«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып


«Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» бөлімі бойынша жиынтық



бет16/17
Дата06.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#72059
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

«Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» бөлімі бойынша жиынтық

бағалау


Тақырып Дискретті кездейсоқ шамалар
Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары
Оқу мақсаты 10.3.2.10 Дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың
анықтамаларын білу және оларды ажырата алу
10.3.2.11 Кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құру
10.3.2.13 Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептеу
10.3.2.14 Дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептеу
10.3.2.15 Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын қолданып, есептер шығару
Бағалау критерийі Білім алушы:

  • Дискретті кездейсоқ шамаларды анықтайды

  • Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептейді

  • Дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясын есептейді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма

  1. Дискретті кездейсоқ шамаларды таңдаңыз. (3 жауапты таңдаңыз) (a) Мектептегі 10-сынып оқушыларының бойларының ұзындығы.

    1. Мектептегі 10-сынып оқушылар салмағының бүтін килограммға дейінгі жуықталған мәні.

    2. Теннис ойынындағы ұпайлар саны.

    3. Жауын шашын мөлшері.

    4. Жанармай құю станциясындағы автомобильге құйылған бензиннің көлемі.


  1. Асылбек мектептің футбол құрамасының үздік ойыншыларының бірі. Бүгінгі ойында оның 0, 1, 2 немесе 3 гол соғу ықтималдығы сәйкесінше 0,25, 0,35, 0,25 және 0,15.

Х – кездейсоқ шамасы соғылған голдардың саны ретінде анықталады. а) Х-тің ықтималдық үлестірім кестесін құрыңыз.

    1. Бүгінгі ойында Асылбектің 3-тен кем гол соғу ықтималдығы нешеге тең?

    2. Бүгінгі ойында Асылбектің гол соғуының ең ықтимал санын табыңыз.

    3. X кездейсоқ шамасының дисперсиясын есептеңіз.

    4. Осы құрамада ойнайтын басқа ойыншы Айбектің бүгінгі ойында гол соғуының математикалық күтімі 1,3, ал дисперсиясы 0,92. Нәтижелерінің шашыраңдылығы азырақ ойыншының есімін қанатша ( V ) белгісімен белгілеңіз.

А сылбек
Айбек
Жауабыңызды түсіндіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет