Алгебра пәнінен 7 сыныпқа арналған тесттер жинағы



бет2/12
Дата28.03.2023
өлшемі0,91 Mb.
#76930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Түсінік хат
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелеріне сәйкес еліміздің жалпы білім беретін мектептеріне арналған тесттер жинағы құрастырылып ұсынылды. «Алгебра-7» оқулығындағы материалды оқып үйренудің үлгі-жоспарына сәйкес дайындалған. 7сыныптарға арналған математикаға тест бойынша дайындық математика пәнін тереңдетіп оқытуға негізделген.
Тест жинағы оқушылардың математикадан алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады.Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді.Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді, яғни тест, әр бөлімді тиянақтап, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Сонымен қатар тарауды қайталау барысында оқушылар материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін қолдануға болады.
Жалпы тест жинағы 7 сынып курсы бойынша белгілі бір тарауларды игергеннен кейін оқушылардың білімін тексеру мақсатында А,В,С деңгейлік тапсырмалар берілу арқылы ащық тест,жабық тест, сәйкестендіру тест және толықтыру тесті бойынша құрастырылды. Мысалы толықтыру тестісінде 15 есептен берілген.Алғашқы 1-5 есебі А деңгейі,6-10 есебі В деңгейі,11-15есептері С деңгейі есептерімен құрастырылып,ал сәйкестендіру тестісінде әр деңгейге 8 есептен І,ІІ нұсқа ұсынылып отыр.Ашық тестісі бір нұсқадан 20 есептен құрастырылса,жабық тест екі нұсқадан 5 есептен және қосымша есептен құрастырылды. Мұғалімдерге тарауды қорытындылау кезінде,оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында қолдануға арналған. Оқушыларға тарауды қорытындылау кезінде қолдануға, оқушының өз бетімен ізденуіне, шығармашылыққа, өз білімін өзі бағалауына мүмкіндік береді.

4

Мақсаты:


- Оқушылардың математикалық білімге қызығушылығын, ынтасын арттыру. Математикалық мәдениетін көтеру.
- Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,білімін тереңдету.
- Оқушылардың практикалық дағдысын дамыту, творчестволық қабілетін арттыру.
- Оқушылардың тапқырлық, алғырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
Міндеттері :
- оқушыларда берілген тақырыптар бойынша формулаларды есте сақтау ұғымын қалыптастырады ;
- шығармашылық іздену әдістерін іріктеуге , талап-ойлауға ,есте сақтауға , ой-өрісті дамытуға , күрделі есептерді шешуде кездесетін қиыншылықтарды жеңіп шығуға дағдыландырады;
- қосымша әдебиетпен жұмыс жасауды жүзеге асырады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет