құшынаш – құшнаш ашына – ашна қазымыр – қазмыр базына – базна
қазына – қазна лағынет – лағнет
Əрине, бұлардың қатарына қымыран, құмыра, саңылақ, бағылан, лобылу тəрізділерді жатқызуға əсте болмайды. Өйткені бұл типтес сөз- дердің сонорлы буындарын селбеспелі дауыстысыз жазу қазақ тілінің дыбыс заңдылығымен үйлесе бермейді. «Орфографиялық сөздікте» мақұлық, нақұрыс сөзінің мақлұқ, нақрұс түрінде жазылмай, ұ арқылы таңбалануын да осы заңдылыққа орай түсіндіруге болады. Бірақ осы типтес кейбір сөздердің жазылуына келгенде «Орфографиялық сөздік» (1978 ж.) бұл принциптен ауытқып кетеді: мəкрүк (дұрысы – мəкүрік), мақлұқат (дұрысы – мақұлықат), мақрұм (дұрысы – мақұрым), мағлұм (дұрысы – мағұлым), мағлұмат (дұрысы – мағұлмат) т.б.
Сөздің абсолют басы л, р дыбыстары үшін қолайлы позиция емес. Сондықтан сөз басы бұл позициядан «арылы» отыруға тырысқан. Бұл процесс, тарихи фонетика тұрғысынан қарағанда, бірнеше тəсіл арқылы жүзеге асып келген: 1) л дыбысы д-ға алмасып отырған: лүпілде – дүпілде, лекет (үлкен пышақ) – дөкет, лайым – дайым; 2) л дыбысы н-ға алмасып айтылған лəпсі – нəпсі, лас –нас, лағынет – нəлет, лоқта – ноқта, Лазым
– Назым («Пердеге жүзін салады, Пердені қолға алады, өз көркінен қыз Назым Талып түсіп қалады. «Қамбар». 3) л сөздің абсолют басында түсіп қалады: лабақты – абақты, лəшкер – əскер, қазақ тілі диал. оңқа (оңқа төңкеру, «банка төңкеру); 4) л, р дыбыстары сөздің басында селбеспелі қысаң дауыстылармен айтылған. Мысалы: лу (тибет, қытай) «дракон»
– ұлу, (ылашын) лашын т.б. Өзге алмасулармен салыстырғанда соңғы төртінші тəсілді л, р дыбыстарынан басталатын шеттілдік сөзді игерудің аса өнімді түрі деуге болады.
Бұған дейін біз селбеспелі дауыстылардың сонорлы буындары жік- терінде жазылатын жəне жазылмайтын жағдайларына қатысты мəселеге тоқталдық.
Ал селбеспелі дауыстылардың сөздің абсолют басында р, л сонор- ларымен жұмсалу ерекшелігі осы айтылған мəселемен сабақтас деуге болады. Сөздің абсолют басындағы селбеспелі дауыстының қазақ гра- фикасындағы таңбалануы екі түрлі: «л, р дыбыстарынан басталып, одан кейін а, ə, е, у, ү, и дыбыстары келетін түбір сөздердің басында ы, і əріп- тері жазылмайды: лаж, лайық, лас, лай, леген, рай, рас, лауазым, лашын, лашық, лақа (балық), лақап, лезде, леп, лепіру, лоблу, рақат, рақым, раң, рет, ренжу, рең, реңк, ру, рух, рухани, рұқсат, риза, рия, ризық, рəсуа.
Қалған жағдайда сөз басында р, л əріптерінен бұрын ы, і əріптері жа- зыла береді: ырыс, ырым, ырық, іріт, ырыл (дау), ілік (ті)» [38, 21б.].
Ал р, л дыбыстарының (əріптерінің) алдына селбеспелі қысаң дауыс- тыны белгілейтін ы, і, ұ əріптерінің жазылмауына қарап, мысалы, ру, (ұрұу), рух (ұрұух), леп (ілеп), лашын (ылашын), лау (ылау), лақ (ылақ), бұл орындарда қысаң дауыстылар мүлде айтылмайды деп ойлауға бол- майды. Л, р сонорлары сөздің басында келгенде, барлық жағдайда қы- саң дауысты селбесіп айтылады. Бірақ олардың фонемалық реңктері р, л дыбыстарынан кейінгі дауыстыларға тəуелді болуы ықтимал. Мысалы, р, л сонорларынан кейін а, ə, е, ұ жəне дауысты сонор дыбыс тіркесі – ұу, ый келсе, р, л-дың алдында келетін қысаң селбеспе дауысты өзінің созылыңқылығы жағынан біршама қысқа айтылады. Ал сөз басындағы р, л-дан кейін қысаң дауыстылар келсе, керісінше, селбеспе дауысты бір- шама созылыңқы айтылуы ықтимал. Əрине, бұл дауыстының созылыңқы немесе айтылу реңкінің фонемалық мəні жоқ. Сырт қарағанда, біршама созылыңқы селбеспе дауыстыны арнайы көрсетіп (ырым), ал қысқасын көрсетпей жазу (лашын) қазақ графикасындағы кемшілік тəрізді көрінеді. Бірақ бұл графикалық тəсілдің, бір жағынан, артықшылығы да бар.
Таңбалардың үнемді қолданылатындығын айтпағанның өзінде, бұл гра- фикалық ерекшелік сөздің айтылу нормасын дұрыс бейнелейді. Селбеспе дауыстының жазылуы р, л-ның алдындағы қысаң дауыстының біршама созылыңқы айтылуын қамтамасыз етеді. Мысалы: ырым ырым, ырық ырық, ілік ілік. Селбеспе дауыстының жазылмауы – р, л позициясындағы қысаңның біршама қысқа айтылуын қамтамасыз етеді: рақмет, раушан, лауазым, т.б. Ал р сонорының алдында келетін селбеспе дауысты ұ-ның ру сөзінде таңбаланбаумен ұру, ұрұу сөзінде таңбалануын омофон сөз- дерді (1. Ұрұу ру, 2. ұрұу ұру) ажырату мақсатымен байланысты деуге болады. Зат есім болып келетін ру сөзі өзінің жазылуы арқылы ұру етісті- гінен ажыратылып тұрады.
Тарихи фонетика деректеріне қарағанда, түп түркі тілінде (праязык) сөздің бас шенінде əуелде қатаң дыбыстар қолданылған. Бұл позицияда бертін келе, сыртқы сандхи құбылысына байланысты, ұяңдар да жұм-
Орфография
сала бастаған. Бұдан кейінгі кезеңде сөз басында қатаң, ұяңдар ғана емес, кейбір үнді дыбыстар да, мысалы, м, н кездесе бастайды. Н-ның сөз басында тұрақты қолданылуына бір жағынан экстралингвистика- лық фактордың да əсері болды. Парсы тілінен н дыбысынан басталатын сөздердің (нəзік, нан, наразы, нарық, нысан, наурыз, нəр, нəресте, нама т.б.) молырақ енуі бұл процесті жеделдете түсті. Алайда сөз басындағы н дыбысының тұрақты сипатқа ие болуы əуел баста қайшылықсыз болған жоқ. Басқы позициядан н дыбысы қайсыбір сөздерде түсіріліп айтылады: недəуір – едəуір, немеурін – емеурін, нəмеңгер – əмеңгер т.б. немесе өзге дыбыстарға алмасып отырады: нəпақа – мəпақа, нану –шану, сену; нану
– илану, назым – [ылазым]лазым, нəпсі [ілəпсі] – лəпсі, ноғала – доғала, т.б. Бұл – қазақ тілі үшін өтпелі дəуір. Өйткені [н] дыбысынан бастала- тын шеттілдік сөздерді өзге дыбыстармен алмастырып айту немесе сел- беспелі дауыстымен айту бұл кезде байқалмайды деуге болады. Сөз ба- сында консонанттардың жұмсалу эволюциясына қарағанда, л, р дыбыс- тарының да сөз басында қолданылу мүмкіндігі бар.
Бұл мүмкіндікке экстралингвистикалық фактордың да əсер етуі ықти- мал. «Тарихи тұрғыдан қарағанда протеза құбылысын түркі тілдері үшін революцияға дейінгі кезеңге тəн деуге болады, ал қазіргі кезде бірқатар орыс сөздері мен терминдерін игеруге байланысты түркі тілдерінде- гі сөздің бас шені өзгеріске ұшырап, протеза бірте-бірте азая түсті (ең алдымен орфографияда). Бірақ көнеден келе жатқан тұрмыс-салтқа бай- ланысты мықтап орын тепкен ауыс-түйіс сөздерде протеза құбылысы сақталып отырады» [39, 281 б.].
Р, л дыбыстарының сөз басында қолданылу мүмкіндігінің кеңеюі созылыңқылығы біршама қысқа қысаң дауыстының [ырақым] рақым, [ыразы] разы, [ілебіз] лебіз, [ылашын ] лашын редукцияға ұшырауы ба- рысында жүзеге аса бастауы ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: |