығы графика, орфографиясында мықтап ескерілген.
Үшіншіден, екі-үш дыбысты (фонеманы) бір əріпке теліп беруі жəне əліпби құрамында дыбысталмайтын өлі əріптердің (ь,ъ) функциясының ерекше болуы орыс тілі графикасы мен орфографиясы үшін аса маңызды болды.

Алайда қазақ тілі үшін кирилл əліпбиіндегі өлі əріп (ь,ъ), сондай-ақ екі-үш дыбысқа ортақ теліме əріптердің (ю, я) жəне ц, щ, ё, э-лардың ұлттық тіліміз үшін графемалық жүктемесі болған жоқ. Бұлар орыс тілінен енген сөздерді орыс тілінің орфографиясы бойынша жазу үшін қолданылды. Сөйтіп, кирилше қазақ əліпбиі гетрогенді сипатта, соған сəйкес қазақ тілінің орфографиясы қосамжар орфографияға айналды. Орфографиялық негізгі ереженің жартысына жуығы орыс тілі сөздерінің жазылуына қатысты болды.
Қазіргі кезде орфографиялануы қиын шетелдік терминдердің қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Əліпби ауыстырумен байланысты жа- зу-сызуға ұлттық сипат беру қауырт көтеріле бастағаны мəлім.
Ю əрпінің жазылуы. Жаңа əліпбиде бұл əріп жоқ. Дегенмен, осы əріп- пен таңбаланған сөздер өте көп. Ю латыннегізді əліпбиде ıý-мен немесе ý-мен таңбаланады.
Орыс тіліндегі жіңішке дауыссыз фонемадан кейін ю-мен келетін сөз- дерде ý жазылады. Мысалы: парашют – parashýt, абсолют – absolýt, по- люс - pólýs, глюкоза – gilýkoza, люкс- lýks, дебют – debýt, салют – sálýt, валюта válýta, бюджет býdjet, бюрократия býrоkratıa, продюсер
- prodýser, сюжет – sýjet, бюллетень – býleten.
Орыс орфографиясы бойынша сөз басындағы ю əрпімен жазылып келген Юпитер, юра тəрізді терминдер латын əліпбиі негізінде Iýpıter, ıýrа түрінде жазылады.
Сондай-ақ ь белгісінен кейін келетін ю-дың орнына ıý жазылады. Мы- салы: компьютер – kompıýter, Кьюри - kıýrı.
Ё əрпінің жазылуы. Кирилше қазақ əліпбиіндегі графемалық мəні жоқ, басы артық əріптердің қатарына жататын ё əрпі ұшырасатын дирижёр, манёвр, режиссёр, дублёр т.б. тəрізді орыс орфографиясына бейімдел- ген интертерминдер ендігі жерде латын əліпбиі бойынша dırıjor, manevr, rejıssor, dýbler түрінде таңбаланады. Яғни кейбір сөздерде ё орнына о не- месе е жазылады. Оның емлелік ережелері анықтағышта нақтыланады.
Э əрпінің жазылуы. Кирилше əліпбидегі басы артық əріптердің қа- тарына э əрпі жатады. Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде де [э] мен [е] дыбыстық мағынасы бірдей, сондықтан аэроалаң, геоэкология, электр сөздері латыннегізді əліпби бойынша aeroalań, geoekologıa, elektr түрінде орфографияланады.
Щ əрпінің жазылуы. Ащы, тұщы дегендегі қатар келген [шш] ды- бысын білдіретін щ əрпі латын əліпбиі бойынша шш[ashshy], [tushshy], [keshshe] түрінде жазылады.
Сөз ортасында жəне сөз соңында келгенде щ əрпі айтылымда қазақ тіліндегі ш дыбысынан еш айырмасы жоқ. Сондықтан училище, плащ,
Жаңа əліпби, жаңа емле щи, прапорщик сияқты сөздер жазылымда қазақша айтылымына сəйкес
ýchılıshe, plash, shı, praporshık түрінде таңбаланады.
Ц əрпінің жазылуы. Орыс əліпбиіндегі ц əрпі шеттілдік сөздерді өз тілінің заңдылықтарына бейімдеу үшін алынған. Ал қазақ тілінің бір- де-бір төл тума сөзі ц əрпімен жазылмайтыны белгілі. Яғни графемалық қызметі орыс тіліндегі шеттілдік терминдер қалай жазылса, қазақ əліп- биіндегі ц əрпі солай жазу үшін қолданылады. Ендігі жерде сөз басын- да ц əрпі келетін терминдер s əрпі арқылы жазылуға тиіс. Мысалы: sıfr, seıtnot, sýnamı, sellofan. Ал сөз ортасы мен аяғында келетін ц əрпі латын- негізді əліпби бойынша ts түрінде жазылмақ. Мысалы: medıtsına, vıtse, konstıtýtsıa, abzats, kvarts.
Бұл тұста медисина, висе, конститусия, абзас, кварс, асетон деп, «бір ғана типке жататын дыбысты екі түрлі позициялық графемамен белгіле- мей, бір ғана орфограммамен жазу тиімді» дейтін де пікір бар. Оның ем- лелік ережелері анықтағышта нақтыланады.
Ч əрпінің жазылуы. Орыс əліпбиіндегі ч əрпімен келетін Сочи, Чехов, Чикаго атаулары Sochı, Chehov,Chıkago түрінде орфографияланады.
Х жəне һ əрпінің жазылуы. Жаңа əліпби бойынша х мен һ қызметін бір ғана əріп һ атқарады. Сондықтан х жəне һ дыбыстарының орнына һ жазылады. Мысалы, hat, jahan, horeograf, habar, gaýhar, qaharman.
-ль дыбыстар тіркесі бар шетел сөздерінің орфографиясы. Шет тілі- нен енген альт, альтернация т.б. терминдердің дыбыстық құрамындағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет