Байланысты: Қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері
Дара жəне қосар дыбыстардың орфографиялануы. У, и əріп- терімен жазылып жүрген ту,су,бутəрізді сөздерді тұу,сұу,бұудеп жазу керек пе? - дейтін сұраумен байланысты түсіндіруді қажет ететін түйінді мəселелердің бірі. Бұл жерде сүйенетіміз: Тағылым, Дəлел, Уəж. Осы- ларға сүйеніп, бір тоқтамға келдік. Тағылымға, дəлелге, уəжге тоқталма- сақ, жазу реформасы бітіспес айтыс алаңына айналар еді.
Əуелі сөзді тағылымнан, өмір тəжірибесінен бастайық. А.Байтұр- сынұлы кезіндегі төте жазуда қиын, тиын, ит, киім деп те, қыйын, тый- ын, ійт, кійім деп те жазған. Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, педагог-қаламгер Жүсіпбек Аймауытов:
«Мен педтеқникум бітіретін жігіттерге бастауыш мектепте қыс бойытəжірибесабағынбергізіпкелемін.Сондағыменіңкөзімжеткені: бірқысоқып,хаттанығанеңзерекдегенбалалар«у»мен«и»-дыдұрыс жаза алмайды. Олар сұу, асұу, тұу, татұу, биле, ине, бие, сила... деп жазады. Бірінші кластың ең тəуір оқитын балаларына жазғызып көрдім. Мысал үшін Егем Алданазарұлы деген баланың жазғанын оқып көрсе- тейін: табу, тұу, ине, бие, биле. Бұлар білмеген соң, емлеге ең жетік деген кластың тағы бір Жайық Жанəліұлы деген балаға жазғыздым. Оныңжазғаны:сұу,асыу,табыу,татыу,тұу,біие,ине,иə,биие,сила. Бұл«ұу»-лардыдұрысжазғанмен,«и»-гекелгендебіресежалғызи,біре- се ы+и деп шатастырады. «Сұу»-да «ұ» жазып, «асыу»-да «ы» жазған себебін сұрағанымда, «ы» естіледі деп айтады. Сондықтан жаздым, - дейді. Міне, үш жыл оқыған бала əбден көзі қанғандықтан, мұғалімнің сөзіне нанғандықтан, «ұу»-дың жазуын əрең біліп, «и»-дің жазуын біле алмай отыр. Бұларды оқытқан – дыбыс əдісіне жетік, тəжіри- белі мұғалім. Ол ол ма? Үш жыл оқыған бала түгілі, 8 жыл оқып, пед- теқникумды бітіріп, ертең өзі оқытқалы отырған, оқытып жүрген жігіттердің өзі «сыйыр»-ға неше «ы» жазылатынына əлі күнге дау- ласады. Бұл не?» - деп қосар дыбыстарды бір əріппен таңбалауды жөн санаған.
30-жылдардағы латында да солай:тұудеп те, тудеп те жазылды. Ки- рилше жазуда, 1957 жылғы ережеге дейін тұудеп те, тудеп те жазылған болатын. Осы қиындықтан тағылым алуымызға болады.
1957 жылғы Ережеден кейін бұндай ала-құла, əрі-сəрі жазу бірізге түсті. Егер ережеде кемшілік болса, осы күнге дейін ала-құлалықтан ары- ла алмай жүрген болар едік. Қай газетті алып қарасақ та, у, и əріптерінің жазылуынан кеткен қатені көрген жоқпыз. Егер өмір сынынан өткен тəжірибеден тағылым алмасақ, күні ертең-ақ баяғы ала-құлалық қайта- ланбай қоймас. Тағылымға тоқтамасақ, тағы да тайғақ кешуде жүреміз. Тағылым дейтініміз осы.