тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 9-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
МАЗМҰНЫ
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
«Алгебра» пәні бойынша күтілетін нәтижелер 3
«Алгебра» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейі 4
Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 5
Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5
Модерация және балл қою 6
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 12
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 16
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 21
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Алгебра» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.
«Алгебра» пәні бойынша күтілетін нәтижелер
Білу:
қарапайым математиканың, статистиканың және ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарын;
комбинаторика ережелерін;
ықтималдықтың геометриялық және статистикалық анықтамаларын;
қарапайым математиканың негізгі формулаларын;
нақты сандармен есептеу амалдарын;
функция түсінігі, оның қасиеттері мен графигін;
алгебралық теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу тәсілдерін білу;