Бекіту сұрақтары:
Қорғаныстың криптографиялық әдістері және олардың жүзеге асуы қалай?
Криптожүйеге қойылатын талаптар қандай?
Симметриялық криптожүйелер дегеніміз не?
Ашық кілтті жүйелер дегеніміз не?
Дәріс 2. Электронды қол қою.
Мақсаты: Кілтпен басқару, кілттердің генерациясы, кілттердің жиналуы және кілттердің таратылуы туралы мағлұматтармен таныстыру.
Жоспар:
Кілтпен басқару;
Кілттердің генерациясы;
Кілттердің жиналуы;
Кілттердің таратылуы.
Мәліметтерді түп нұсқалау мәселесі неден тұрады? Қарапайым хат немесе құжат соңына орындаушы не жауапты тұлға әдетте өз қолын қояды. Мұндай әрекет әдетте екі мақсатты көздейді. Біріншіден, алушы өзіндегі үлгімен қойылған қолды салыстырып, хаттың ақиқаттығына көз жеткізеді. Екіншіден, жеке адамның қолы құжаттың автордікі екендігіне заңды кепіл болып табылады. Соңғы аспект әртүрлі сауда – саттық бітім – шарттарын бекіткенде, сенім хат, міндеттемелер құрғанда ерекше маңызды. Егер қағазға адамның қолын қою мүлде оңай іс емес, ал қазір қылмыстық әдіспен қолдың автордікі екені жасау – техникалық бөлшек болса, онда электронды қолдың ісі басқаша. Оны көшіре отырып қолды жасау немесе құжатқа заңсыз түзетулер енгізуді кез келген пайдаланушы істей алады. Қазіргі дүние жүзінде құжаттардың электронды формалары мен олардың өңделу құралдары кең таралуымен қағазсыз құжаттарды автордікі етіп жасау ерекше өзекті мәселе болады. Ашық кілтті криптографиялық жүйелердің бөлімінде шифрлеудің қазіргі жүйелерінің барлық артықшылығында олар мәліметтердің түпнұсқалануын қамтамассыз етуге жол бермейді. Сондықтан түпнұсқалау құралдары комплексте және криптографиялық алгоритмдермен пайдаланылулары тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |