“Алгоритм тілінде баєдарламалау” пјнінен силлабус



бет4/5
Дата22.12.2023
өлшемі2,22 Mb.
#142882
1   2   3   4   5
Байланысты:
sillabus inzhenernaya matematika 2023-2024

6. Курс саясаты


Оқу курсы С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің академикалық саясатына сәйкес құрастырылған (сайтқа сілтеме: https://kazatu.edu.kz/ru/pages/obucenie/akademiceskaa-politika)
Академикалық талаптарды орындамау және сабаққа жөндеп қатыспау жағдайлары болатын жағдайларға назар аудару керек.
Осы пәнді оқу барысында оқытушы мен білім алушылар университетте қабылданған академиялық адалдық кодексін ұстануы тиіс:
https://kazatu.edu.kz/ru/pages/obucenie/akademiceskaa-politika (7-ші пункт).
Университеттің академиялық саясаты және білім беру процесіне қатысушылардың академиялық адалдық кодексі университет сайтында орналасқан. Білім алушыларға оқу тақырыптарын талқылауға тең мүмкіндік беріледі. Силлабуста көрсетілген оқу тақырыптары бойынша барлық білім алушылар сұрақтар қоюға және жауаптар алуға құқығы бар. Оқытушының тапсырмаларын орындау кезінде ойлау ерекшелігі, оқушылардың шығармашылық көзқарасы қалыптасады. Барлық білім алушылардан мінез-құлықтың мәдениетін сақтау, бір-біріне өзара құрмет көрсету талап етіледі. Ерекше білім алу қажетті болса, бар білім алушылар жеке оқу құқығын пайдалана алады.
7. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саясаты
Білім алушылардың оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық тәжірибе нәтижесінде қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар, кему шамасына қарай, "А"-дан "D" - ға дейін және "қанағаттанарлықсыз" - "FХ","F",) және дәстүрлі жүйе бойынша бағаланады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саясаты университет сайтының 9-тармағындағы академиялық саясатта ұсынылған талаптарға сәйкес келеді (сайтқа сілтеме: https://kazatu.edu.kz/ru/pages/obucenie/akademiceskaa-politika).
7.1 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері.

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың сандық бағаламасы

%-пайыздық
мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

Бағалау критерийлері

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А бағасы қойылған сұраққа толық, егжей-тегжейлі жауап берілген кезде, тұжырымдамалармен еркін жұмыс жасауда, оның маңызды және маңызды емес белгілерін, себеп-салдарлық байланыстарды ажырата білген кезде қойылады. Және т. б

А-

3,67

90-94

А- бағасы қойылған сұраққа толық, егжей-тегжейлі жауап берілген, объект туралы саналы білім жиынтығы көрсетілген, тақырыптың негізгі тұжырымы дәлелденген және жауаптарында теориялық және логикалық нақты құрылымы айтылған, пән аралық байланыс және осы пәнді түсінгені туралы білімін көрсете білсе және жауаптары әдеби тілде берілген кезде қойылады. Жауап беру кезінде анықтамаларда немесе тұжырымдарда қандай да бір мардымсыз қателіктер болулары мүмкін.

В+

3,33

85-89

Жақсы

В+ бағасы білім алушыларға қойылған сұраққа толық жауап берілген, тақырыптың негізгі ережелері дәлелденген, білім алушының жауаптарында жіберілген қандай да бір қателіктері оқытушының көмегімен түзетілген жағдайда қойылады.

B

3,0

80-84

В бағасы білім алушыларға қойылған сұраққа толық жауап берілген, тақырыптың негізгі мазмұны ашылған жағдайда, бірақ та кейбір тақырыптарды ашу кезінде, білім алушының жауаптарында жіберілген қандай да бір қателіктері оқытушының көмегімен түзетілген жағдайда қойылады.

В-

2,67

75-79

В - бағасы білім алушыларға қойылған сұраққа толық жауап берілген, тақырыптың негізгі мазмұны ашылған жағдайда, бірақ та кейбір тақырыптарды ашу кезінде, білім алушының жауаптарында жіберілген қандай да бір қателіктері оқытушының көмегімен түзетілген жағдайда қойылады.

С+

2,33

70-74

С+ бағасы білім алушыларға қойылған сұраққа толық жауап, бірақ та қойылған талаптарға жеткіліксіз және тізбексіз жауап берілген жағдайларда қойылады. Білім алушы формулаларда 1-2 қате жіберуі және анықтама, теоремаларды толықтай айта алмауы мүмкін.

C

2,0

65-69

Қанағат
танар-лық

С бағасы қойылған сұрақтарға толық емес жауап берілген жағдайда қойылады. Ұғымдарды ашуда, терминдерді қолдануда қателіктер жіберілді. Білім алушы тақырыптың негізгі мәнін өз бетінше анықтай алмайды. Білім алушы жалпыланған білімдерін нақтылай алады, бірақ та тәжірибелік сабақтарда негізгі ережелерді тек оқытушының көмегімен дәлелдей алады. Сөйлеу және түсіндіру манерасы түзетуді қажет етеді.

С-

1,67

60-64

С- бағасы қойылған сұрақтарға нақты да толық емес, тізбексіз жауап болған, анықтама, тұжырым, формулаларда айтарлықтай қателіктер болса, жауаптарында қорытынды, білімін тәжірибелік есептерді шығарғанда көрсете алмаған жағдайларда қойылады. Сөйлеу және түсіндіру манерасы түзетуді қажет етеді.

D+

1,33

55-59

D+ бағасы толық емес жауап берілген жағдайда қойылады. Тақырыпты түсіндіруі жүйесінде логика жоқ. Білім алушы теоремаларды дәлелдеу кезінде қиналады. Анықтамаларда, терминдерде, формулаларда көптеген қателіктер жібереді. Жауаптарында қорытынды жоқ. Сөйлеу манерасы сауатсыз. Қосымша сұрақтарға оқытушының көмегімен жауап береді.

D

1,0

50-54

D бағасы тақырып толық ашылмаған жағдайда және анықтама, теорема, формулаларда айтарлықтай көптеген қателіктер болған жағдайларда қойылады. Жауаптары үзілісті және сәйкес болмайды. Білім алушы осы пәннің басқа пәндермен байланысын түсінбейді. Сөйлеуі сауатсыз. Білім алушы оқытушының қосымша және нақтылайтын сұрақтарды қойған кезде де және модульдің (пәннің) басқа сұрақтарына да дұрыс жауап бере алмайды.



0,5

25-49

Қанағат
танарлықсыз

«қанағаттанарлықсыз» бағасы, 0 сандық бағасымен пайыздық мазмұны бар FХ, әріпі сәйкес келеді. Бұл баға, егер білім алушы бағдарламада көзделген негізгі материалды білудегі олқылықтары көп болса, модуль (пән) бағдарламасының жартысынан астамын меңгермесе, жауаптарында қателіктер жіберсе, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау жұмыстарында көзделген жекелеген тапсырмаларды орындамаса, бағдарламада көзделген барлық негізгі әдебиетті пысықтамаса, осы жағдайда қойылады.

F

0

0-49

Қанағат
танарлықсыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет