Байланысты: Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері
Г е м и н а ц и я л а н ғ а н дауыссыздармен келетін түбір сөз- дердің саны тілімізде біршама шектеулі. Оларға мына тəрізді сөздер жатады: мүдде, күллі, махаббат, əккі, лəззат, жаппа, ыссы, əдді, гəкку, лəббай (лəппай), жаннат (жер жаннаты), лоққы, жаббар (жаппар), əттең, ыссы, мұттайым, қисса, əлқисса, оппа, құттықтау,құдды, Орфография əккі, тəкаппар т.б. Гемината дауыссыздардың тіліміздегі біралуан сөз- дердің құрамында орын тебуі бір сөзбен екінші сөзді ажырату қызметін- де жұмсалатындығына байланысты. Мысалы: оппа (оппа қар), – опа (опа бермеу), жаннат (жер жаннаты) – жанат (жанат ішік), жаппа (баспана мағынасында), жапа (жапа шегу), қисса (қисса дастан) –қиса (етістік) т.б.
Кейбір дауыссыздардың геминациямен айтылуынан «қашқалақтауға» байланысты молла, əмме, кəзззап, алла тəрізді сөздер молда, əмбе, кезеп, алда түрінде игерілгендігі байқалады. Сондай-ақ /ашшы/ ащы – ашты, ыссы-ыстық параллельдерінің əуелде жарыса жұмсалуы да осы ерек- шелікке байланысты деуге болады.
Бірсыпыра сөздердің геминаталар арқылы қолданылуы дыбыстардың созылыңқы айтылуында болатын экспрессиялық мүмкіндікті пайдала- нуға қатысты. Мысалы, махаббат, лəззат, мəссаған (модаль сөз), жан- нат (жер жанатты), құдды əуппай (одағай) т.б. сөздер дауыссыздардың эмфатикалық созылыңқылығына байланысты экспрессияға ие болып тұрғандығын аңғарамыз. Бұларды «жалған» геминаталар деп атауға да болады. Қазақ орфографиясында шш геминатасының арнайы щ əрпімен таңбаланатын орындары бар. Бірақ бұлардың саны тек ащы,тұщы,кеще, ищ-ай (одағай) тəрізді үш-төрт сөзбен шектеледі.
Кейбір сөздердің геминаталарға қатысты əліптемесі жазу тəжірибесін- де əртүрлі беріліп жүр: жаппар–жаббар,тəкаппар–тəкаббар,лəббай– лəппай; тұттығу – тұтығу, тұттықпа – тұтықпа, құттықтау – құтықтау, молла – молда, алла – алдат.б.
Тіпті Орфографиялық сөздікте (1978 ж.) лəббай – лəппай, жаппар – жаббар варианттарының жаббар, лəббай нұсқасы берілген. Бірақ дəл осы тəрізді тəкаппар – тəкаббар вариантының осы сөздікте тəкаппар нұсқасы негізге алынған. Осы сөздердің Орфографиялық сөздікте бұлай берілуі негізсіз емес. Бір жағынан, ұяң вариант түріндегі лəббай,жаббар сөздері, олардың қатаң түріне қарағанда, тұрақты қолданылатын орны, əрі жиірек жұмсалатын жері көне, кітаби контекст деуге болады. Екін- ші жағынан, олар пассив лексикаға жататын көне реңкке ие сөздер. Ал тəкаппар – реңкі жағынан бейтарап жатады. Тəкаппар – тəкаббар ва- рианттарының реңктерін бейтараптық, экспрессия, көнелік т.б. тұрғыдан қарағанда, біріне-бірі қарама-қарсы сипатта деуге болмайды. Ал молла– молда, біссімілла – біссімілда варианттары бұл жағынан қарама-қарсы сипатта: молда– бейтарап реңкте, молла– кітаби, көне реңкте, керісінше, алла, біссімілла – кітаби реңкте, ал біссімілда, алда – сөйлеу тіліне тəн реңкте.
[т] дауыссызының бірде геминацияланып, бірде жалаң айтылуына байланысты сөздердің жазылуы да əртүрлі. Мысалы: құттықтау(орфо- графиялық сөздікте) – құтықтау (орфографиялық сөздікте берілмеген), тұтығу(орфографиялық сөздікте) – тұттығу(орфографиялық сөздікте берілмеген). Мұндағы құттықтау – құтықтау вариантын кейде сара- лап қолдану фактісін кездестіруге болады: құттықтау «приветствие» (приветственная речь – құттықтау сөз), құтықтау «поздравление». Ал тұттығу – тұтығу, тұттықпа – тұтықпа вариантының геминация- мен айтылатын нұсқасын (экспрессиялық өң, көне реңк т.б. мақсатта жұмсауды қажетсінбеуге байланысты) сөзқолданыста бірте-бірте ығыса бастаған деуге болады. Сондықтан орфографиялық сөздікте бұл сөз жа- лаң т нұсқасында берілген.
Геминация құбылысына байланысты екі түрлі вариантта жазылып жүрген сөздердің бірі – жедді (жеддінің айы, жеддінің жұлдызында; жедінің айы, жедінің жұлдызында), мүкаммал – мүкамал. Сөйлеу тілін- де жеді, мүкамал түрі ұшырағанмен, жедді, мүкаммал нұсқасының тұрақты орын тепкен жері – кітаби, көне контекст. Орфографиялық сөздікте бұл варианттың геминацияланған түрінің (жедді, мүкаммал) берілуі сондықтан.
Сонымен, кейбір сөздердің құрамына геминацияланған дауыссыз- дардың болуы мынадай құбылысқа саяды деуге болады: а) геминаци- яланған дауыссыздар бір сөзден екінші бір сөзді ажыратып тұрады. Оларға дауыссызды геминациясыз жалаң түрде айтуға болмайды. Ондай жағдайда сөздің тұрқы бұзылды, мысалы: əккі, күллі, мүттайым т.б. сөздердегі дауыссызды геминациясыз айту мүмкін емес; ə) кей жағдайда сөз құрамындағы дауыссызды геминацияланған түрде де (мүдде, лəззат т.б.), жалаң түрде де (мүде, лəзат т.б.) айтуға болады. Бірақ сөздің ге- минациялы вариантының экспрессиялық реңкі басым болады; б) геми- ната дыбыстар сөзге көнелік реңк үстейді (жедді, жаббар, лəббай т.б.). Экспрессиялық, көнелік реңктері актуализацияланған мұндай вариант- тар нормалаушы сөздіктер арқылы кодификацияланып отырады. Алайда зəрредей, біссімілда, алда (алла деген мағынада), жеді (ескіше айдың аты), жаппар,лəппайтəрізді варианттардың нормалаушы сөздікте алын- бауы олардағы экспрессиялық (зəрредей,), көнелік – кітаби (молла), сөй- леу тілі (жеді, алда, əмме, жаппар, лəппай т.б.) тəрізді реңктерінің акту- ализацияланбауына байланысты деуге болады. Ал жөппелдемеде, іззет тəрізді геминацияланған варианттарды экспрессия тұрғысынан қажет- сіну жөпелдемеде, ізет нұсқаларына қарағанда басым деуге болмайды. Сондықтан орфографиялық сөздікте оларды ізет, жөпелдеме түрінде беру тиімді.
Орфография Қазақ орфографиясындағы кейбір қиындық сөз аяғында кездесетін синкопа, эпитеза, апокопа тəрізді дыбыс құбылыстарымен байланыс- ты. Əсіресе аяқ шені кейбір дауыссыздар тіркесіне біткен ауыс-түйіс сөздердің фонетикалық игерілуі көп вариантты болып келеді. Мысалы: бақт, тақт, дост, дəст т.б. парсы, араб сөздері қазақ тілінің фонетика- лық заңдылығына орай үш түрлі жолмен игерілгендігін байқауға болады.
Сөз аяғында іргелес келген екі дауыссыздың аралығына қысаң да- уыстыны селбестіріп айту: уақт – уақыт, бақт – бақыт, тəрк – тəрік, тақт – тақыт.
Сөз аяғында іргелес келген екі дауыссыздың соңғысын түсіріп айту:
уақт – уақ, бақт – бақ, дост – дос, тақт – тақ, дəст – дəс (дəс орамал).
Сөз аяғында іргелес келген дауыссыздың соңына қысаң дауыстыны қосып айту: уақт – уақты, бақ – бақты, дост – досты, дəст –дəсті.
Үшінші тəсілмен игерілген тақты, бақты, досты, дəсті деген атау тұлғалы сөздер көбіне байырғы мұралар тілінде жиі кездеседі.
Орыс тілінен енген қоғамдық-саяси жəне ғылыми-техникалық тер- миндердің жəне кейбір атаулардың қосымшалармен түрленуінде осы үш түрлі тəсілдің «Қазақ орфографиясының ережесі» бойынша (1957 жыл) екіншісі (синкопа) мен үшіншісі (эпитета) жиі қолданылады.