«Қазақшаңыз қалай?» атты сайыс
Мақсаты:
мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білулерін дамыту. Білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру.
Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу.
Кіріспе сөз.
Орысшаға жорға болсаң не деймін,
Ағылшынша ағып тұрсаң е, мейлің.
Аппақ сүтін ақтамайсың анаңның,
Ана тілдің асырмасаң мерейін.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Тіл - халықтың жаны. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Әрбір адам өзінің ана тілін меңгеріп, ана тілінде еркін сөйлей білуі керек.
Ал, балалар, енді сендер бүгінгі ойынымыздың тақырыбын ашу үшін мына сұрақтарға жауап беріңдерші:
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? 42
2. Қазақ тіліне тән дыбыстар? Атап шық әіңғүұқөһ
3. Қазақ тілінде неше септік бар? 7
4. Зат есімнің сұрақтары қандай? Кім? Не?
5. Қазір қандай ай? маусым
Сонымен біздің тақырыбымыз қандай болды?
Шаттық шеңбері. Топқа бөлу. Молекула әдісі
Ал енді осы тұрған қалыптарыңмен топ болып отыра қалыңдар.
Қазылар орнықтырар әділдікті Кімдердің жауаптары кәміл шықты. Білім мен тапқырлықтың сайысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - деп әділ қазылар алқасын сайлаймыз. 3 әділ қазылар алқасы сайланады. Өтетін сайысымыз алты кезеңнен тұрады.
1 - кезең. «Сәлем – сөздің анасы». Топтар өздерін таныстырып өтеді.
2 - кезең. «Мақал – сөздің мәйегі» 3 - кезең. «Дода» (сұрақ-жауап)
4 - кезең. «Кім жылдам?» (шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау)
5 - кезең. «Әріптер сайысы» (тиісті әріппен сұраққа жауап бер)
6 - кезең. «Өнерпаз болсаң...» (үй жұмысы)
Төселген жазушы емес менің затым Көркемді жұмыс емес жазған хатым «Сергек ой – ер серігі» дейді қазақ, Салмақтап ел танысын ерлер атын – деп, І сайысымызды бастаймыз
І кезең «Танысу»
Сонымен, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер, «жүздің жүзін білгенше, бірдің атын біл» деген. Олай болса, сайысымыздың алғашқы кезеңі «танысу» болғандықтан, сөз кезегін командаларға берейік.
І-топ. «Жасқыран»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын.
Тобымыз біздің - «Жасқыран»
ІІ-топ. «Топжарған»
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің - «Топжарған»
ІІ кезең Мақал – сөздің мәйегі».
«Сөз мәйегі - мақал» дегендей, келесі кезекті мақал-мәтелге берейік.
Ендеше, кім Отан, тіл, достық тақырыбына байланысты мақал- мәтел білетін болса, айтуға болады. Кәне, кім бастайды.
ІІІ кезең «Дода».
Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Жылдам әрі дұрыс жауап берулері керек.
І топқа
1.Сан есімнің сұрақтары? 2. ҚР Мемлекеттік тілі? 3. Қыста не жауады? 4. Бір жылда неше мезгіл бар? 5. Күздің бірінші айы? 6. Қазақстанның астанасы қай қала? 7. Красивый сөзінің аудармасы? 8. Бір тәулікте неше сағат бар? 9. Наурызда пісірілетін басты тағам? 10. Қазақстан туының түсі қандай?
ІІ топқа 1. Сын есімнің сұрақтары қандай? 2. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? 3. Қыс айларын ата: 4. Қазақстан Республикасының президенті? 5. Көктем айларын ата: 6. Кошка сөзінің аудармасы? 7. Барыс септігінің сұрақтары? 8. Бір аптада неше күн бар? 9. –ның, -нің қай септіктің жалғауы? 10. Класс сөзінің аудармасы?
ІV кезең «Кім жылдам?»
Берілген шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау керек.
І топқа. Елтаңба, рәміздері, ту, Қазақстан, әнұран
ІІ топқа. Жерінде, ұлттар, Қазақстан, тұрады, көп
V кезең «Әріптер сайысы»
Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап беруі керек.
(а, е, т, о, с , ә, б, м, н, қ)
І топқа сұрақ.
1. Қазақ тілі пәні ұнай ма?
2. Досың кім?
3. Бір тәулікте неше сағат бар?
4. Бүгін қандай күн?
5. Сенің көзің қандай?
6. Жігіттер сырға таға ма?
7. Бала оқытатын адам?
8. Бос уақытыңда не істейсің?
9. Сүйікті мұғалімің?
10. Жасың нешеде?
ІІ топқа сұрақ.
1.Мақал білесің бе? 2. Есімің кім? 3. Сүйікті сабағың? 4. Мектеп мұғалімдері қандай? 5. Қар қай кезде жауады? 6. Алма тәтті ме? 7. Кім болғың келеді? 8. Адамдар неден қорқады? 9. Сыныбыңда неше оқушы бар? 10. Қандай қаланы білесің?
VІ кезең «Өнерпаз болсаң...»
Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталайық
«Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары кәміл шықты. Білім мен тапқырлықтың сайысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты», - дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.
Осымен, біздің сайысымыз аяқталды, жарысқа қатысушыларға көп-көп рахмет.
«Қазақшаңыз қалай?» танымдық сайыс
ІІ ауысым
Өткізген қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі:
Ж.А.Кулжумурова
Достарыңызбен бөлісу: |