Емле ережелерінде басшылыққа алатын ғылыми принциптер Ұлттық жазу-сызу мəдениетінің жоғары деңгейде болуы оның əліпби жүйесімен, негізгі орфографиялық ережелерімен жəне осы ережелерді басшылыққа ала отырып жасалатын о р т о л о г и я л ы қ л е к с и к о- г р а ф и я н ы ң (орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктердің) түзілуіне, сонымен қатар о р т о л о г и я л ы қ қ ұ р а л д а р д ы ң (орфография- лық анықтағыштар, біріккен сөздердің емлесі, жалқы есімдердіңемлесі т.б.) ойдағыдай жасалуымен байланысты. Жазу мəдениетінің жақсара түсуін алдымен негізгі орфографиялық ереженің ұстанатын басты ғылы- ми принциптері айқындайды. Ал орфографиялық негізгі ереже өз бас- тауын əліпбиден алады. Əліпбидің ойдағыдай екені/емесі сөздің орфо- графиялануынан байқалады.
Сондықтан орфографиялық ережеде басшылыққа алынатын негізгі принципті айқындап алу керек. Өйткені осы кезге дейін бұл мəселенің басы ашылмай, бірде морфологиялық, бірде фонетикалық, бірде ара- лас-құралас принцип делініп келді. Соңғы кезеңдерде фонематикалық принципдеп атала бастады. Негізгі орфографиялық принципті айқындап, соған сай ереже түзуде, инструмент ретінде мына схеманы ұсынамыз.
Алдымен халық тілінің дыбыстық қорындағы мағына ажырататын тоғыз дауысты жəне он тоғыз дауыссыз дыбыстың инварианттарын не- гізге аламыз:
a (a), á (ə), e (е), o (о), ó (ө), y (ы), i (і), u (ұ), ú (ү);
б (б), g (г), ǵ (ғ), d (д), j (ж), z (з), ı (й), k (к), q (қ), l (л), m (м), n (н), ń
(ң), p (п), r (р), s (с), t (т), ý (у), sh (ш).
Бұларға қоса ескі жазба тіл арқылы жазылымда орныққан f (ф),h (һ, х) дыбыстарын білдіретін əріптер бар.
Аталмыш инварианттар мағына ажырататын қызметіне орай, фонология- да фонема, жазуда графемадеп аталады. Синтагматикалық қатарға түскенде, əрбір инварианттың 1) негізгі реңкі, 2) түрі жəне 3) түрленімі болады.
Айдесек, анегізгі реңкі, ал жай,шайдесек «ə» түрінде өзгеше жіңіш- ке реңк алады да, əн дегендегі ə-мен реңктес сипатта болады. Өйткені а-ның бұл реңкі «ж», «ш» мен «й»-ға тəуелді. Бірақ қосымшалар жуан болып, жайлау, шайқа түрінде қосылатындықтан жəне мағынаға əсер етпейтіндіктен, аталмыш реңк жазылымда ескерілмейді. Ал айтылымда инварианттың бұл реңкі (түрі) аса маңызды. Бұлай деп отырған себебіміз, жазылым мен айтылымның тепе-тең түсе бермейтін ерекшеліктері бар, сондықтан жазба сөзді ауызша кодқа, ал ауызша сөзді жазба кодқа салу- дың жүйесі басқа.
Инварианттар түрленімінің кейбір типтері парадигмадағы дыбыс- тық бірліктерді қайталайды. Мысалы, ұшса дегендегі с айтылымда
парадигмадағы ш-ға сəйкес келеді. Өйткені сөз ішінде ш мен с синтаг- малық бір қатарда тұра алмайды. Орфоэпиялық сөздікте ұшша түрінде берілетіні сондықтан. Синтагмада с-ның ш-ға бейімделуі ұлттық тілдің орфоэпиялық қалыптанған нормасы. Бірақ мағынаға əсері болмаған- дықтан, жазу жүйесінде еленбей, «сыртта» қалып қояды.
Инварианттар түрленімінің тағы бір ерекше типі бар. Инварианттар парадигмасында мүлде ұшыраспай, ал синтагматикада ерекше түр- ленімгежататындыбыстықреңктеркездеседі. Мысалы, айтсадеген- дегі с-мен сана дегендегі с тепе-тең емес. Сана дегендегі с парадигма- дағы инварианттың негізгі реңкі болса, синтагматикада айтса дегендегі с-ның дыбыстық мəні, парадигмада мүлде жоқ ц-ға жуықтайды: айт[ц] а.Инвариант реңкінің дыбыстық қордағы бұл типі с-ның т-мен қатар- ласа, м-дан кейін тұруымен ғана байланысты. Айтылымда аса маңызды, бірақ жазылымда ескерілмейді.
Тұжыра айтқанда, 19 дауыссыз бен 9 дауысты инварианттардың жа- зылымда негізгі реңктері бойынша орфографияланатыны, ал қосымша реңктердің ескерілмейтіні қазақ жазуының фонематикалық ерекшелігін танытады. Осы ерекшелікке сəйкес, орфографиямыздың негізгі принципі фонематикалық принцип болып саналады.