Бағдарламалау тілідегеніміз бағдарлама, қосымша, сайт жазуға арналған формалды ережелер тізімі. Егер қазақ тілі қазақ қазақтың әртүрлі сөздері арқылы бірін – бірі түсіну үшін пайда болса, онда бағдарламалау тілі электронды есептеу машинасы ( компьютер, телефон, смарт сағаттар, фотоаппараттар, т.б. ) мен адамның әртүрлі командалар арқылы бірін – бірі түсінуі үшін қажетті тіл болып саналады. Python тілін көбіне сайт жасауда пайдаланады. Мысалы, YouTube сайты толығымен осы тілде жазылған.
Big Data, Machine Learning, Нейронные сети жұмыс жасағанда көбіне Python тілін пайдаланады. Мысалы, Tesla көлігінің автопилоты Python тілінде жазылған PyTorch кітапханасының көмегімен жасалынған.
Алгоритм түрлері Сызықтық алгоритм – уақыт бойынша ретімен бірінен соң бірі орындалатын командалар ( нұсқаулар ) жиынтығы. Сызықтық алгоритм қарапайым қадамдар тізбегінен тұрады.
Мысал ретінде “Мектепке бару” алгоритмін қарастырайық: Басы → Ұйқыдан тұру → Жуыну → Тамақтану → Киіну → Мектепке бару → Соңы.
Тармақталу алгоритмі – бұл алгоритмнің бірнеше альтернативті тармақтарына бөлуді жүзеге асыруға болатынын тексеру нәтижесінде кемінде бір шарты бар алгоритм. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if – егер , else – әйтпесе.
Алгоритм басы Тармақталған алгоритмнің блок – схемасы: Алгоритм басы → Шарт → Алгоритм соңы. Егер шарт ақиқат болса Оператор1 арқылы Алгоритм соңына келеді, ал егер шарт жалған болса Оператор2 арқылы Алгоритм соңына барады.
Шарт Оператор 1
Оператор 2 Алгоритм соңы
Жалған Ақиқат Python программалау тілінде тармақталу алгоритмі: import math print (‘екі бүтін санды енгізіңіз’) a = int(input()) #бірінші санды енгізу b = int(input()) #екінші санды енгізу if a > b : #шарт
max = a else :
max = b
print ( ‘үлкен сан’, max ) --------------------------------------