Алгоритм ұғымы, қасиеттері, бейнелеу түрлері. Алгоритмнің құрылымы

Дата19.10.2023
өлшемі2,1 Mb.
#119357
түріНұсқаулар
Байланысты:
Лекция 1 Алгоритм

Алгоритм ұғымы, қасиеттері,

бейнелеу түрлері.

Алгоритмнің құрылымы

Егер қандай-да бір есепті шешу үшін бір бағдарламалау тілінде бағдарлама жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек. Алгоритм ұғымы информатикадағы негізгі іргелі ұғымдардың бірі.

Алгоритм - алға қойылған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін түсінікті де нақты ережелер бойынша орындаушыға жинақы түрде берілген реттелген нүсқаулар тізбегі.
Алгоритмнің қасиеттері:
1) Алгоритмнің дискреттілігі. Ақпаратты өңдеу процесі ретімен жазылған жеке нұсқаулардан құралған тізбектен тұрады.
2) Алгоритмнің түсініктілігі және анықтылығы.
Алгоритм жалпы түрде қабылдаған символдарды, алфавитті пайдаланып жазылуы тиіс. Бұл қасиет, алгоритмнің әрбір ережесі анық, бірмәнді және ешқандай күмән туғызбауы керек. Алгоритмнің орындалуы ешқандай қосымша нұсқау немесе есептер туралы мәлімет қажет етпейді.
3) Алгоритмнің жалпылығы. Алгоритмнің көмегі арқылы тек бір ғана есепті шығаруға емес, сонымен катар соған ұқсас есептер жиынын шығаруға болады.
4) Алгоритмнің нәтижелігі. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижелі болуы тиіс.
Алгоритмді жазудың түрлері:
1. сөзбен
2. блок-схема
3.алгоритмдік
Алгоритмдік тіл  - алгоритмді жазуға
арналған тіл.
Оның алфавиті, синтаксисі, семантикасы болады.
Алфавит - тілдегі символдардың жиынтығы.
Синтаксис - алгоритмді жазу ережесі.
Семантика - сөйлемнің дұрыс құрылуы.
Алгоритмнің жазылуының жалпы түрі:
алг <алгоритм аты> (<айнымалылар мен олардың типтерінің тізімі>)
арг <аргументтер тізімі>
нәт <нәтижелер тізімі>
басы <көмекші айнымалыларды енгізу>
<Бастапқы мәнге меншіктеу>
<Алгоритмге сәйкес әрекеттер тізбегі>
шығару <баспаға берілгендерді шығару>
соңы
Мұндағы алг, нәт, арг, басы, соңы, шығару сөздерін қызметші сөздер деп атайды.

Алгоритмдерді графикалық тәсілмен құру екі МЕСТ (ГОСТ) сәйкес орындалады:

  • МЕСТ 19.002-80, ИСО 2636-73. халықаралық стандартына сәйкес келеді. Блок-схемаларды құрастыру ережелерін реттейді.
  • МЕСТ 19.003-80, ИСО 1028-73 халықаралық стандартына сәйкес келеді. Графикалық примитивтерді қолдануды реттейді.

Алгоритм құрылымына қарай 3 түрге бөлінеді:

Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.

Тармақталған алгоритмдер. Алгоритмді орындау барысында берілген шарттың орындалуына немесе орындалмауына байланысты әр түрлі әрекеттер ұсынылады. Мұндай алгоритмдік құрылым тармақталған деп аталады.

Тармақталған алгоритмдер. Алгоритмді орындау барысында берілген шарттың орындалуына немесе орындалмауына байланысты әр түрлі әрекеттер ұсынылады. Мұндай алгоритмдік құрылым тармақталған деп аталады.

Циклдық алгоритмдер.Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процесті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдық алгоритм деп аталады.

Циклдық алгоритм блок-схемасы

Циклдық алгоритм блок-схемасы

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет