-ль тəрізді жіңішке дауыссыздармен келеді. Қазақ тілі дауыссыздарының жуан/жіңішке инварианттары жоқ. Айтылымда дауыссыздардың жуан/ жіңішкелігі дауыстылардың жуан/жіңішкелігіне байланысты. Альт, аль- тернация, альфа, альтиметр, факультет, фольклор, вальс, ансамбль тəрізді едəуір терминдік атауларда дауыссыз дыбыстардың жіңішкелік тұрпатын дауыстының билігімен жазу тиімді болып табылады. Мыса- лы: ált, álternatsıa, álfa, áltımetr, fákýltet, fólklоr, váls, ánsambl т.б. Өйткені, А.Байтұрсынұлы айтқандай, дауыссыздардың жуан-жіңішкелігі дауыс- тылардың билігінде болады.
Ь белгісімен жазылған сөздердің емлесі жеке қарастырылады. Себебі ь белгісі əрдайым түсіріліп жазылмайды, кейде орнына қосымша и немесе е дыбыстарының қажеттілігі байқалады. Мысалы, барьер - barıer (barer emes), интерьер - ınterıer (ınterer emes), рельеф - relıef (relef emes), пьеса
- pıesa (pesa emes), курьер - kýrıer (kýrer emes).
Бильярд, коньяк, итальян, фортепьяно сияқты сөздерде «ь» белгісі- нен кейінгі я латыннегізді əліпбиде ıа əріп тіркесімен таңбаланады. Мы- салы, билиард - bılıard, италиан - ıtalıan, фортепиано - fortepıano.
Ст дауыссыздарының сөз аяғында келуі қазақ тілінің дыбыстық заңымен үйлесе қоймайтыны белгілі. Мысалы, анархист, социалист, журналист, коммунист, формалист, манифест т.б. қоғамдық-саяси, ғылыми терминдер идеологиялық қысым бойынша орыс тілінің емле ережесімен жасалды. Бірақ қосымша жалғанғанда анархиске, социалиске, журналиске, коммуниске, формалиске, манифеске делініп, қазақ тілі- не біршама икемделеді. Дегенмен бұндай терминдерді anarhıs, sosıalıs, jýrnalıs, kommýnıs, formalıs, manıfes, ensıklopedıs, programmıs, separatıs, everes деп, тіл заңдылығына толық икемдеп жазу тиімді болмақ.
лл, сс, мм дыбыстар тіркесіне біткен сөздердің бір сыңары түсіріліп жазылады. Сонымен қатар, класс, металл, прогресс, грамм, берилл, масс-медиа, конгресс-холл, пресс-релиз т.б. атаулардың да орфография- лануын ережеде қайта қарау керектігі – сөз аяғының «геминант» дыбыс- тарға аяқталуы қазақ тілінің дыбыстық заңымен сəйкеспейтіндіктен, бо- лашақ ережеде бұндай терминдер клас - klas, метал - metal, прогрес - progres, грам - gram,берил - berıl, мас-медиа - mas-medıa, конгрес-хол - kongres-hol, прес-релиз - pres-relız түрінде орфографиялануы қажет, өйт- кені сөздің жазылуын «қызметсіз» тұрған басы артық əріптерден арылту- ды орынды деп есептейміз.
Сөз аяғында [б] [г] дыбыстары қолданылмайды, сондықтан штаб, клуб, педагог, демагог т.б. атауларды штап, клуп, педагок, демагок деп орфографиялау қажет деген пікір орынды болып саналмайды. Дəстүр бойынша бұл типтес сөздер қосымшалармен түрленгенде: штабы, клу- бы, педагогі, демагогі т.б.түрінде жазылады.
Сонымен бірге, жарнамаларда, ресми қолданыстарда цитаталық принцип бойынша жазылатын шетелдік брендтердің атаулары (то- йота, нокиа, айфон, самсунг т.б.) ортологиялық құралдар (сөздіктер, анықтағыштар) арқылы реттелуі керек. Сол сияқты, коммуникативтік қа- жеттіліктен туындаған уик-энд, сэкондхэнд, респект, инстаграм, фейс- бук, лайк, гугл, блогер, гаджет, веб-сайт, пиар, хостел, френд, шопинг, сондай-ақ жеміс-жидек, тағам атаулары – фаст-фуд, фишбургер, манго- стин, маракуйя, артишок, питахайя, папайя), PhD докторант, VIP-зал, онлайн, офлайн, веб-сайт - Web-сайт, PR (пиар) т.б. сөздердің жазылу нормасы да ортологиялық құралдар арқылы реттеліп отыруға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |