Сөздердің тасымалдануы. Тасымал мен буын жігінің жазу тəртібін- де сəйкес келетін жəне сəйкес келмейтін тұстары бар. Айталық, [а-бай] деп буындалғанымен, А-бай делініп тасымалданбайды. Себебі жол- дың соңындағы [а] да, келесі жолға шығарылған [- бай] да мағыналық екіұштылық туғызады. А, солай ма? дегендегі [а] айтылымда жеке буын болғанымен, жазылымда ескерілмейді. Буын мен əріп тасымалының бір- бірімен қиылысатын тұстары бар да, бірін-бірі дəлме-дəл қайталамайтын тұстары бар. Мысалы, емле сөзі е-мі-ле түрінде буындалады, ем-ле деп тасымалданады. Сөздің дыбысталуы ауызша тілдің (орфоэпияның) объ- ектісі болса, тасымал жазба тілдің (орфографияның) объектісі болып са- налады. Тасымал тəртібі бұрынғы жазу дəстүрін сақтайды, кейбір тұста- ры анықтағыштар арқылы көрсетіледі.
Басəріппенжазылатынсөздердіңемлесібұрынғыжазудəстүрімен сəйкес болып келеді, ал кейбір тұстары анықтағыштар арқылы нақты- ланады.
Назарға ұсынылып отырған бұл Жобада:
қазақ орфографиясының негізгі ережелерінің ұлттық тілдің ерек- шеліктері мен заңдылықтарына сəйкес болуы;
тəжірибеде сыннан өтіп, дəстүрге айналған базалық нормалардың сақталуы;
техникалық жақтан қазақ орфографиясының қолдануға оңтайлы, мобильді, жинақы болуы;
халық тілінің дыбыстық қор əлеуетінің кеңірек қамтыла түсуі;
жаһандану үрдісінде жазу-сызудың ұлттық сипатының сақталып, космополиттік əсірелікке ұшырамауы, т.б.
Бұл айтылғандар, түптеп келгенде, орфографиялық ережелер түзудің негізгі ұстанымдары болмақ.
Пайдаланылған əдебиет
Сералин М. Айқап. №4. 1914.
Альжанов О. Полезные книги для киргизов. – Киргизская степная газета, 1894, № 39. [Об учебниказ русского языка для казахов, о преиму- ществе русского алфавита].
ИльминскийН.// Қазақ тілі жөніндегі революциядан бұрынғы зерт- теулер. – Алматы: Ғылым, 1993. – 160-175 бб.
Сыздық Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы. XV-XIX ғасырлар». – Алма- ты, 1993.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992. 325-б.
Дулатов М. Бес том. шығ. жин. Құраст.: Г.Дулатова., С.Иманбаева.
–Алматы: Мектеп, 2003, 2 том, 219-222 бб.
Зиндер Л.Р. Очерк общей теории письма. М.: Наука, 1987. 52-б.
Кузьмина С.М. Теория русской орфографии. М.: Наука, 1981. 3-б.
Əліппе айтысы. Қарағанды, 1990. Құрастырған Мəжітаева Ш. Алғы сөзін жазғандар: филол. ғылым. докт. Əбілқасымов Б. жəне филол. ғылым. канд. Мəжітаева Ш.
Мырзабеков С. Емлеге де ем керек. // Ана тілі, 1990. 31 мамыр, 7 маусым; Қайдаров Ə.Т. Латын əліпбиінің болашағы зор // Ана тілі, 1991. 24 қазан, 7-14 қараша; Жүнісбеков Ə. Төл жазусыз түгелдік болмас // Ана тілі, 1992. 6-13 қаңтар; Сыздықова Р. «Орысшылдықтан» қашудың да жөні бар // Ана тілі, 1992. 9-16 сəуір; Есенов Қ. Барымен базар абзал // Ана тілі, 14 мамыр.
Головин Б.Н. Введение в языкознание. М., 1977. 240-б.
Зиндер Л.Р. Общая фонетика. М., 1979. 38-б.
Реформатский А.А. Введение в языкознание. М., 1967. 211-б.
Зиндер Л.Р. Очерк общей теории письма, Л.: Наука, 1987. 67-б.
Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1990. 117-б.
Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы: 1989. 19-б.
АмировТ.А.Функциональная взаимосвязь письменного и звуково- го языка. М., 1985. 64-б.
Мырзабеков С. Қазақ орфографиясының арнаулы курсы бойынша методикалық нұсқаулар. Алматы: Қазақ университеті, 1991. 30-б.